Не ішесің? ң дыбысы мен әрпі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы
№28 «Ақбай » жалпы орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тойболова Жанат Куралбековна
| №28 «Ақбай» жалпы орта мектебі | Мұғалім: Тойболова Ж | |||||||||||
| Сынып: 1 «Б»- сынып | Күні: 14.04.2017ж | Пәні:қазақ тілі | Қатысқандар саны: 13
Қатыспағандар саны:0 |
|||||||||
| Сабақтың тақырыбы: | Не ішесің? ң дыбысы мен әрпі | |||||||||||
| Сабақ мақсаты: | Балаларды ң дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөз ішіндегі дыбыстың дауыссыз екенін ұғындыру. Ң дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.Балалардың бойында тағам мен сусын түрлерін ажырата біліп, пайдалы тағамдарды пайдалану қабілетін дамыту . Нақыл сөздер арқылы ұлттық тәрбие алу.Өз пікірлерін ашық жеткізе білу мен шығармашылық қабілеттерін арттыру. | |||||||||||
| Оқыту мақсаттары: | Барлық оқушылар: | |||||||||||
| Тағам мен сусын түрлерімен олардың пайдасы мен зияны туралы түсінді.Ң дыбысын меңгерді. | ||||||||||||
| Оқушылардың басым бөлігі: | ||||||||||||
| Ұлттық тағамдар мен сусындарды ажыратты.Ң дауыссыз дыбыс екенін меңгерді. Жаңа сөздер үйренді. | ||||||||||||
| Кейбір оқушылар: | ||||||||||||
| Сусын мен тағам түрлерімен танысып,түрлері мен құрамын ажыратады. ң дыбысын таниды. Сөздің басында келмейтінін меңгерді.ң дыбысын қатыстырып сөйлем құрайды.Тақырыпқа сай мақал- мәтелдер мен тақпақтар біледі. | ||||||||||||
| Бағалау критерииі |
“5”-күн “4”-бұлт «3»- тамшы |
|||||||||||
| Пайдаланған әдіс- тәсілдер: | Тәсілдер: жеке, жұптық,топтық жұмыс
Әдістер:«Мозайка», «Баспа машинасы», «Дұрысын тап», «Сәйкесін тап»,«Метаграмма »,электронды оқулық, «9 алмаз» |
|||||||||||
| Пайдаланған әдебиеттер мен көрнекі құралдар | Қазақ тілі 1- сынып Алматы кітап баспасы2016жыл оқыту әдістемесі
7.4 бөлім |
Электронды оқулықтар, суреттер,кәрзеңке,
«9 алмаз»,оқулық, дәптер, маркер, жайлау мен төрт түліктердің, жемістердің макеті, проектор, плакат, суреттер. |
||||||||||
| Модульдердің кірік-тірулері: | Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер,СТО, бағалау,АКТ, дарындыжәне талантты балаларды оқыту,оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқыту, оқытудағы басқару және көшбасшылық. | |||||||||||
| Сабақтың кезеңдері | Уақыт | Мұғалімнің іс- әрекеті | Оқушының іс- әрекеті | бағалау | ||||||||
| Кіріспе
Сәлемдесу |
2 мин | Сәлемдесу
Әнұран, сәлемдесуге арналған өлең жолдарын орындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру. Сабақтың бағалау критерийлері
-жақсы– орта–“5”-күн“4”-бұлт «3»- тамшы Жетістік критериімен танысу 1 Тағам, сусын түрлерін,пайдалы және зияндысын ажырата алады. 2.ң дыбысын меңгеріп сөздердің ішінен таба алады. 3.Мәтін құрап, қазақ тілінде еркін сөйлей алады. |
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде. Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнде. Күннің көзі ашылды, Көктен шуақ шашылды. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Қош келіпсіз ұстаздар Сәлеметсіздер ме! Оқушылар бағалау критерийімен танысады. Жетістік критерийімен танысады |
|||||||||
| Ынтымақ-тастық атмосферасын қалыптас-тыру. | 2 мин | Ынтымақтастық атмосферасын «Мозайка» әдісімен қалыптастыру.
Бесбармақ, палау суреттері. Осы суреттерді пайдалана отырып өткен сабаққа қайталау жасау. |
Топтық жұмыс
Берілген суреттерді құрастырып ,ұлттық тағамдарға түсінік беру. |
Суреттер | ||||||||
| І Білу
Үй тапсырма-сымен жұмыс |
5 мин | Өткен сабақтағы Үү дыбысына қайталау жасау.
“Баспа машинасы ”әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау. Мақал- мәтелдер мен жұмбақ, жаңылтпаштар айту. Сыйлап берсе, суын іш. Той тамағы – тәтті. Сыйласқанның суын іш. Тату үйдің тамағы тәтті. Ат – адамның қанаты, Ас – адамның қуаты Нан болса ойнап күлеміз, Нан болса – еркін жүреміз. Сорпа іштік, Сорпа ыстық. Сондықтан қорқа іштік. |
Топтық жұмыс
Берілген сұрақтарға жауап береді.Сурет бойынша сөйлемдер құрау. Тағам түрлеріне байланысты мақал- мәтел айтады.Жаңылтпаш айтып таза, жылдам сөйлеуге дағдыланады. Наурыз көже Наурыз келді тойлаймыз, Шаттанамыз, ойнаймыз. Дастарқан үсті сәнді екен, Наурыз көже дәмді екен. Нан Ерте тұрып таңнан, Пісірді апам ақ нан. Кетер емес әлі, Таңдайымнан дәмі. |
Суреттер | ||||||||
| Топқа бөлу | 2 мин | Сусындар арқылы топқа бөлінеді.
Алғырлар Тапқырлар |
Таңдап алған сусындар арқылы өз тобын табады. | сусындар | ||||||||
| Жаңа сабақ
ІІ Түсіну |
10мин | Аудио таспа тыңдау арқылы дауыс иесін табады,өзі білгенімен бөліседі.
Электронды оқулық пайдаланып «Ой шақыру» әдісі арқылы суреттер көрсетіп ашық сұрақтар қоям.Төрт түлікті дауысынан тауып,тақпақтар айтады.Қандай сусындар алынатыны туралы баяндап, жайлауға қарап сөйлемдер құрады. Сусындарға байланысты жұмбақтар жасырам. «Дұрысын тап» әдісі арқылы , берілген тағам, сусындарды пайдалы,зиянды тағамдарды 2 кәрзеңкеге бөліп салады. Сүт Май алады сүттен, Құрт алады сүттен. Сүт алады молырақ, Малын баптап күткен. Құрт Қатты құртты жейміз, «Дәмі қышқыл» дейміз. Салма артық күшіңді, Сындырасың тісіңді Түйе маған шұбат берді, Шұбат маған қуат берді. Кеспе қағаздарындағы тапсырмаларды тарату. Сөздікпен жұмыс Сәйкестендіру тапсырмасымен сабақты пысықтау. |
Дауыс арқылы төрт түлікпен танысады, тақпақтар айтады.Төлдерден қандай сусындар алатынымыз туралы айтады.
Сусын түрлерін тауып оның дайындалу жолдары мен пайдалы тұстары туралы айтады.Сол тапсырманы орындау арқылы жаңа сабақты таниды. Сусындарға байланысты жұмбақтардың шешуін табады. Төрт түлікке байланысты тақпақтар айтады. Қой Қорасында маңыраған, Қозысымен жамыраған. Қозысынан ажыраса, Қоймай ұзақ аңыраған. Аппақ қою сүті бар, Ақ шағала құты бар Ақтылы қой жануар! Ешкі Ешкі қойды бастаған, Қойды артына тастаған. Ешкі деген жануар, Соса саны қалақтай, Сауса, сүті бұлақтай, «Баста» десе бастаған. Тастан- тасқа секіріп, Ойнағанын қайтерсің. Ойсыл қара Шаруаның бір пірі ойсыл қара, Түйені өсір жарылқап, болып пана. Ит- құс,пәле,бәледен аман сақтап, Топ-топ қылып боталар,аруана. Қамбар ата Шаруаның бір пірі- қамбар ата, Тілегенге өзің бер ақтан бата. Үйір- үйір жылқыны шұрқыратып, Ойдан- қырдан арқансыз әкеп ата. Зеңгі баба Шаруаның бір пірі- зеңгі баба, Сиыр берсең сүтті бер өңкей мама. Кең өріске шұбыртып өзің бағып, Кешке жақын қотанға әкеп қама. Шопан ата Шаруаның бір түрі Шопан ата, Келтірмей қу,пір ата қойға шопан. Қойды аңдыған бәленің бәрі құрып, Бықпырт тиіп үні өшсін қасқыр апан. Сек- сек ата Жауын жауса бақырған, Ешкі атасын шақырған. Өрісте өскен жануар, Шөкетайым қайдасың, Шөре- шөре. Кеспе қағаздарын белгілейді |
|||||||||
| Сергіту сәті | 2 минут | Өлеңді айтып, дене қимыл жаттығуын жасайды, жауабын айтады. | сурет | |||||||||
| ІІІ Қолдану
Жаңа сабақты қолдану |
15мин | Электронды оқулық тыңдап,жаңа дыбыспен танысады.Жалпы әліпбиді қайталау жасау.
Оқулықпен жұмыс Ң дыбысынан келетін сөздермен танысып,жазылу барысымен танысады. Ауада жазу әдісін пайдалана қолдарын жаттықтырады. Дәптермен жұмыс Ң дыбысын, сөздерді дәптерлеріне жазу. «9 алмаз» әдісі арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып,дауысты,дауыссыз екенін анықтау,сөз айтып, дыбыстық талдау жасайды. |
Электронды оқулық, кеспе қағаздар,тілек ағашы,суреттер,оқулық, дәптер. | |||||||||
| ІҮ Талдау
Қортынды |
2 мин | Ал, олай болса балалар бүгінгі сабағымыз дастарқан мәзіріне байланысты болғандықтан «бата» тілекпен қортындыласақ. | Бата тілек
Бата, бата,батпасын, Бата жерде жатпасын. Осы отырған бәрімізді, Бір құдайым сақтасын. Дастарқанның молдығын, Деннің саулығын берсін. Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын. |
|||||||||
| Ү Бағалау | 2мин | “5”-күн
“4”-бұлт «3»- жаңбыр |
Бағалау парақшасындағы бағалау шкаласымен әр тапсырмада топ басшысы топты бағалай отырып соңғы балын жасайды.? | Бағалау парақшасы | ||||||||
| Кері байланыс | 2мин | Берілген парақшаға қалаған тұсына қоңызды жапсырады. | Қоңыз, парақша | |||||||||
