Дихан Әбілев. Туған тілім

САБАҚ:

Дихан Әбілев. Туған тілім.

Мектеп:№42
Күні:13.12.17 Мұғалімнің есімі: БашембаеваДария Канашевна
СЫНЫП: 2 б Қатысқандар саны: 28 Қатыспағандар: 0
Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.5.1 – өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

2.2.4.1 – мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

2.3.2.1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын әңгіме, эссе жазу немесе дайын суреттерді қатыстырып өлеңнің мазмұнын құрастыру

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. Өз ойын еркін жеткізеді.
Оқушылардың басым бөлігі:
  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. Өмірмен байланыстырады.
Кейбір оқушылар:
  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады. Негізгі түйінді таба алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі,тарих.
Жоспарланған

уақыт

Сабақ барысы Ресурстар
Басталуы 5 минут Сыныпты оқылым орталығы, жазылым орталығы, тыңдалым орталығы, айтылым орталығы арқылы 4 топқа бөлу 2 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Топ шеңбер болып тұрады:

Жел болды,

Қатты жел болды.

Жел басылды

Күннің көзі ашылды.

Балалар, бір-бірімізге қарап, таза, рияссыз шынайы жымиып, бір-бірімізге алақанымызды тигізіп, жүрек жылуын берейік.

Топ ережесін еске түсіру.

Мазайка құрастыру.

Тіл, язык, tongue (таңң)

Оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым.

(қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

Әртүрлі мазайкалар

Ортасы 20 минут Білу және түсіну 10 минут

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңімен танысамыз

Д. Әбілевтің өміріне тоқталу. (1907-2003)

Әдебиетіміздің ақсақалы Д. Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1926 ж «Қызыл әскер атты алғашқы өлеңі, 1928 ж «Сырлы шкафтың сыры» атты бірінші әңгімесі жарық көрген. 71 жыл бойы қазақ әдебиетінің өркенін өсіріп, мерейін биіктету жолында қаламымен қызмет етті, көптеген кітаптар дүниеге келді. Оның артта қалған мол мұрасы ұрпақтың рухани қазынасына айнала берері сөзсіз.

Тыңдалым орталығы үнтаспадан өлеңді тыңдап, суреттерді сәйкестендіріп қояды.

Оқылым орталығы «Туған тілім» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Жазылым орталығы тіл туралы шағын әңгіме жазады. (топпен)

Айтылым орталығы өлеңді жіктеп түсіндіреді.

Жұптық жұмыс:

Қазақ тілі мемлекеттік тіл

ана тілім

Сөздік жұмысы (Түртіп алу стратегиясы)

Бабам – үлкен ата далам – туған жер

Оқушыларға оқыту. (Іштей, дауыстап топпен)

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

Постер жасату.

Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді.

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті «Ананың тілі» өлеңіне би қимылдарын көрсету. Видео

жазбадағы би

Аяқталуы 20 минут «Жинақтау тәсілі»

1 топ Жағдаяттарға байланысты сұрақтар

2 топ Жағдаяттарға байланысты сұрақтар

3 топ Жағдаяттарға байланысты сұрақтар

4 топ Жағдаяттарға байланысты сұрақтар

Жеке жұмыс.

Осы өлеңге сәйкес келетін мақалды табу.

  • Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
  • Өнер алды қызыл тіл
  • Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
Өз пікірін айтып дәлелдейді.
Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.
Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Бағдаршам» әдісі
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше