Оқушылар шығармашылығы

Ақтөбе қаласы №42 орта мектебінің 9 «Б»класс оқушысы Темір Айшагүл

Пән мұғалімі : Тауекелова Жанат Тлеукабаковна

Ұлы күн

Азаттықтың көптен шықпас сыры тың,

Бабам күтті туады деп ұлы күн.

Мына бізге сеніп кеткен нұр болар,

Ақтай алсақ сол жастардың үмітін.

Көкті тіреп,елім өсер алға асып,

Кешегі мен бүгінгі өмір жалғасып.

Мәңгілік ел ұрпақтары келеді,

Ұлылардың шежіресі жалғасып.

Ақтөбе қаласы №42 орта мектебінің 9 «Б»класс оқушысы Дүйсенбаева Тоғжан

Пән мұғалімі : Тауекелова Жанат Тлеукабаковна

Ана тілім

Ана тілім, махаббатым, Құдайымның бергені,

Әрқашанда құрметтейді, аялайды ел сені.

Бір өзіңе көк тер болып, аңсап жеттік, шөлдеп біз,

Сенен кейін, рәміздерді, алдық алтын теңгені.

Мұның бәрі ана тілдің күшіменен болғандай,

Ана тілдің арқасында бақыт құсы қонғандай.

Болашаққа қадам басып,қол жеткіздік елдікке,

Ана тілдің арқасында қазақ жолы оңғандай!

Ақтөбе қаласы №42 орта мектебінің 9 «Б» класс оқушысы Тағыберген Анель

Пән мұғалімі : Тауекелова Жанат Тлеукабаковна

Туған жер

О, туған жер, маған жарық cыйлаған,

Тауым, тасым, ну орманым, ми далам.

Қалықтайын қыраның боп қияда,

Тұғырыма құздың басын қимаған.

О, туған жер, жазар жырым бар әнім,

Бабамыздан мирас мұрам бағалым.

Күлігіңе айналайын көсіліп,

Есші кәне сар даламның самалын.

О, туған жер, шалғай шықсам шамалы,

Сағыныштың сары уайымы қамады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше