«Әтеш пен тоты»

Омарова Камажай Бауыржановна

№ 26 «Жұлдыз» балабақша тәрбиешісі

Атырау қаласы

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Әтеш пен тоты»

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру, өз түсінігімен әңгімелеу барысында сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Ертегі желісі бойынша қуыршақ арқылы көрсету. Жағымды-жағымсыз іс әрекеттері арқылы достық ұғымын ашу.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: слайд, құстардың суреті.

Билингвизм: әтеш-петух, попугай-тоты

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық

қозғаушы

Слайд арқылы өткен сабақты қайталату.

Ғажайып сәт: Сиқыршының келуі.

Үй құстары туралы түсінік беріп кету.

-Балалар қандай құстарды білесіңдер?

-Құстарды нешеге бөлеміз?

-Жарайсыңдар екіге бөлеміз екен, үй құстары және жабайы құстар деп.

-үй құстарына қандай құстарды жатқызамыз?

-жабайы құстарға нелерді жатқызамыз?

Құстар жем, су, бидай, тарымен қоректенеді.

Балалар өз ойларын ортаға салады
Ізденуші, ұйымдастырушы Бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы: «Әтеш пен тоты» ертегісі.

«Әтеш пен тоты ертегісі» оқылады, ертегі мазмұнын ашады.

Ертегіге байланысты сұрақтар қойылады.

Осы ертегіні балалар енді біз қуыршақ театр арқылы көреміз.

– Балалар ертегі қызықты ма?

Ертегіде нелер туралы айтылған. Қандай құстар туралы айтылған. Әтеш пен тоты қандай құстарға жатады?

Балалар сендерге үлкен экраннан көрген ертегі ұнады ма? әлде қуыршақ театр ақылы көрсеткен ертегі ұнады ма?

Сұрақ-жауап:

  • Құстардың ішіндегі ең әдемісі қандай құс болыпты?

Ол қалай жүреді екен?

  • Жалғыз серігі қандай құс болыпты?

– Ертегіде тоты қайда бармақшы болады?

– Әтештен не сұрап келеді?

– Әтеш киімін береді ме?

– Тоты әтешті алдап кетеді ме?

– Тоты қайтып келеді ме?

Әтеш Тотыны таң атқанға дейін күтеді екен.

  • Ал, енді балалар осылай достар бір-бірін алдау керек пе, алдауға болады ма екен?
  • Балалар әтеш қалай айқайлайды?
  • Мен сендерге тапсырма беремін. Сендер құстар туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Дидактикалық ойын: «Суреттерді бояу»

Балаларға құстардың суретін үлестіреміз, экранға қарап құстардың қанатын, тұмсығын, денесін түрлі түсті бояулармен бояйды.

Келесі ойынымыз тақтадағы суретке үй құстары мен жабайы құстарды орналастырамыз.

Бүркіт – аспанда

Тоқылдақ – ағашта

Аққу – көлде

Балалар ертегіні мұқият тыңдап, мазмқұнын айтып, қандай құстар туралы айтылған айтады.

әтеш пен тоты үй құстарына жатады

Әтеш

маңғазданып

тоты

тойға

киімін

ия

ия

жоқ

алдауға болмайды

ку-ка-ре-ку

балалар құстар туралы өз білгендерін айтады.

Балалар құстарды суреттерге қарап бояйды

Рефлексивті коррекциялау-шы Жаңа оқу қызметіне белсене қатысқан балаларды мадақтап, талдау жасау. Балалар, әр уақытта үй құстарын мен жабайы құстарды жақсы көріп қамқорлық жасап жүріңдер. Балалар орындарынан тұрып тәрбиешілермен қоштасады.

Күтілетін нәтижелер:

Білуі: Үй құстары мен жабайы құстарды ажырата біледі.

Меңгеруі: үй құстары мен жабайы құстар туралы түсініктері қалыптасады.

Жасай алуы: құстардың дауысын салады

Технологиялық картаны толтырған: Омарова Камажай Бауыржановна.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше