Қазақтың ұлттық ойыны: «Ханталапай»
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт – Шевченко қаласы МКҚК “Айгөлек” балабақшасының тәрбиешісі
Санбаева Гүлнар Әбдіреймқызы
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны: «Ханталапай»
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балалардың жас ерекшелігіне байланысты логикалық ой жүйесін дамыту, жылдам шешім қабылдауға баулу, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті бойына дарыту, салт – дәстүрлерді насихаттау.
Міндеттері:
– Балалардың дағдыларын, танымдық белсенділігін арттыру;
– Топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
– Балаларды белгілі ережеге бағынуға, мақсатына жетуге, табандылыққа тәрбиелеу;
– Ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің ерекшелігін айқындау;
– Отанына, еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру
– салауатты өмір салтына баулу.
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап
Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Ұлттық ойындармен таныстыру
Ойынға қажетті заттар: – Ұлттық нақышта безендірілген ойын бөлмесі;
– оюлы текемет, сырмақ, алаша,
– қой малының асықтары,
– ұлттық оюмен өрнектелген қоржын,
-алдын-ала дайындалынған тапсырмалар
Ойын ұйымдастыруға бөлінетін уақыт – 3 минут:
– ойын ережесімен таныстыру;
– балаларды шеңбер тәрізді отырғызу;
– балалардың көңіл – күйін ойынға бейімдеу;
– ойын басталғанын жариялау.
Ойынды жүргізуге бөлінетін уақыт – 20 минут.
Ойынға қатысушы балалар:
(9 бала қатысады)
Балаларға Компьютермен, Асық ойынының тигізер әсері.
| Компьютерлік ойындар | Асық ойыны |
| Баланың жүйке жүйесін тоздырады | Ойлау қабілетін дамытады |
| Бойына тұйық мінезді қалыптастайды | балалармен тез тіл табысуға үйретеді |
| Қан айналымын бұзады | Денені шынықтырады |
| Жүрек- қан тамырларының жұмыстарын баяулатады | Қан айналыммен тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады |
| Көздің көруін нашарлатады | Көз қашықтан көруге қалыптастырады |
| Бойдың өсіуіне керіәсер етеді | Бойдың жылдам өсуіне көмектеседі |
| Тері тітіркеніп бөрітпелер пайда болады | Таза ауада тері жасушалары ашылып ағза тынығады |
| Қызмет түрі | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
| Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Шаттық шеңбері
Ата- баба салтымыз Аман болсын халқымыз Көңіліміз жадырап Жүрейік аман бәріміз – Балалар қазір жылдың қай мезгілі? – Көктем мезгілінде неше ай бар? – қане кім айтады қандай айлар? – Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? – Балалар көктем мезгілінде , тіршілік әлемінің барлығы оянып, күн ұзарып, түн қысқара бастайды, сонымен қатар көктем мезгілі той-томалаққа толы мезгіл. Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр? – Балалар сендер қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер ме? – Қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? – Дұрыс айтасыңдар балалар, қараңдаршы, мен сендерге мына қоржын толы асықты жинап әкелдім. -Біз қазір «Ханталапай» деп аталатын қазақтың ұлттық ойынын ойнаймыз. Ол үшін бізге көп асық және бір қызыл түске боялған асық керек. Бұл қызыл асықты «хан асығы» деп атаймыз. Балалар, сендер асық атауды білесіңдер ме? -Асық атауларын – бүк, шік, тәйке, алшы – деп атайды. -Балалар мен сіздерге ойында сәттілік тілеймін! Ойын шарты: «Талапай – ау, талапай, табылды ойын алақай» – деп, қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады. Балалар жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып, бөліп алады. Жинаған асықтардың ішінен әр бала ойынға бес асықтан тігіп,ойынға қатысады. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы болып ойынды бастап асықтарды атады.тигізген асықтарын ұтып алады.Тигізе алмай қалғанжағдайда,ойын жүргізушінің тапсырмасына жауап береді.Тапсырмаға дұрыс жауап берген бала асық атуға мүмкіндік алады. Екінші рет тигізе алмаған жағдайда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса , басқа балалардың жауап беруіне болады. Тапсырмаға дұрыс жауап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады. Ойын соңында әр бала ұтқан асықтарын санайды. Қорытындысында өзінің ептілігімен,тапқырлығымен, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, білімімен көп асық жинаған жеңімпаз балалар марапатталады. Балаларға ойын шартын түсіндіріп, ойын алаңына шақырады. – Балаларға қойылатын сұрақтар: -Жеті атаны білесің бе? -Қазақтың ұлттық ойындарын ата? -Жеті қазынаны ата? -Төрт -түлікті ата? -Қазақтың ұлттық аспаптарын ата? -Қазақтың ұлттық киімін ата? -Қазақтың ұлттық тағамын ата? -Қазақ халқының тәрбие құралының бірі-тыйым сөздер: білесіңдерме? -Қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарын білесің бе? «Мақал- мател» білесіңдер ме? Тәрбиеші балалардың ойынды кезектесіп ойнауын қадағалайды |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қимылмен айтады.
Көктем мезгілі Көктем мезгілінде үш ай бар, Наурыз, Сәуір, Мамыр Күн жылына бастайды, құстар жылы жаққа ұшып келеді, ағаштар бұршік жарады . -8- наурыз Аналар мерекесі – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Иа – Арқан тарту, білектесу, асық ату, көкпар тарту, теңге алу иа – «Талапай – ау, талапай, табылды ойын алақай» – деп . Балалар жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып, бөліп алады. Жинаған асықтардың ішінен әр бала ойынға бес асықтан тігеді. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы болып ойынды бастайды. балалар асықты ату арқылы мергендік танытып, асық жинайды. -балалар асықтарын тізіп ойын ойнайды. Ойыннан көріністер: -1.Бала, 2.әке, 3.Ата, 4.немере, 5.шөбере, 6.шөпшек, 7.немене. -Асық ату. Қыз қуу, Арқан тарту, білектесу, көкпар тарту, теңге алу -1.Ер жігіт, 2.Сұлу әйел, 3.Ақыл,білім,4.Жүйрік ат 5.Қыран бүркіт, 6. Берен мылтық 7.Құмай тазы. -Түйе, Сиыр, Жылқы, қой. -Домбыра, Қыл қобыз, Саз сырнай, Жетіген т.б – Тақия, Шапан, Сәукеле, Камзол, Кимешек, -Бауырсақ, Бешбармақ, қазы –қарта, жал –жая -Үлкеннен бұрын сөйлеме -Дастарқанды, тамақты баспа. -Бос бесікті тербетпе -Орынсыз күлме т.б – Сырға, сақина, шаш бау, шолпы,білезік -Әкеге қарап ұл өсер, Анаға қарап қыз өсер. Отан, оттанда ыстық Білімді- мыңды жығады, Білекті –бірді жығады, Оқу инемен құдық қазғандай т.б Балалар «Ханталапай» ойынын асық атумен жалғастырады. |
| Рефлексивті
корекциялаушылық |
Ойынды қорытындылау.
-Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі «Ханталапай» ойынында барлығыңда ұйымшылдықпен өте жақсы атсалыстыңдар. – “Қазақты танимын десең дәстүріне қара “- демекші, бүгінгі “Ханталапай” ойынымызда өз мәресіне жетіп қалды. ептілігімен, шапшаңдығымен, білімімен, тапқырлығымен, көзге түскен балаларды – «Алғыр бала», «Мерген бала», «Зерек бала», номинациялары бойынша марапаттайды. Марапатталған балалар: Алғыр бала: Орынбасар Азамат Зерек бала: Амангелді Темірлан және қатысқан «Тамшалы» тобының тәрбиеленушілеріне Алғыс хат берілді. Балаларға естелікке Асығың алшісінен түссін! деп барлық балаға асық ұсынылды. -Ойын барысында →көздеп тигізу →сақа иіру→ Секіру → Иілу → Жүру→Жүгіру бала үнемі қозғалыста жүреді. Тәрбиелік мәні-ептілікке,-мергендікке,-дәлдікке баулу,-шапшаңдыққа,-сергектікке баулиды. Асық ойыны- түгелдей қозғалыс -Баланың он екі мүшесі,бұлшық еттері толық қозғалысқа түседі. Асықтың атып ойнайтын түрі үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Балалар сіздерге көп-көр рахмет Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай» ойынына қатысқандарыңызға |
Балалардың көңіл-күйі қуанышы
Жеңімпаз балалар ортағы шақырылды Балалар мұқият тыңдайды |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Ұлттық ойын түрлерін біледі.
Игерді: ханталапай ойынын,
Үйренді: Дәлдеп атуды Шапшаңдықты, ептілікті, мергендікті
