Оқушылар шығармашылығы

Ақтөбе қаласы №42 орта мектебінің 2 «б» сынып оқушысы

Мұратова Аруназ

Класс жетекшісі: Башембаева Дария Канашевна

Менің інім

Мен биыл інілі болдым. Інімнің аты – Әмір. Ол өте сүйкімді балақай. Күннен-күнге тәтті қылықтары шығып келеді. Мен інілі болғаннан бері еркелігімді қойып, бір жасқа есейдім. Қазір бауырыма қамқор болып жүрмін. Болашақта інімнің жақсы бала болып өсуіне ата-анаммен қоса мен де жауапты екенімді сезінемін. Сонымен бірге ініме үлгі болу үшін өзімде жақсы апа бола білуім керек деп ойлаймын.

Ақтөбе қаласы №42 орта мектебінің 2 «б» сынып оқушысы

Аружан Шалқарбаева

Класс жетекшісі:Башембаева Дария Канашевна

Анама

Анамыз бар біздерді сүйетұғын

Шуақ шашып, жылуын беретұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, бала үшін

Біздер үшін бәріне көнетұғын.

Ақтөбе қаласы №42 орта мектебінің 2 «б» сынып оқушысы

Арнұр Нұрлыбай

Класс жетекшісі:Башембаева Дария Канашевна

Менің анам

Әрбір бала үшін ананың орны ерекше. Мен бүгін өз анам туралы жазғым келеді. Анамның аты – Гауһар. Ол өте мейірімді, сабырлы жан. Мен анамды күнге теңеймін. Ол бар жерде жылылық сезіліп тұрады.

Анам үнемі бізге қамқор болып жүреді. Анаға бізде қамқор болайық.

.

Ақтөбе қаласы №42 орта мектебінің 2 «б» сынып оқушысы

Калибаева Жансель

Класс жетекшісі:Башембаева Дария Канашевна

Ұстазыма мың алғыс

Мен бүгін қолыма қалам ұстатып, әліппе үйреткен ұстазым – Дария Қанашқызы туралы айтқым келеді. Ол өте мейірімді, балаларды жақсы көретін, еңбексүйгіш жан. Әр оқушыға жүрек жылуын беріп, біліммен сусындатып, жаңа өмірге тәрбиелейді. Апайымның үйреткен тәлім-тәрбиесін алған біздер өмірде өз орнымызды табамыз деп ойлаймын. Сол үшін де ұстазыма мың алғыс дегім келеді.

. Ақтөбе қаласы №42 орта мектебінің 2 «б» сынып оқушысы

Әлихан Түрікпен

Класс жетекшісі:Башембаева Дария Канашевна

Біздің сынып

Біздің сыныпта 27 оқушы бар. Оның 17-сі қыз, 10-ы ұл бала. Біз бір-бірімізбен өте тату, бір үйдің баласындаймыз. Бір-бірімізге қамқор болып, көмектесіп жүреміз. Біз білім деген кемеде ескекті бірге есіп, бір бағытта бірге жүреміз.Достарыңмен бірге ойнап,бірге жүру қандай керемет.Мен осындай сыныпта оқығаныма өзімді бақытты сезінемін.

. Ақтөбе қаласы №42 орта мектебінің 2 «б» сынып оқушысы

Айша Аймағамбетова

Класс жетекшісі:Башембаева Дария Канашевна

Туған жер

Туған жер сенсің мені аялаған,

Сен үшін өмірімді аямағам.

Сенсің ғой шуағыңды шашқан маған,

Жылуыңмен бір мені аялаған.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше