Дұрыс тамақтана біл

БҚО, Орал қаласы № 30 ЖОББМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Қыдырбаева Әсем Қыдырбайқызы

Сабақтың тақырыбы:

Дұрыс тамақтана біл

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Ә.Қ

Күні: 19.01.18ж

СЫНЫП: 2д Қатысқан оқушылар саны: 24 Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2.1.4.1 Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды

тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау.

Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, кейіпкер оқушы суреті,себет ,алма.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Тәжірибе ,рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы :Амандасу ( үш тілде)

-Сәлеметсіздер ме?

-Здраствуйте /

Бағалау түрлері
Басталуы

5 минут

І . Ширату :«Мектеп оқушысы» Оқушылар сұлбасын құрастырады

Мектегі өмір : 1 . Мектеп ережесін сақтау.

2. Үзілісте кезінде жүгіріп,айқайлап,алысуға болмайды.

3.Дене,еңбек сабақтарында қауіпсіздік ережесін сақтау керек.

4.Сабаққа уақытылы келіп, сабақ оқып ,мұғалім айтқанын тыңдау.

Осы оқушының ақыл –ойы жетілуі үшін не істеу керек?

-Білім алу керек,денсаулығын нығайту және дұрыс тамақтана білуі керек.

-Дұрыс ,тамақтана білу керек.

Жаңа білім

10 минут

ІІ. Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады

-Ендеше,бүгін дұрыс тамақтана біле отырып, соның ішіде пайдалы,пайдасыз тамақтарды айыра білеміз.

«Ас –адамның арқауы»деп ата-бабаларымыз астың адам денсаулығы үшін маңызын дұрыс аңғарған.Біз қалай тамақтанамыз?Біздің азығымыздың құрамына қандай заттар кіреді?

Қазір осы туралы білеміз.

ІІІ.

№1 Топтық жұмыс:

Ақуыз-тағамның құрамында ақуыз болса,сен тез өсесің.

Май-ағзамызға мол күш береді.

Көмірсу-ағзамызда көмірсу көп болса адам шыдамды болады.

Дәрумен мен минералды тұз– адамға қуат береді.

№2Топтық жұмыс: әр дәруменге кандай тағамдар жатады, суреттерін сәйкестендіру

А-сәбіз,қызылша,ірімшік,баклажан

В-қара нан,жұмыртқа,тауық еті,тоқаш,бөлке

Д-балық,балық майы.шемекі май,сары май

С-алма,алмұрт,жүзім,өрік,қарбыз

1-топА-дәрумені-көздің көруін жақсартады ( әр топ түсінік айтады)

2-топ. В-дәрумені-күш-қуат береді

3-топ Д-дәрумені-сүйектерді қатайтады

4-топ С-дәрумені-иммунитетті көтеріп,ауруғақарсы тұрады.

Дұрыс тамақтану –бұл аз-аздан әртүрлі тамақтарды қабылдау.Ағза үнемі жұмыс атқарады.Осы қуаттың арқасында адам жұмыс істейді, қозғалады,спортпен айналысады.

-Тамақты жеткіліксіз мөлшерде ішу немесе мөлшерден артық ішу де ағза үшін өте зиянды.

Оқулық,

мәтіндер.

Жапсыру анықтамасын

Топ басшылары қорғайды

Ортасы

10 минут

4.

№3 Әр топқа суреттер беріледі. Соның ішінде пайдалы және пайдасыз суреттерді сызып түсіндіреді.

1топ сурет сусындардың пайдалы мен зиянын айырады.

2 топ сурет ұн өнімдерінен жасалатын тағамнан айырады.

3 топ сурет тәтті тағамдар айырады

4 топ сурет жеміс ,көкөністер арасынан ажырату

5. СЛАЙД (пайдалы және зиянды тағамдар)

6. Зиянды бояғыш заттар туралы түсінік беру.

Тағамдық қоспаларында тағамдық бояғыштар тағамға әдемі түр беру үшін қолданады.Синтетикалық тағамдық бояғыштар ісік,бүйрек аурулары , асқортудың бұзылуы,аллергиялық серпіліс сияқты аурулардың пайда болуына себепкер болады.

7.Тәжірибе көрсету,салыстыру: картоп –чепси

Ммденс кәмпиті,чупа-чупс-шоколад

Нан-кирешка

Газдалмаған су –кола салыстыру

7.Сергіту сәті; «Жемістер» қимылмен көрсетеді

Дәптермен жұмыс. №1,2 жұмыс орында

Әр топ асқа, тағам, дастарханға байланысты ырымдар айту.

1-топ. Тамаққа қарап түшкіру әдепсіздік.

Жүкпен үйден шыққанда, үйден тұз алмайды.

2-топ. Шөлдегенде су бермеген жаман ырым.

Қол жумай асты ішпейді.

3-топ. Аузында тамақ тұрғанда сөйлемейді.

Тамақ үстінен аттамайды.

Дастарханға алдымен нан қойылады.

4-топ. Таңертеңгі асты тастамайды.

Тамақты сол қолмен жемейді.

Дастарханға бата бермей мұсылмандар тұрмайды.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Тамақтану пирамидасы құрау
Бағалау Рефлексия «Чепси-тәтті тоқаш» пайдалы –пайдасыз

Бүгінгі сіздерге келген қонақ Ақылбекке сіздер қандай тағамды ұсынар едіңіздер? Пайдалы- тәтті тоқашты (барлық оқушы барып береді)

Келген оқушымыз сіздердің бүгінгі алған білімдеріне риза болып,себетпен денсаулыққа пайдалы алма жемісін алып келген екен .Ендеше,сіздерге үлестіруге рұқсат етіңіздер.Әрқашан пайдалы тағамдарды жеп,пайдасыз тағамдардан аулақ болайық,-деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

-Сау болыңыздар!

Үйге тапсырма: мазмұндау. Дәптерден №3,4 орындау

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше