Тіл тазалығы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,

С.Бегендікұлы атындағы № орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Бегендикова Танжарык Тыныштыковна

Абайдан кейін де қазақ әдеби тілін шұбарламау тыйылмайды. Тіл тазалығын сақтау үшін Ахмет Байтұрсынов қазақ тілі ғылымын жасауға ден қойса, Мағжан Жұмабаев өз поэзиясының тілін ұлттық негізінен, тіл тазалығымен, халқымыздың аса қымбат, асыл мұрасы тіл екенін идеясын жеткізді.

«Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілін сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау». Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, халыққа түсінікті сөздерді ашу. Бас жоқ, көз жоқ, озық екен деп өзге тілдерге жармаса берсек, ана тілдің қайда кеткенін білмей қалу үстіне, ойымыз да тұтқырланбақ. Сондықтан не тілден аударсақ та, ең әуелі өз қаржынымызды қарастырайық. «Қазақ тілі – бай тіл». Тек іздене білуге тиістіміз». Тіл тазалығын сақтауға қатысты бұл шартты Мағжан Жұмабаев берік қолданды деуге толық негіз бар. Оған Мағжанның жүрегінен туған туындылар куә. Біз де ақын пікірін, қуаттай отырып, ана тілін біз сақтасақ, ана тілі бізді сақтайды деп ой қорытамыз. Жасалған әдебиет тілінің өзін насихаттауға мүмкіндік аз еді.

Бүгінгі таңда елімізге әдеби тілі бай, білімді және өнерлі жан – жақты дамыған жастар керегі сөзсіз. «Өнер алды – қызыл тіл» – деп ата – бабаларымыз сапалы сөзді сары алтынмен тең бағалап, сөздің моральдік – эстетикалық қасиеттерін айқындай түсіп, ұрпағының сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі, өнерлі болуынмақсат екен. Тілді халықтың өмірінің айнасы, мәдениеті мен ақыл-ойының алтын қоймасы деп қараған. Өнерді өрістету, сөздің құдіретті күшін қадірлеу, әнші, күйші, суретші ақын тағы басқа да өнер иесі адамдарының жақсы қасиеттерін құрметтеуде оқушыларыммен өткізген өнегелі, өнерлі отбасымен танысу керек.

Тіл дамыту бірінші мен екінші сыныпта оқытылатын қазақ тілі пәніне арналған бағдарлама фонетика, грамматика, емле және тіл дамыту салаларын қамтиды. Мұның өзі оқушыларды түсініп оқуға, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйретуді көздейді. Жас ерекшеліктеріне лайықты мағлұматтар береді. Оқушылардың тілін байытып олардың сөйлей білуге ынтасы мен оқуға деген сүйіспеншілігін арттырады.

Педагогика тіл біліміне тікелей қатысты, өйткені тіл – қоғамдағы құбылыс, қоғамдағы адамдардың қарым – қатынас құралы. Сондықтан тіл ең алдымен қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты, ұлт мәдениетімен байланысты. Тілдегі грамматикалық нормаға сай етіп сөз тіркесін сөйлемге енгізу. Әдеби тіл нормасына сәйкес түрде сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтай отырып қолдану. Орыс тілін ана тілі ретінде оқыту тәжірибесінің заңдылықтарын зерттеген Л.П.Федоренко оқушылардың тілдік сезімін дамыту. Халықтың іс – тәжірибесінен түйінделген даналықтың жемісі. Мақал – мәтелдер, жұмбақтар әр кезеңде ата – бабадан ұлағатты сөз, парасаты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Олар – көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны кең, ойы терең, тілі өткір де бай мұра. Тіл өнері, сөз қадірі туралы мақал – мәтелдердің де үйретері мол.

Тіл қылыштан өткір.

Ойнап сөйлесең де,

Ойлап сөйле – деп тегін айтылмаса керек.

Жұмбақтың осындай тілдік ерекшеліктерін балаға анықтап жеткізе білу, туған тілінің байлығын сезінуіне, тілдік қолданыс ерекшеліктерін тану, сөз сақтау, сөйлеу мәдениетін үйрену мен мәнерлі етіп жеткізе білуіне, шығармашылық қабілетін өсіру. Баланың ойлау қабілетін дамытатын, танымын кеңейтетін тамаша үлгінің бірі – жұмбақ.

Менің түсінігімде мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқыту балабақшалар мен мектептерде дұрыс жолға қойылуы тиіс. Сонда ғана Абылай, Абай, Мұхтар, Ахмет сияқты ғұламалар сөйлеген тілімізді мәңгі өмір сүрмекші. Қазақ балаларына өз халқын, өз тілін қастерлейтіні туралы анық айтқан жөн болар.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше