«Елін сүйген – елі сүйген- Елбасы!»

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт – Шевченко қаласы МКҚК “Айгөлек” балабақшасының тәрбиешісі

Санбаева Гүлнар Әбдіреймқызы

«Тамшалы» ересектер тобы

Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық

Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, К. Әдебиет, Музыка

Тақырыбы: «Елін сүйген – елі сүйген- Елбасы!»

Мақсаты:Балаларға Қазақстан Республикасы Мемлекетінің тұңыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы дарын иесі екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін менгерту. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген тұлғадан үлгі алуға тәрбиелеу. сұраққа жауап беру білігін дамыту.

Көрнеклік құралы: слайдтар, тақпақтар,мақал- мәтелдер

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің басқару әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация қозғаушылық Амандасу : Балалар келген қонақтармен амандасып алайық.

Елдің ерлігі,

Ердің ерлігі-Әнұран!

Әннің асылы,

Ұранның басымы- Әнұран!

Қазақстан Распубликасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын .

-Балалар мен сіздерге сұрақтар қойғым келіп тұр, сұрақтарға жауап беруге дайынсыз ба?

-Балалар сендер осы Отан дегенді қалай түсінесіңдер?Отан дегеніміз не?

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Отан туралы кім тақпақ біледі.

-Балалар Отан туралы кім мақал-мәтел біледі?

Саламатсызба қонақтар

-Балалар орныдарынан тұрып (қолдарын жүрек тұсына қойып) Қазақстан Распубликасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды.

-Иа

-Отан біздің ауылымыз, еліміз жеріміз, ата- анамыз, досым,бауырым.

-Қазақстан Республикасы

Адия

Отан деген- атамекен,

Отан деген- туған жер.

Отан – ана, отан үлкен,

Қазақстан – туған ел

Алихан

Отан –менің ата-анам

Отан – досым , бауырым.

Отан – өлкем ,астанам

Отан –туған ауылым.

Отан отбасынан басталады

Отансыз адам-ормансыз бұл-бұл

Отан –оттанда ыстық

Отан үшін- отқа түс күймейсің

Ұйымдастырушылық-ізденушілік Бүгін бізде ашық оқу қызметі:

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген- Елбасы!»

– Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолынан үзінді

-Балалар бине үзінді Кім туралы ?

– Қазақстан Республикасының тұнғыш Пезиденті кім?

– Балалар біздің ұлтымыз кім?

– Балалар біздің мемлекеттік тіліміз кандай?

– Балалар біз 1- желтоқсанда кандай мерекені тойлаймыз?

  • -1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

-Біздің еліміз жыл сайын 1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күнін атап өтеді . өйткені 1- желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Мемлекетінің Тұнғыш Президенті болып сайланды. Бұл сайлауға бүкіл халық қатысты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан Тәуелсіз ел болды. Халық «Елбасы» деген құрметті атақ берді. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы таныды.

-Нұрсұлтан Әбішұлы білікті басшы, көреген саясаткер, шығармашыл тұлға.еліміздің мемлекеттік әнұранында да Елбасымыздың қолтаңбасы бар.

-Біз бүгін Елбасымызды әр қырынан танитын боламыз.

– Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолынан үзінді

-Елбасы

–Қазақстан Республикасының тұнғыш Пезиденті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Қазақ

–Біздің Мемлекеттік тіліміз қазақ, қазақ тілінде сөйлейміз

– Қазақстан Республикасының тұнғыш Пезиденті күні.

-Балалар мұқияят тыңдайды

АЯН

Қазақтың елі –кенен ел

Басшысы жайсаң, кемелді ер.

Зейіні зерек , ой алғыр

Нұр ата сынды кеменгер

Қазақтың туын ұстаған

Болашақ жолын нұсқаған

Нұр ата аян ғалымға

Беделі биік, күшті адам.

САЛАУАТ

«Озық елдерден қалыспа,

Білім ал терең еңбек ет

Бақытымыз ұстанған» деді

Жолдауында тұнғыш Пезидент

«Үлгісіменен балалар

Ізетті бол, біл құрмет:

Байлығымыз рухани» деді

Жолдауында тұнғыш Президент

«Отаншыл бол аянба

Еліңе сүйген қызмет ет»

Деп бізді бастап барады

Өсиетімен тұңғыш Президент

– Нұрсұлтан Әбішұлының бойынан бала күннен –ақ

Көшбасшылық, әділдік, еңбек қорлық, үлкенге құрмет, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті бойқауға болады.

-Ал Елбасы Нұрсұлтанның ел игілігі үшін атқарған істері, еңбегі зор.Елбасымыз бүгінгі бүлдіршіндерге, жастарға, үлкен сенім артады. Ана мен баладан , жастардан қамқорлығын аяған емес.

Нұр ата , Тұнғыш Президент туралы кім тақпақ айтады

-Жаңа қаламыз Астана қаласының бой көтеруіне Түрлі ғимараттардың бой көреруіне Н.Ә.Назарбавтың тікелей ықпалы болды.

-Балалар біздің Астанамыз қалай аталады?

-Астана туралы кім тақпақ біледі?

–

Ерсұлтан

Желбіретіп бабалар туын

Ертенгі күнге баратұғын

Сенімім берік, мақсаты айқын

Мәгілік елдің баласымын

Бөлеген шексіз шапағат нұрға

Елбасы- биік, дара шыңым

Бірлігі берік , ертеңі кемел

Мәңгілік елдің баласымын

ЫҚЫЛАС

Тәуелсіз қазақ елім

Бақ қонған ғажап елім

Нұрсұлтан Назарбаев

Артамыз сізге сенім

Елім деп жерім деген

Адымдап сенімменен

Халқымның көшбашысы

Еңбектен ерінбеген

Үлгі боп келешеке

Балаға ересекке

Президент данқымызды

Көтерер келешекте

АСЫЛЗАДА

Көреген қамқор адал жан

Аман болсын Елбасы

Ел үшін туған қаһарман

Кешегі ерлер жалғасы

Тура жол нұсқап бағдарлап

Жолдауын елге арнады

Ұйытып сан ұлт өкілін

Елімде бақыт орнады

Ісімен жаққан жалпыға

Аман болсын Елбасы

Танылсақ әлем халқына

Елбасының арқасы

Аман болсын Елбасы

Астана қаласы

САБИНА

Астана арман қала

Сарыарқа төсінде

Сәнберіп Есілге

Жасқала- бас қала

Күн болып қарайды

Шуақбоп тарайды

Әлемге нұр шашқан

Астана арайлы

САЛТАНАТ

Астана ақ қала

Ақ мәрмар пәк қала

Шарықтап қарыштап

Шалқи бер шаттана

Ел ордам менің Астана

Осында жаңа бастама

Сәулетті зәулім үйлер көп

Көрікті сондай жас қала

Рефлексивтік-түзетушілік -Біздің Тәуелсіздігімізді білдіретін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін ата?

– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің автырын кім?

Рәміздерде не бейнеленген кім біледі?

– Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін (үш тілде атау қазақ тіліндеорыс тілінде және ағылшын тілінде)

-Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы кім тақпақ біледі?

–

Саргіту сәті: хор «Болашағы елімнің»

– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы: Шәкен Ниязбеков Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы:ЖандарбекМәлікбеков

ШотАман Уалиханов

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторы:Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Ту -Флаг-flag

Әнұран -Гимн-Hymn

ЕлтаңбаГерб-Emblem

НҰРИСЛАМ

Көкаспан көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен -тек

Елдін ашық қабағы

САҒЫНЖАН

Ұланымын елімнің

Болам жігіт зор әлі

Қазақстан жалауын

Көтеремін жағары

ЕРСАЛИ

Желбірейді аспанда

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап

Қанат қағып барады

Барша халық таныған

Біздің үміт тілекті

Шырқалғанда ән ұран

Шаттық кернер жүреті

НҰРЛЫ

Елтаңбасы елімнің

Неткен көрем, әдемі!

Тұнығындай көнілдің

Ортада аспан әлемі

САБИНА

Көк байрақ ,көк аспан

Алтын күн нұр шашқан

Әлемге танвылған

Тәуелсіз Қазақстан!

Балалар барлығы бірге орындайды

-Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп

Тәуелсіздік туралы кім тақпақ біледі?

Дидактикалық ойын: Кім жылдам :Балалар доңгеленіп тұрады Тәрбиеші допты лақтырып сұрақ қояды балалар сұрақтарға жаууап береді.

Шығармашылық :Клоскография әдісі бойынша

Балалар Ту, бәйтерек, Шаңырақ бейнесін шығарады.

«НҰР АҒА» әні орындайтын хор

Балалар біз бүгін не туралы айттық?

-Тұнғыш ПРЕЗИДЕН туралы не білдік?

-Қазақстанымыз одан әрі дамып шарықтай берсін!

МЕЙІРЖАН

Бүгінде әлем таныған

Туелсіз елім Қазақстан

Егіз ұғым секілді

Қазақстан Нұрсұлтан

Болашаққа есік ашқан

Тәуелсіз елім –Қазақстан

Өс өрлей бер, өркенде

Жұмақ ел боп бағыстан

ЕРАСЫЛ

Тәуелсіздік- рухы күшті ғажап үн

Артта қалды бодан болған азап күн

Елім жерім қазағым деп тербіренем

Өйткені мен туелсізбін азатпын

Көкте биік желбіреп көк байрағым

Гүлге оранды ауылым мен аймағым

Нұрсұлтан ұлы орындады елінің

Талай жылғы көксеген ақ арманын

Балалар тез-тез жауап береді

Клоскография әдісі бойынша

Балалар Ту, бәйтерек, Шаңырақ бейнесін шығарады.

Балалар барлығы «НҰР АҒА» әнін орындайды

Балалар жауабы

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек:Тұнғыш Президен туралы

Нені игереді: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі туралы

Нені білді: Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген тұлғадан үлгі алуды білді

Өткізген тәрбиеші: Санбаева Г

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше