Сабақтың тақырыбы §21. Реактивті қозғалыс.
Уалиева М.Ж физика пәнінің мұғалімі.
БҚО, Сырым ауданы, ЖББ Жырақұдық орта мектебі
Сабақтың тақырыбы §21. Реактивті қозғалыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:«Дене импульсі» , «Импульстің сақталу заңы» тақырыптары бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылау. Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру, оны ғарышты игерудегі маңызын ұғындыру. Дамытушылық:Оқушыларды өз бетімен ізденуге, ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру арқылы ойлау, есте сақтау,қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: топтық жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа , бәсекелестікпен жұмыс істеуге, адалдыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Оқушылар білуге тиіс:
1. Реактивті қозғалыстың маңызын.
2. Реактивті қозғалыс кезіндегі денелердің алатын жылдамдығын, импульсін есептеу формулаларын пайдаланып қорытынды жасайды.
3. Тақырыпты ашып, формулаларды қолданып, есептер шығара алады.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Тапсырма: Топтық жұмыс — зерттеу жұмысы. Мәліметпен бөлісу.
Жеке жұмыс — есептеулер жасай алуы, жұмысты қорытындылау.
Өзара бағалау жасай алуы.
Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар: Оқулық, ресурс парақтары, АКТ, бағалау парақтары, есептер жинағы, слайд-презентация.
Әдіс-тәсілдер: Диалогтық оқыту, зерттеушілік әңгіме, кеңейтілген тапсырмалар, жоғары, төмен дәрежелі сұрақтар, «Ойлан.Жұптас.Бөліс», «Серпілген сауал»
Пәнаралық байланыс: физика, астрономия, география, қазақ тілі, тарих
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Ұйымдастыру (1 мин)
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Сабаққа әзірліктерін тексеру (1 мин)
Сыныпты 3 топқа бөлемін. (геометриялық фигуралар арқылы)
Үй жұмысы «Серпілген сауал» әдісімен тексеріледі. (5 мин)
Мұғаліммен амандасады. Оқушылар сабақ құралдарын тексеріп, орналасады. Сабаққа зер салады.Топтарға бөлінеді. Үйден оқып келген білімді сауалдар арқылы көрсетеді.
Әр оқушы жеке жұмыс жасайды.
Презентация (8 мин)
Білім тексеру сұрақтары. (серпілген сауал), әр топқа сұрақтар жазылған стикерлерді шашып жіберемін, әр оқушы алған сұрақты қарсы топқа қояды, топтар арасында диалог орнайды. (5 минут)
1.Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз?
(тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір –бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады)
2.Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар.
(Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді (сақталады)
3.Дене импульсі дегеніміз не?
(Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама дене импульсі деп аталады.)
4.Күш импульсі дегеніміз не?
(күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады)
5.Күш импульсі мен дене импульсінің арасында қандай байланыс бар?
(Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең)
6.Дене импульсі қандай әріппен белгіленеді? (р)
7.Дене импульсінің ХБЖ-гі өлшем бірлігі? (кгм/с)
8.Күш импульсінің өлшем бірлігі? (Нс)
9.Дене импульсі қандай шама? (векторлық шама)
10.Қатты тебілген футбол добын тоқтату оңай, ал төбешіктен тіпті баяу жылжып келе жатқан автомобильді тоқтату оңайға соқпайды. Не себепті?
(себебі, олардың қозғалыс мөлшері дененің массасы мен жылдамдығына байланысты)
1 кезең. «Ой қозғау»
Жаңа сабақты бастау үшін қойылатын сұрақтар. (жұмбақтар)
- Таба алмайсың оң менен солды,
Адассаң қапылыста.
Дәл сілтер көрсетіп жолыңды,
Шығысқа, батысқа (компос)
2.Дауысы да леспес
Өзі ұшқан қарқынға
Созған шүйке іспеттес
Жол қалады артында. (реактивті самолет)
- Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)
-
Күндіз ұйықтайды, түнде жанады. (Ай)
– Импульсің сақталу заңы техника мен табиғаттағы кейбір тіршілік иелерінің қозғалысы үшін қажет екен. Ендеше, бүгінгі сабағымызда осы жөнінде білетін боламыз.
Жаңа сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс.
Негізгі бөлім
Бүгінгі күні, реактивті қозғалыс принципін пайдалану адамның бір кездегі арманы мен қиялы болған тылсым Әлеммен тілдесе бастауына әкелді.
Реактивті қозғалыс принципі сағатына бірнеше мыңдаған километр жылдамдықпен қозғалатын ұшақтарды, жердің жасанды серіктерін, планетааралық саяхат жасайтын ғарыш зымырандарын жасауға мүмкіндік туғызды. Адам баласының ғырыш кеңістігіне шығуы үшін асқан кемеңгерлік, аса ыждағатты есеп, өте күрделі техника және асқан ерлік қажет. Соның бәрі де қазіргі кезде жүзеге асты. Енді оқушылар толық мәліметті өздерің топта талқылап, келесі топтарға презентациялап түсінік бересіңдер. Ендеше жұмысқа кіресеміз. Топтың ережесін сақтаймыз.
Топтық жұмыс.
2 кезең. «Мағынаны ажырату» 8 мин (Конверт- сұрақ әдісі)
Сыныптағы 3 топқа мәтіндерді тарату ( Оқушылар флипчартка жазып, постер қорғайды)
І топ. «Зымыран»
Реактивті қозғалыс- импульстің сақталу заңының көрінісі.
ІІ топ. «Байқоңыр»
Ғарышты игеру жетістіктері мен зымыран қозғалысы принципі. Ғарышкерлер.
ІІІ топ. «Ғарышкер»
Зымыранда қолданылатын отын түрі мен көп сатылы зымырандар.
(Әр топ постерлеріне «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» )
Анықтама: Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.
Массасы М-m болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импульсі бағытына қарама – карсы бағытталған (М-m)v2 импульс алады, v2 зымыран қабығының жылдамдығы. Сонда mv1=-(M-m)v2 болады.
Ал бұдан, Мұндағы : -зымыран қабығының жылдамдығы М-m-қабықтың массасы. атылып шыққан газ жылдамдығы.
3-кезең «Реактивті қозғалыс» тақырыбында слайд көрсете отырып жаңа сабақты толықтырамын. 4 мин
1.Реактивті қозғалыс мысалдары.
2.Ғарышты игеру жетістіктері.
3.Тұңғыш жасанды жер серігі біздің еліміздегі ғарыш айлағынан 1957 ж. 4-қазанда ұшырылды.
4. Ғарышты игерудің маңызы.
1. ЖЖС байланыс үшін қолдану. Телефон мен телевизиялық байланыстың жүзеге асырылуы. Яғни, жасанды серіктер Ғарыштық байланысты қамтамассыз етеді. Ғарыш кеңістігіндегі жердің үстінен жүздеген серіктер ұшып жүр. Олардың біреулері радио және телевизиялық байланысты, басқалары Жерге ауа-райы туралы ақпарат жібереді, ал үшіншілерін ғылыми зерттеулер немесе әскери мақсаттарда қолданады. Кейбір серіктер секундына 8 шықырым жылдамдықпен ұшып, ұдайы қозғалыста болады. Ал басқалары Жердің тек бір ауданының үстінде орналасады. Байланыс Жасанды серіктер радио толқындарды жіберу арқылы телеграмма-сообщение, телефонограмма, ұялы телефондармен сөйлесулер жүреді, факстер, интернетке шығуға болады.
2. Жасанды серіктерді теңіз навигациясы мен әскери мақсатта.
3. Метереологияда алдын ала ауа-райын болжау, атмосферадағы болып жатқан өзгерістерді анықтау үшін.
4. Ғылыми зерттеулер жүргізу, табиғи ресурстарды анықтауда.
5. Ғарышты зерттеу және Күн жүйесіндегі басқа денелердің физикалық табиғатын зерттеуге қолданылады.
5.Қазақ ғарышкерлері.
Қосымша материал: «Сен білесің бе?»
1.Неліктен космодром «Байқоңыр» деп аталған?
1961 жылы 12 сәуірде Ю.А. Гагарин қазақ жерінен космос әлеміне ұшып шығып, бірден бірнеше дүркін дүниежүзілік рекордтар жасады. Сол күні халықаралық авиация және космонавтика ұйымдары Гагариннің рекордтарын ресми тіркеу үшін нақты қай жерден ұшып шыққанын айтыңыздар деп талап қойды. Сонда осы уақытқа дейін құпия болып келген Сырдария жағасындағы Төретам станциясынан ұшқанын білдірмеу үшін, сол жерден тура солтүстікке қарай орналасқан Жезқазған жеріндегі, Қарсақбай қасындағы Байқоңыр елді- мекені айтылды. Тұңғыш ғарышкер ұшып шыққан жер «Байқоңыр» деп аталып, қазақ сөзі әлемге тарап кетті.
2.Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ ғарышкері?
Т. Мұсабаев. 1994 ж. 126 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді. 1998 ж. Орбитада 7 ай бойы жүріп, 7 рет ашық аспан әлеміне шықты. Бас аяғы 30 сағатын космостың қара тұңғиығымен бетпе-бет өткізді.
3-кезең. Оқулықпен жұмыс.
1) С-деңгей.
18-жаттығу. («Есептей білгеннің есесі түгел»)
Әр топқа карточкамен есептер беру
2) В-деңгей.
5 жол өлең (Синквейн әдісі)
1. Зат есім. Ғарышкер
2. Анықтауыш. Батырсың, төзімдісің
3. Етістік .Қызығасың, зерттейсің, ұшасың
4. Сөз тіркесі. Ғарышқа мәңгі жол ашқан
5. Синоним. Адам
3)А-деңгей. кесте толтырады
Сәйкестендір:
| Физикалық шама | Белгіленуі | Өлшем бірлігі | Формуласы |
| Дене импульсі | Ft | Н с | р = mʋ |
| Күш импульсі | р | кг м/с | р = Ft |
| Жылдамдық | m | кг | m= р|ʋ |
| Дене массасы | ʋ | м/с | ʋ= р|m |
Топпен бірігіп жұмыстаң.
Оқушылар тыңдайды,
Оқушылар топ болып схемасы бойынша тізбек құрады, тәжірибенің барысын не көргенін ой елегінен өткізіп бір бірлерімен жұптасып диалог құрады, сосын талдайды
1)Дәптерге жаңа мәліметтерді жазып алады.
2)Әр топ берілген мәтінмен танысып, постер құрады.
3)Әр топ мүшелері постермен таныстырады.
4)2 ұсыныс пен жұлдыздарын айтады.
5)Бір-бірін қол шапалақтап, қолдап отырады.
Жаңа тақырыптан алған білімді толықтыру үшін, тақтаға шығып есептер шығарады.
Импульстің сақталу заңын пайдаланып есептер шығарады, әр оқушы жеке жұмыстанады.
С, В деңгей оқушылары есептерді шығарады.
А деңгейдегі оқушы ізденіп, кестені толтырады ,дәптерге жазады
Сабақты қорытындылау (8 мин)
Бекіту – ( 5 мин).
1. Зымыран қалай қозғалады?
2. Реактивті қозғалыс дегеніміз не?
3. Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып жасалады?
4. Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты?
5. Ғарышты зерттеудегі қандай жетістіктерді білесіңдер?
Рефлексия (2 мин) Тақтадағы сұрақтарға жауапты стикерге жазады
Маған ұнады: __________________
Мені таңқалдырды:_______________
Менде сұрақ бар:________________
Бағалау.
Үйге тапсырма: (1 мин) § 21, 18-жаттығу.
«Менің қиялымдағы ғарыш» тақырыбында эссе жазу
