Тақырыбы: «Қош бол, әсем балабақшамыз!»

Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылы

Қ.Сағырбаев атындағы ЖОББМ-балабақшасының тәрбиешісі

Хайрушева Мақпал Насиевна

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін қорытындылап, мерекелік концерт қою.

Көрнекілігі: залды шармен безендіріп, көрме ұйымдастыру, презентатция.

Өту барысы.

Тәрбиеші: Қымбатты ата-аналар, балабақша қызыметкерлері, қонақтар. Балабақшамыздың Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді мектепке шығарып салғалы отырмыз.балаларымызға сәттілік тілей отырып, мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.Бүгінгі той-иелерін- балалабақшамыздың түлектерін қошеметтеп қарсы алайық.

Әсем әуенмен вальс билеп шығады

Айналайын балалар,

Алдыңда мектеп-ана бар.

Өздеріңмен өседі,

Өнерпаздар, даналар.

Өткіздік қызық күндерді,

Бес жасқада жеттіңдер.

Алуға тең білімді,

Мектепке бағыт алыңдар.

Өсті міне ойларың.

Өсті міне бойларың,

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың!

Ән ұран орындалады.

Тәрбиеші: балабақшамыздың 2014 жылғы түлектері өмірге араласпақшы. Бұлар көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтататын еліміздің ертеңі мен келешегі. Бұлар- ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын біздің болашағымыз. Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз.

(Балалардың тілектері)

-Бүгін біз үшін мереке!

-Біз үшін есте қалатын күн!

-Біз-балабақшаның түлектеріміз!

-Біз білімді балалармыз!

-Біз- өнерлі балапандармыз!

-Біз- Қазақстанның болашағымыз!

-Біз-балабақшамызды қимай барамыз!

-Біз бақытты балалармыз!т.с

Балалардың бәрі: Еткен еңбек жемісі,

Ақталды деп санаңыз.

Білім әлем көгіне.

Қанат қағып ұшамыз

Ән: «Балалық шақ»

Орындайтын: Аяулым мен Маралбек

Тәрбиеші: Балалар, сендер балабақшамен қоштасып, мектепке барғалы отырсыңдар. Мен сендерге «Білім ханшайымын» шақырамын. (әуенмен ортаға білім ханшайымы келеді)

Білім ханшайымы: Сәлеметсіздерме балалар! Мен білім ханшайымымын, мен сендерге анау тұрған мектептен келдім. Сендерді, ұстаздарды және ата-аналарды бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ал кәнекей кішкене бүлдіршіндер балабақшадан үйренген нәрселеріңді келген қонақтарға көрсетіңдер менде тамашалайын.

Жанерке

Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Өсті талап талғамым,

Көп нәрсені үйрендім.

Аяулым

Біздер бес жастамыз,

Сәбиліктен асқанбыз.

Мектеп бізді шақырады,

Қош бол, әсем бақшамыз!

Маралбек

Бақшасында балалар,

Іні, әпке, аға бар.

Ойыншықтар мол онда,

Машина, аю, допта бар.

Илана

Сөйлейтұғын тақта бар,

Кісінейтін атта бар.

Үйретеді тақпақ та,

Жаңылыспай жаттап ал.

Бақытжан

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс.

Ән: «Туған жерім тамаша»

Нұртай

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді,

Балабақшам қош енді.

Айкөркем

Бізге тәртіп үйреткен,

Ән салдырып билеткен.

Таныстырған ең алғаш,

Айналамен, суретпен.

Арсен

Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат анамыз.

Мадина

Доспен тату ойнауды,

Мерекені тойлауды.

Бойымызға сіңірген,

Көптің қамын ойлауды.

Би: «Ақ көгершін»

Айсана

Қош балалар бақшасы,

Естен кетпес есімің.

Қош балалар бақшасы,

Алғаш ашқан есігім.

Мұхтархан

Ұйқымыздан тұрамыз.

Беті қолды жуамыз.

Әпкемізге ереміз,

Балабақшаға келеміз.

Толғанай

Үйретеді еңбекке,

Үйретеді білімге.

Үйретеді әдепке,

Таза болып жүруге.

Ән: «Болайықшы осындай»

Радмира

Қош балалар бақшасы,

Толған күлкі, әсем күй.

Ойнап күліп жүрген соң,

Бізге туған болған үй.

Жарасқан

Қадіріңді білермін,

Сол қалпыңды суытпай.

Қай жерде мен жүрсемде,

Есіміңді ұмытпай,

Қош балалар бақшасы.

Би: «Қара жорға»

Хор: «Қызыл, жасыл көбелек»

Асылы

Үлкенге де сіз дейміз,

Кішіге де сіз дейміз.

Баршаңызға құрметпен,

Бас иеміз біз.

Қайнар

Қызық күндер өткіздік,

Балабақша бағында.

Көп оқыдық, көп білдік,

Ел мен Отан жайында.

Мақсат

Баулап баптап өсірдіңіз,

Бұзықтық етсек кешірдіңіз.

Ұмытпаймыз сөзіңізді,

Ұмытпаймын өзіңізді.

Ерасыл

Тәрбиеші апайды.

Тыңдаймыз жақсы көреміз.

Топ ішінде далада,

Бірге ойнап жүреміз.

Дильназ

Мен балабақшаға барамын,

Ойнаймын ән саламын.

Тәрбиеші апайлар,

Досы барлық баланың.

Саягүл

Бір-бірімен сыйласты,

Тату жүреміз баршамыз.

Бал достықпен өнеге,

Біздің бала бақшамыз.

Ән: «Достық»

Айқын

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Айналаға бар адам.

Би: «Қамажай»

Білім ханшайымы: Сендер көп нәрсе үйренген екенсіңдер. Ән, би, тақпақтар біледі екенсіңдер. Мен сендерге тапсырма дайындап келдім. Менің тапсырмаларымды орындаған балаларға сыйлық беремін беремін

1 тапсырма.Кім маған санамақтар айтып береді?

Санамақтар айту.

  1. Аяулым
  2. Бақытжан
  3. Айқын
  4. Жанерке
  5. Саягүл
  6. Толғанай

2.тапсырма. Ойын: «Орамал тастамақ» «Онға дейін сана кідірмей, кері сана мүдірмей». Тура және кері 10-ға дейін санау.

3 тапсырма. Маған ертегі айтыңдаршы

Ертегі: «Мақта қыз бен мысық» қазақ ертегісі

  1. Мақта қыз- Айкөркем
  2. Мысық-Қайнар
  3. Сиыр-Айқын
  4. Ағаш-Жарасқан
  5. Қыздар-Мадина , Асылы
  6. Дүкенші-Нұртай
  7. Тауық-Радмира
  8. Тышқан-Арсе

4 тапсырма. Кім маған орыс тілінен үйренге тақпақтарын айтады?

Мақсат. Асқат. Жарасқан. Қайнар.

Білім ханшайымы: Жарайсыңдар сендер көп біледі екенсіңдер. Мен сендерге риза болып қалдым. Мен сендерге білім кілтін беремін. Олай болса сендер тентек болмауға, сабақты жақсы оқып, әдепті болуға ант етіңдер.

Балалардың барлығы: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз! –деп ант береді

Білім ханшайымы: Балаларды екі топқа бөліп жарыс ұйымдастырады. «Кім тез» сұрақтар қоямын сол сұрақтарға тез жауап береіңдер қай топ көп жауап береді сол топ жеңімпаз атанады.

Тапсырма логикалық сұрақ.

  1. Кемпірқосақтың неше аяғы бар?
  2. Бағдаршамның неше көзі бар?
  3. Қолғапта неше саусақ бар?
  4. Адамда неше көз бар?
  5. Жұлдыздың неше бұрышы бар?
  6. Аспанда неше күн бар?
  7. Бір жылда неше ай бар?
  8. Бір аптада неше күн бар?
  9. Адамда неше саусақ бар?
  10. Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
  11. Бір жылда неше мезгіл бар?
  12. Дөңгелектің бұрышы болама?
  13. Қыс мезгілінің неше айы бар?
  14. Сиырдың неше аяғы бар?
  15. Үш қаз келе жатыр, біреуі екеуінің алдында, біреуі екіншісінің ортасында, біреуі екеуінің соңында келе жатыр қаздар қалай келе жатыр?
  16. Жануарлардың екі сол аяғы, екі оң аяғы бар. Жануардың аяғы нешеу?
  17. Көктем айларын ата!
  18. Жаз айларын ата!
  19. Біз мектепке қай айда барамыз?
  20. Пішіндерді ата!

Тәрбиеші:

Бақшамызда үлкен той,

Қонақтарым біліп қой.

Сондықтан да тұрмайық,

«Қоштасу» әнін жолдайық.

Ән: «Қош бал бұлақ бақшамыз»

Қорытынды: Балаларды марапаттау.

Құтықтау сөз сөйлеушіерге сөз беру.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше