«ЖАЙЫҚ ҚАЛАШЫҒЫ» ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕДІ

Орындаған: Сауырбаева Назерке Саламатқызы

БҚО, Сырым ауданы, Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебі

10-сынып оқушысы

Жетекшісі: Абілқасымов Қуаныш Өмірзақұлы

Тарих пәнінің мұғалімі

Зерттеу жұмысының құрылымы:

I.Кіріспе бөлім

II.Негізгі бөлім

«Жайық қалашығы» тарихтан сыр шертеді

2.1. Жайық қалашығы – бүгінгі Оралдың іргетасы

2.2. Жайық қалашығы – көне өркениет ошағы

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Аннотация

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Жайық қалашығы» аумағынан табылған археологиялық ескерткіштерге сипаттама беріп, тарихи сырын анықтау, келер ұрпаққа насихаттау бағытындағы «Жайық қалашығы» тарихтан сыр шертеді» тақырыбындағы зерттеу жұмысының өзектілігі нақты айқындалған. Талдау жұмысын жүргізуінен «Жайық қалашығынан» табылған археологиялық ескерткіштерді қалашықта болып көргендігі, сипатын анықтағаны, облыстық өлкетану музейінен деректер жинағаны анық байқалады. Жоба жетекшісінің субъективті пікірі мен ұсынысын қорытынды бөлімде айқын жеткізе білген.

Жобаның зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Жайық қалашығынан» табылған археологиялық ескерткіштердің тарихы алынып отыр.

Зерттеу мақсаты: «Жайық қалашығынан» табылған археологиялық ескерткіштерді анықтап, сипаттама беру, келер ұрпаққа насихаттау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: өңірімізден табылған археологиялық ескерткіштер насихатталып ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілсе, онда оқушылардың ізденушілік-зерттеушілік көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде «Жайық қалашығында» болып, археологиялық ескерткіштер туралы деректер жинақталды. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге сауалнама жүргізілді.

Екінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша аудандық, облыстық өлкетану музейіне саяхат жасалып, сұхбат жүргізілді.

Үшінші кезеңде жалпы зерттеу жұмысының нәтижелері жинақталып, зерделенді, ой елегінен өткізіліп, қорытынды жасалды, ұсыныстар дайындалды, зерттеу жұмысы рәсімделіп, даярлығы аяқталды.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • «Жайық қалашығына» барып зерттеу жүргізу, мәліметтер жинақтау;
  • археологиялық ескерткіштер туралы жинақталған мәліметтерді саралау;

  • «Жайық қалашығынан» табылған ескертіштердің сырын анықтау;

Күтілетін нәтиже: мектеп бағдарламасына енгізілмеген «Жайық қалашығынан» табылған тарихи ескерткіштерге сипаттама береді, сауалнама нәтижесі бойынша келер ұрпаққа маңызын ұғындырып, насихаттайды.

Зерттеу әдістері: сауалнамалар жүргізу, тарихи сипаттама беру, музейлерге, зерттеу орындарына саяхат жасау. Ғылыми зерттеу жұмысы қорғауға жіберілді.

Аннотация

В Западной Казахстанской области в пригородах г. Уральска найденные археологические памятники отличаются своими особенностями. Расскрывая их секреты, нужно пропагандировать будущее поколение, чтобы они исследовали “ Жайық қалашығы” и эта проблема стала актуальной на всей день.

В проведении работы по анализу ученика, найденные археологические памятники исследованы,много дерективов взяты с областного музея краеведения.

В работе Н.Сауырбаевой четко определены субъективные мнения и предложения в заключительном разделе.

Объект исследованияпроекта: основным объектом исследовательской работы взят «Жайық қалашығы» около г.Уральска Западно- Казахстанской области найденные археологические памятники.

Цель исследования: исследуя археологические памятники «Жайық қалашығы», дать им описание и анализ, пропагандировать и прививать любовь к своему краю будущему поколению.

Прогнозы научного исследования: найденные в наших краях археологические памятники должны научно обосноваться и глубже исследоваться, тогда у учащихся будут прививаться интерес к исследовательско-поисковой работе.

Исследовательские этапы:

Первый этап: побывая в пригородах р. Урала были собраны дерективы об археологических памятниках. Был проведено анкетирование среди учителей и учащиеся.

Второй этап: вовремя исследования были проведены поездки в районный и областной музеи краеведения, взяты интервью.

Третьий этап: были собраны результаты, подготовлены рекомендации, исследовательская работа завершина.

Обязанности исследовательской работы:

  • Провести в пригородах реки Урала исследования, собрать данные.
  • Провести анализ материалов о археологических памятниках.
  • Раскрыть историю найденных раскопок в «Жайық қалашығы»

Ожидаемый результат: не включенные в школьную программу найденные исторические памятники «Жайық қалашығы» дать им научное обоснование, результатом анкетирования объяснить значение исторических памятников и вести пропаганду среди учашихся сохранить достояние нашего края.

Методы исследования: вести анкетирование, делать исторические обзоры, делать турпоездки в музеи, в исследовательские места. Научно- исследовательскую работу направить на защиту.

Abstract

West Kazakhstan region in the Urals “in the Urals town” description of the secrets and historical monuments found in the territory towards the promotion of the next generation “of the Urals town” History tells “the relevance of the research work have been clearly defined. Student conduct work on the analysis of “Ural town” is found in the archaeological sites of the town saw nature of the established regional museum data clearly. Nazerke Sauirbaeva’s subjective opinions and proposals had to clear the final section.

The object of study of the project: The basic form of the West Kazakhstan region Uralsk” Ural town” has been found in the history of archaeological monuments .

The purpose of the study : ” Ural village ” found in the archaeological sites of identification , description , and the promotion of the next generation .

Research: found in archaeological sites in the region has been promoted scientific research, which allows the formation of students ‘ research and research point of view .

Research stages:

In the first stage “of the Urals town “, and archaeological data collected. Schools , teachers were surveyed.

In the secondphase of research on the issue of district, regional museum tour designed and conducted interviews .

The results of the research work of the third period, collected and studied, meditated conducted and concluded that the recommendations made ​​in research work , the training is completed.

Objectives of the research:

“Ural town” go on research and data collection;

Analysis of the data collected about the archaeological monuments;

“Ural town” found the secret of monuments;

Expected result: included in the school curriculum, “the Ural town” found in the results of the survey gives a description of historical monuments promoted to explain the importance of the next generation.

Methods: surveys, historical descriptions, museums, and research institutions of the journey. The research work of the defense.

Кіріспе

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Іздестіру-зерттеу жұмысында Батыс Қазақстан өңіріндегі тарихи орын «Жайық қалашығынан» табылған археологиялық ескерткіштер анықталып, тарихи орындағы зерттеу жұмысына қатысып, облыстық музейге саяхат жасалып, ескерткіштердің сыры тарихи тұрғысынан қарастырылды.

Халық тұтынатын құрылыс орындары, әктас күйдіретін пеш, жерлеу орындары, шығыс моншасы туралы нақты тарихи деректер жинақталып жазылды. Қалашықтан табылған әр ескерткіш жайында баспасөз бетінен, облыстық тарихи-өлкетану музейінен деректер алынып, ізденіс жұмыстары жүргізілді. XIV-XV ғасырдағы адамдардың сүйектері, зираттарының ерекшелігі, қоладан жасалған сырға табылғаны жөнінде деректер келтірілген. Мектеп оқушылар мен мұғалімдердің саулнама қорытындысы сараланды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: «Жайық қалашығынан» табылған археологиялық ескерткіштерді сипаттап, келер ұрпаққа насихаттау, тарихи сырын білу.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:

«Жайық қалашығынан» табылған археологиялық ескерткіштерді насихаттау. Археологиялық ескерткіштердің тарихын анықтап, сипаттама беру. Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді айқындап, шешу көзделді.

  • Бүгінгі күнге дейін «Жайық қалашығынан» табылған ескерткіштерді анықтау;
  • Археологиялық ескерткіштерге тарихи сипаттама беру;
  • Тарихи ескерткіштердің сырын анықтап, зерттеу жүргізу;
  • Өлкетану музейінен деректер жинап, зерделеу;

Іздестіру-зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.

Негізгі бөлім

2.1. Жайық қалашығы – бүгінгі Оралдың іргетасы

Қаланың оңтүстік шығысында 12 шақырым жерде орналасқан ортағасырлық Жайық қалашығын зерттеу жұмыстары облыстық тарих және археология орталығы мамандары тарапынан жүргізілуде. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде қалашық аймағында бірнеше тұрғын, қоғамдық және шаруашылық нысандары болғаны анықталды. Оның ішінде бізге белгілілері – кірпіш және әктас күйдіретін пештер, қала моншасы, тұрғын үй-жай, қалашық бейітіндегі кесенелер [Қосымша №1].

Тік бұрыш пішінді кірпіш күйдіріп жағу камерасы қалдығының қабырғалары кірпіштен тұрғызылған. Ғалымдар мұндай қондырғылар Еділ маңы мен Жайық өңіріндегі Алтын Орда дәуіріне тиісті қалаларға Орта Азиядан келген деп тұжырымдайды. Кірпіштерді, жылтыр тақтайшаларды, үлкен ыдыстарды (хумдар) күйдіріп жасауға арнаған мұндай пеш 2002 жылғы қазба жұмыстарынан бері Жайық қалашығынан табылған екінші нысан [Қосымша №1].

Халық тұтынатын құрылыстың бірі – шығыс моншасы немесе хаммам қала ортасында орналасқан. Монша қалдығы үлкен ордың ішіне салынып жан-жағына қалың қара күйе қабаты жағылған, бұл жағдай осы жерден жылыту жүйесі өткенін дәлелдейді. Үстіңгі қабаттың жоғарындағы күйдірілген кірпіштермен тіктелген құрылыс элементтері-моншаның сыртқы қабырғасы, сондай-ақ ішкі құрылыс бөлшектері болған деп тұжырымдалды. Ең қызығы,мұндағы ағын сулар қыш құбырлардың көмегімен орталық бір орға жиналған. Қазба жұмыстары кезінде осындай құбырлар көптеп табылды. Моншаның орталық залы сегіз бұрышты, оған шығыс және батыс бағыттан шағын шомылу бөлмелері жапсарлана салынған. Жерасты жағу жүйесі еден астынан барлық ішкі бөлмелерге таратылып, шомылу бөлмелеріне су қыш құбырлармен жеткізілген. Сонымен қатар қыштан жасалған шылапшын-легендер де табылды. Ортағасырлық мұсылман қалаларында мешіттен кейінгі басты пайдалану орыны болған моншаны безендіруде озық архитектуралық үлгілер қолданылған. Ғимараттың сыртын безендірген, жылтыратылған тақтайша сынықтары да көп.

Әктас күйдіретін пеш

Сол кезеңде құрылыс жұмыстарындағы негізгі материалдарды бір-бірімен қиюластыратын әкті күйдіріп алу үшін арнаулы пештер жасалған. Цилиндр пішінді Жайық пеші 250 см-лік тереңдіктегі шұңқырға кірпіштерден тіркелген.Қазіргі таңда 13 қатар кірпіш сақталған. Пештің астыңғы бөлімінде болған арка пішіндес кіру орны жан-жағына кеңейтілген. Одан сәл төменде ауа шығатын кішкене тесікше орналасқан. Пештің түбі саз балшықпен сылақталған және 5 см тереңге дейін күйген, түбінен кемер-кертпеш салынған бұл элементтің сырты әктастан ағарып кеткен. Зерттеу кезінде пеш сыртынан көміліп қалған шұңқыр табылды. Тазаланғаннан кейін оның өртеуге дайындалған әктастарды жинап қоятын орын екені белгілі болды.

Жерлеу орындары анықталды

Қалашықтағы «Кіші тұрғын-жай» мекенінің орнындағы қазба жұмыстарынан соң, оның қызметі және тіктеу әдістері, оған қандай құрылыс материалдары пайдаланылғаны туралы мәліметтер алынды. Үй-жайдың тұрғындарға арналған бөлігі жобасына қарай екі бөлмеден тұрады. Олар бір-бірінен күрделі қабырғалармен бөлінген, мекен-жайдың кіріп-шығу есігі солтүстік қабырғада орналасқан. Бөлмелер арнаулы жүйелермен жылытылып, тұрғын бөлмелер айналасында қосымша шағын бөлмелер (зат қоятын бөлме, қойма болса керек) орналасқан. Тұрғын-жайдың ауқымды ауласы мен аулада шаруашылыққа арналған жайлар бар.

Қалашықтан 1,5 шақырым ара қашықтықтағы орталық бейітте ерте темір ғасырына тән обалар мен орта ғасырларға тиісті кесенелер орналасқан. Олардың ішіндегі анағұрлым танымал екі кесененің біріншісі-екі камералы немесе «кіші кесене» деп аталған ескерткіш жоғарғы тап өкіліне тиісті болуы мүмкін. Құрылыс және қаптау материалдары да жоғарыдағы құрылыс материалдарын күйдіретін пештерде жасалғаны анық. Кесененің архитектуралық әдісі XIII-XIV ғасырлардағы Алтын Орда дәуіріне тиісті құрылыстарға тән. Өйткені қазба жұмыстары барысында Алтын Орда қалаларының құрылыс ғимараттарында кездесетін оюлармен айшықталған қаптама тақтайлар көптеп табылды. Құрылыс орындарының қабырғалары мен едендері бір кездері түбегейлі бұзылып, талқандалған.

Бейіттегі зерттелген екінші нысана – «үлкен кесене» екі камералы. Кесене үстінде көлемдері әр түрлі пішіндегі күмбез болған деген болжам жасалды, олар өзіндік табандар мен өтпелі қондырғыларға орнатылған болуы мүмкін. Күмбездердің сыртқы бөлігі көк жылтыр қаптамалармен көмкерілген. Ескерткіштің алдыңғы беті орталық монументальды портал түрінде дайындалса, ішкі бөлігі алтын жалатылған көк түсті қаптамамен, полихромды жазбамен безендірілген. Алдыңғы бөлмені зияратшылар Құран оқуға немесе басқа да діни шаралар үшін пайдаланған болуы керек. Ал негізгі бөлмеден 11 жерлеу орны анықталды. Оған туысқан немесе қандай да бір діни ғұлама жерленіп, кейін оның қасына мурид-оқушылары жерленген болуы мүмкін. Себебі бір жерлеу орны негізгі сыңайлы,ал қалғандары соңынан қойылған.

«Шакафни» немесе Шаған

Археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан қала туралы жазбаша деректерді табу үшін алдымен XIV-XV ғасырларға тиісті картографиялық материалдарды қарағанымыз абзал. Алтын Орда мемлекті туралы мағлұмат беретін 1367 жылы ағайынды итальяндық көпестер Франциско және Доменико Пицигани жасаған карта біздің ескерткішімізге қатысты бағалы ақпарат береді. Бұл деректе «Лаэтидің» (Еділ мен Жайық ортасында, Каспий жағасында орналасқан қала) шығысында жазумен тағы бір шаhар көрсетілген. Ол жерден солтүстікке қарай екінші мекен орнынының мұнарасында жалауы желбіреген бекініс-қамал белгіленген. Өкінішке орай, оның атауы жазылмаған. Суреттегі мұнара көлемінің үлкендігі мен үстіндегі желбіреген жалау бұл орынның ірі саяси-экономикалық орталық болғанына дәлел болады. Картадағы бірінші карта сөзсіз Сарайшық, ал одан солтүстікке қарай орналасқан екінші атаусыз қаланы Жайық қалашығымен салыстыруға болады. Себебі қазіргі Орал мен Атырау қалаларының арасында Сарайшықтан басқа ірі ескерткіш әлі табылмады, ал біздің Жайық қалашығы дәл осы орталықта жайласқан. Екіншіден, Жайық қалашығы аумағынан бірнеше құрылыс материалдарын өндіретін нысаналар табылды, егер қала құрылысына құрылыс материалдары қажет болмаса, мұндай нысаналар салынбас еді. Бұл – экономика заңы. Сондай-ақ 1562 жылы ағылшын капитаны Антони Дженкинсон Мәскеуден Үргеніш қаласына дейін сауда мақсатында сапарға шықан. Кейін оның өзі жүріп өткен жерлерін түсірген картасында Сарайшықтан жоғарыдан Жайық өзенінің оң жағында кішкене белгімен Шакафни (Shakafni) атымен қала берілген. Бұл деректегі атау біздің ескерткішімізге тиесілі деген болжам жасауға болады. Ал Дженкинсон жер аттарын жергілікті тұрғындардан жазып алған. Бұл жерде аудармашының қателігі немесе транскрипциясында қала тауы бұрмаланып берілген болуы ықтимал. Бұл мәселені болашақта тарихшылар мен лингвистер шешеді деген сенімдеміз. «Шакафни» жергілікті халық арасында сол кезде Шаған деп аталуы мүмкін. Тағы бір назар аударарлық жайт: Жайық өзенінің бір тармағы әлі күнге дейін Шаған (Чаган) деп аталады.

Архелогиялық зерттеулер барысында қалада ХІІІ ғасырдағы моншаның орны, талай сырды ішіне бүккен құмыралар, металл бұйымдары мен көгілдір керамика, әшекейленген тақтатас қалдықтары, әр түрлі әйнек моншақтар мен екі мыс ақша табылды. Бұл ақшаның бірінде жазу іздері сақталған. Онда «Сарайда соғылған. 737» деген жазу бар. Яғни 737 хижра жылы (біздіңше 1336-1337жылдар) [1, 16-бет].

Осы қазба, зерттеу жұмыстарының басында болған Батыс Қазақстан облыстық архелогия орталығының директоры, тарих ғылымының докторы М.Сыдықов өз зерттеулерінде бұл табылған заттардың көбінің Жайық бойына Ұлы Жібек жолы арқылы жеткізілу мүмкіндігіне тоқталып, Жайық қалашығындағыдай кірпіш күйдіру пеші Еділ мен Жайық бойындағы Алтын Орда қалаларына Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстаннан әкелінсе керек деген қорытындыға келіп отыр. Өйткені Алтын Орда дәуірінде мұндай пештер Хорезмде, ежелгі Отырар және Күйріктөбе қалашығында белгілі болған.

Еділ бойы қалалары мен Жайық қалашығы үйлерінің жоспарын техникалық әдістерін салыстыра келгенде, Жайық өзені бойындағы құрылыс мәдениетіне Хорезм мен Сырдария дәстүрі көбірек әсер еткенін байқау қиын емес. Жайық қалашығындағы тұрғын үйлер пішіні ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы Үргеніш,Отырар, Түркістан үйлерімен сәйкес келеді. Міне, мұның өзіЖайық қалашығының орнында бұрын да өркениетті қалашық болғанын дәлелдейтін нақты деректер.

Музей қорындағы ежелгі қала орнынан табылған заттар: тас кірпіштер, шығыр құмыралар сияқты құнды жәдігерлер де мұның айғағы десе де болғандай. Бұл заттарды зерделей келе, ғалымдар шартты түрде «Жайық қалашығы» деп аталатын көне қорымда орта ғасырларда шамаман 2,5-3 мың адам өмір сүргенін айтып отыр. Қала Алтын Орда мемлекетінің тұсында әкімшілік және сауда орталығы болған. Қалада монша, базар және некрополь салынған. Әсіресе, керемет кесене болғаны анықталып отыр. Ол өзінің сәулеті жөнінен Ұлытау аймағындағы аты әйгілі Жошы ханның кесенесіне ұқсас болса керек.

Алтын Орда құлағаннан кейін Жайық қалашығының да қуаты кеми бастаған. Күшті мемлекет жоғалған соң, қала үстінен өтетін керуендер де сиреген.

Ғалымдардың пікірінше ортағасырлық қаланың құрып кетуінің дәл себебін тап басып айту қиын. Оған тұтқиылдан жасалған шабуыл да, су тасқыны да, елді кеңінен жайлаған індеттің де кесірінің тиюі әбден мүмкін.

Жайық жағасына салынып, Мәскеу мемлекеті мен Орта Азия хандықтары арасындағы аса маңызды керуен жолының бойында орналасқан бұл қала халық арасында Теке деген атаумен де белгілі болған. Академик Т.З. Рысбеков «Орал қаласының пайда болу жөніндегі пікірі» деген еңбегінде қаланың тарихи атауы Жайық екендігіне тоқтала келе былай деп жазған: «Жайық жағасындағы қаланың шығу тарихын қозғай отырып, қазақтар оны Теке (шын мәнінде Текке) деп атағанын еске сала кетуге болады…Текке түрік тілінде мешіт, діни орын деген мағынаны білдіреді. Текке қаласы қазақтардың (жалпы, түркі тілдес тайпалардың) үлкен діни орнына айналған орталығы болды деген тұжырым айтуға болады»[2, 38-бет].

Қазақтың кең байтақ даласында жергілікті тұрғындар бұрын-соңды көшпелі өмір сүрген, қалалық отырықшылық өмір салты болмаған деп айтылып келген болатын. Уақыт өте келе бұл тұжырым негізсіз болып қалды. Қазба жұмыстары, көптеген көрнекті ғалымдар еңбектері нәтижесінде ортағасырлар кезіңде Қазақстан көлемінде керемет архитектуралық құрылыс нышандары сарайлары, мешіттері, кесенелері бар көптеген гүлденген қалалардың болғандығы дәлелденіп, қазіргі таңда егемендігімізді алғалы бері бұл жұмыстар өз жалғасын табуда.

Уақыт өте көне шаһарлар жөнідегі мәліметтер сақталмаған. Кейбір қалалардың атауы ел аузындағы ауыз әңгімелерде ғана кездеседі. Көбінің атауы тіптен белгісіз. Қазіргі уақытта тек олардың бағзы заманнан сыр шертер орындары қалған. Осындай ата-бабамыздан қалған тарихымыздың сан құпияларын бауырына басып жатқан көне шаһарларды зерттеу жұмыстары бабалар тарихы мен мәдениетінің терең қойнауын ақтарып, өткенімізді танып білуге мүмкіндік береді. Қазақстан аумағындағы көне қалаларды зерттеу нәтижесінде дархан даламызда көшпелі өмірмен қатар отырықшы өмір салты үйлесім тапқаны анықталды.

Жайық қалашығының аумағы шамамен 7-9 га жерді алып жатыр. Қазба жұмыстары кезінде қалашықта тұрғын үйлер табылды. Ғалымдар зерттеу барысында Еділ бойындағы қалалар мен Жайық қалашығының үй құрылыстарының жобасы мен салу тәсілдерін салыстыра келіп, Жайық бойындағы құрылыс мәдениетіне, Хорезм мен Сырдария үй салу дәстүрлерінің әсері басым болғанын анықтады.

Тұрғын-жайдың ішкі көрінісі

Үй-жайларды былайша суреттеуге болады. Үйлердің адамдар тұруға арналған бөлігі өз алдына бөлек құрылыс түрінде, жобасына қарай екі бірдей бөлмеден тұрады, бөлмелер бір-бірінен қабырғалармен бөлінген. Шығу есігі-солтүстік қабырғада орналасқан. Орталық қабырғаны бойлай орналасқан есіктер арқылы тұрғын бөлмелерге өтуге болады. Тұрғын бөлмелердің айналасында қосымша шағын бөлмелер орналасқан, олар заттар қоятын бөлмелер, қоймалар болғаны айқын. Мекен-жайдың ауқымды ауласы және аула ішінде шаруашылыққа арналған жайлар орналасқан [1, 18-бет].

Кірпіш пен қыш бұйымдарды күйдіретін пеш қалдығы

Қалашықта жүргізілген жұмыстар нәтежиесінде ХІҮ ғасырдың алғашқы жартысында соғылған теңгелер, керамикалық бұйымдар мен басқа да заттарға алдын-ала жасалған сараптама негізінде осы жерде ХІІІ-ХІҮ ғасырлардың аяғында Алтын Орда кезеңіндегі ірі қала болғаны анықталды.

Қалашық жан-жағынан табиғи қорғаныстар сай-жыралар, өзен жағалауы, Меловая тауының маңындағы Жайық өзенінен өтуге болатын Төменгі Меловая және Жоғарғы Меловая қайраңдары бар. Осындай жерде қалашықтың болуы орынды , себебі осы жермен Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтетін [1, 20-бет]

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі Батыс Қазақстан облысының орталығы болып табылатын Орал қаласында орналасқан. Музей қорында Жайық қалашығына жүргізілген қазба жұмыстары негізінде табылыған шығырлы құмырлар сынықтары, цилиндр пішінді су құбырларының сынықтары, қыш құмыралар сынықтары, геометриялық өрнектермен өрнектелген төртбұрышты ақшыл-көк түсті Үлкен кесене орнынан табылған тақташалар, өсімдік тектес өрнектермен өрнектелген ақшыл-көк түсті Үлкен кесене орнынан табылған тақташалар, кірпіштер сынды асыл жәдігерлер сақталудаЖайық қалашығының табылуы, біздің өлкемізде Х ғасырдан бастап қала мәдениетінің пайда болғандығын дәлелдейді. Сондықтан да, аталған тарихи ескерткіштің құндылығы сонда, біздің аймақта Яицк қалашығынан да көне қала болғандығының тікелей дәлелі [Қосымша №4].

Жайық қалашығынан табылған кесене орны

Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының мамандары бірнеше жылдан бері қазба жұмыстарын жүргізіп келе жатқан. Жайық қалашығы құпиясын бірте-бірте ашып келеді. Көне қала аумағы оңтүстік және оңтүстік-шығыстан Жайық өзенінің терраса бауырайымен шектессе, ал басқа жағынан табиғи жыралар қоршап тұр. Аумақтан қандай да бір антропогендік қоршау іздері табылмады. Археологиялық нысан іздері байқалатын аумақ көлемі қазіргі таңда 7-8 гектарды құрайды. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде қалашық аумағында бірнеше тұрғынжай, қоғамдық және шаруашылық нысандары анықталды. Қазір бізге белгілі нысандар : кірпіш және әктас күйдіретін пештер, қала моншасы, тұрғын үй-жайы және қалашық бетіндегі кесенелер [1, 22-бет]

2013 жылы дала маусымында қалашық қорымы орналасқан Желтаудың үстінде №1 қазба орны жасалды. Бұл орын негізгі ескерткіштер шоғырланған қалашықтан 2 км қашықтықта орналасқан. Алдыңғы жылдары осы жерде бірнеше жерлеу орны қалдықтары зерттелген еді. Жаңа қазба орны “Үлкен кесене” ескерткішінен солтүстік – шығыс бағытта, 300 м қашықтықта орналасқан 2013 жылға дейін бұл жер егіс алқабы ретінде пайдаланылған. Қазба жұмысы басталар алдында алқапқа биіктігі 0,5 – 0,7м болатын, сырт көзге білінер-білінбес екі төбешік болды. Бұл жерде алқап оңтүстікке қарай еңісті болып келеді. Аумақта күйген кірпіштің, қождың (шлак) қалдығы көптеп кездеседі. Әр жерде қыш құмыра сынықтары шашылған.

Қазба жұмыстарынан бұрын нысанның диамерті – 15 м, биіктігі – 0,5м топырақ үйіндісі болды. Жердің жоғарғы қабаты алынған соң, дөңгелек пішіндегі құрылыстың сұлбасы (контур) көріне бастады. Ескерткіш ортасында камерасы (қабір орны) бар дөңгелек пішінді жерлеу құрылысы екендігі белгілі болды.Ескерткіштің сақталған қабырғасының қалыңдығы 2,20 – 2,25 м болды. Архитектуралық тұрғыдан кесене қабырғасы күйдірілген және қам кірпіштердің ортасына қож және кесек тастарды салып, аралас тәсілмен тіктеген [1, 25-бет]

Қазба жұмысы кезінде ескерткіш қабырғасы кірпіш қалауының ең төменгі қатары сақталғандығы белгілі болды, ал бүтін кірпіш мүлдем сақталмаған, олардың тек сынықтары кездеседі. Күйдірілген кірпіштен соң, қам кірпіштен қаланған қатар кетеді. Қам кірпіштің пішіні тік бұрышты болып, көлемі 15х30х6, 17х32х6, 18х33х7 см ал қам кірпіштің аралығы қож сынықтарымен толықтырылған. Жер тегістігінің жоғарғы қабатын алғаннан кейін құрылыстың ортасында жерлеу камерасының сұлбасы анық көріне бастады. Құрылыстың оңтүстік – батыс бөлігінде сыртқы қабырғаның бұзылған орнының іздері байқалады. Қабырғаның осы жерінде тонаушылық кіру орны болғаны ықтимал. Сыртқы қабырғадан солтүстікке 40 см аралықта, – 132 см нүктесінде адамның бас сүйегі табылды. Айналасында басқа сүйек кездеспейді, сірә, кесенені тонау кезінде сүйек орнынан алынып, басқа жерге лақтырып тасталған болуы мүмкін. Бас сүйек бүйірленіп жатыр, желке жағында кірпіштің екі сынығы табылды. Сүйек тігістерінің өсуіне байланысты, жерленген ересек адам болғандығын болжамдаймыз. Құрылыс қабырғаларынан батысқа қарай 3,20 метр балшық аралас күйдірілген кірпіштер үйіндісі орналасқан. Балшық ақшыл сары түсті болып, материктен шұғыл айырылып тұр. Үйіндінің көлемі 2,80х2,20 м. Бұл орынды тазалау кезінде үйіндінің төменгі жағында жасанды шұқыр болғандығы белгілі болды. Бұндай терең емес шұқыр алдын ала қандай да бір құрылыс тіктеу үшін жасалған болуы мүмкін деген болжамға итермелейді. Дәл осындай үйінді құрылыстың шығыс бөлігінде, қабырғадан 3,60 метр аралықта табылды. Бұл үйіндінің көлемі 3,40х2,80 метр. Өкінішке орай,қазіргі танда бұл үйінділер ненің қалдығы екендігін нақты айту мүмкін емес. Бәлкім, ескерткіш бұзылмас бұрын ортасында дөнгелек пішінді кесене болып, шығыс пен батыс сызығында екі мұнаралы құрылыс болған болуы мүмкін [2, 38-бет].

Ескерткіштің оңтүстік бөлімінде қам кірпіштен қаланған, кесенеге жапсыра салынған құрылыс қалдығы жайласқан. Құрылыстың көлемі 15х30,17х35 см.Жапсырма құрылыс кесененің алдына ішке кіруге ынғайлы болу үшін салынған пандус болуы мүмкін Бұндай болжамға бір деңгейде құлаған қабырға үйінділері де дәлел болып тұр. Кесененің жерлеу камерасы оңтүстік шығыс секторындағы тонаушылық шұқыры кесірінен бұзылған. Жерлеу камерасын тазалау кезінде ішінен күйдірілген және қам кірпіш сынықтары шықты. Камера жоспарда дөңгелек болып келген,диаметрі 5,10 метр. Қазба кезінде камера ортасында 70 см тереңдікте адам сүйектері табылды. Сүйектер шашыраңқы күйде, анатомиялық емес жағдайда жатты. Жерлеу шұңқырының түбі қазіргі тегістіктен 125 см тереңдікте орналасқан. Жерлеу камерасын тазалау кезінде екі адамның бас сүйегі,басқа да сүйектері табылды.Сүйектер қабір ішінде бей-берекет шашылған. Кесенеден оңтүстік бағытқа қарай 3,50 см аралықта терең емес 5 таяз шұңқыр табылды.Шұңқырлардың тереңдігі 40-52 см,ал диаметрі 45-75 см,тазалау кезінде ішінен еш нәрсе табылмады.

2.2 Жайық қалашығы – көне өркениет ошағы

Жаңалыққа жол ашқан зерттеулер

Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шын мәнінде тарих пен мәдениетті өркендетудің маңызды сипатына айналды.

Осы бағдарлама аясында Батыс Қазақстан облысында ғажайып кешенді тарихи және археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бай тарихымыздың үлкен қазынасы қайтарылып, ғылыми зерделеудің мәні болды деп айтуға болады.

Бүгінге дейін Батыс Қазақстан өлкесі көшпелі шаруашылық аумағы болып есептелгендіктен,аталмыш ашылымның мәнін бағалау қиын.Бұл ашылым осы аумақтағы қалалардың қазіргі Орал қаласы құрылғанға дейін біраз уақыт бұрын болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Енді Оралдың пайда болған кезін 1613 жыл емес, XIV ғасыр деп есептеген жөн.Бұл маңызды ашылымның өңір аумағындағы бірқатар тарихи үрдістерді түсіну үшін тарихымызға жаңаша үңілуге жетелейді [1, 7-бет]

Ежелгі қалашықтың бірі 2001 жылы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласынан 12 шақырым жерде табылған «Жайық қалшығы» [Қосымша №1]. Батыс өлкенің отырықшы қалалық мәдениеті осы уақытқа дейін жеткілікті зерттелген емес. Сол себепті көпшілік бұл өлкеде тек қана мал өсіруді кәсіп қылған көшпелі тайпалармен байланыстырып келген болатын [1, 12-бет].

Жайық қаласын зерттеу барысында ғалымдар осы арада көне қаланың болғандығы жөнінде тарихи деректер іздестірді. Осы мақсатта ХІҮ-ХҮ ғасырлардың картографиялық материалдары қарастырылды.

Алтын Орданының мейлінше толық картасы-1367 жылы итальядық ағайынды көпестер Франциско және Доменико Пициганилер құрастырған карта. Онда «Лайетиден шығысқа қарай» (Лайети-Еділ мен Жайық аралығындағы Каспий жағалауында орналасқан қала) деген жазумен бір қала белгіленген. Одан солтүстікке қарай тағы бір атауы көрсетілмеген қала салынған. Картада белгіленген қаланың қала мұнарасы суретінің үлкендігіне және оның үстінде желбіреп тұрған туға қарап, оның ірі орталық болғанын білуге болады [2, 37-бет]

Жайық өзенінің бойындағы бірінші белгіленген қалашықтың Сарайшық екенін нық сеніммен айта аламыз. Осы Сарайшық солтүстігіне қарай, Жайық өзенінің оң жағалауындағы атаусыз қала Жайық қаласы болуы мүмкін.

Бұл қаланың атауы басқа 1562 жылы, ағайынды Пициганилерден екі жүз жылдан кейін, Антоний Дженкинсоның картасында көрсетілген деп болжауға болды.

Қазіргі кезде Жайық қалашығы Батыс Қазақстан облыс аумағындағы ірі мәдениет ескерткіші болып есептеледі. Бір кездері Жайық ирегіндегі үлкен қаланың болғанын итальяндық көпестер ағайынды Пициганнидің 1367 жылғы картасы, 1562 жылы – 200 жыл дерлік кейін жасалған ағылшын капитаны Антоний Дженкинсонның картасы растайды [1, 14-бет]

Тарихи деректерде Жайық қалашығы деп аталған қаланың ХІІІ-ХІҮ ғасырларға жататындығы көрсетілді, ортағасырлық авторлардың деректері, сондай-ақ Жайықтағы қалалар туралы жазған ХҮІІІ-ХІХ ғғ. ғалымдардың қорытындылары шындық болып шықты. Ал археолог Ғ.Қушаевтың Оралдың орнында ежелден өркениетті қала болғандығы туралы пікірі нақты дәлелденді [2, 37-бет].

Жайық қалашығының Алтын Орда дәуірінде жоғарғы өркениетті, өз өндірісі мен қолөнері дамыған орталық болғанын археологиялық зерттеу нәтижелері нақты дәлелдеп отыр. Ол – бүгінгі Оралдың іргетасы.

Археологиялық зерттеулер дәлелдегендей, біздің өңірімізде қалалық мәдениет XII ғасырда-ақ қалыптасқан. Бұл жаңалық өткен жылдың қыркүйегінде облыстық тарих және археология орталығы ұйымдастырған халықаралық-ғылыми конференцияда ғалымдар тарапынан мақұлданды. Сондықтан бұл тарих және мәдениет ескерткішін жоғарғы ғылыми тұрғыда терең зерттеп, нәтижесін насихаттау – өзекті ғылыми және мәдени маңызға ие. Бұл тарих ғылымында анағұрлым дұрыс зерттелмеген ортағасырлардағы тарихымыз туралы білімімізді кеңейтуге, қазақ жұрты мен Жайық өңірінің басқа да халықтарының этногенездік процестерін тереңірек түсінуге, бұрмаланған тарихи фактілер мен шешімдерден ашық түрде бас тартуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келгенде, дөңгелек пішіндегі кесене орта ғасырларда тоналғаны анықталды. Бұған кесене қабырғасының бұзылуы және адам сүйегінің шашылып жатырғаны дәлел. Кесене қабырғаларының қалың болуы-оның үлкен салмақты болғанын айғақтап тұр. Біздің ойымызша, тұрғызылған кезінде кесене биік күмбез тәрізді немесе мұнара тәрізді ескерткіш болған сияқты. Ескерткіштің оңтүстік бөлігінде табылған шұңқырлар да құлпытас белгілер болған секілді. Өйткені кесененің кіре-берісі де осы бетінде орналасқан. Айтылған қорытындылар негізінде кесененің графикалық реконструкциясы жасалды.

Қорытынды

«Жайық қалашығындағы» зерттеу жұмыстарына барған кезде XIV- XV ғасырға жататын 18 адамның зираты табылды. Зиратты көзімізбен көріп, тазалауға үлес қостық. Өткен тарихымызды білу, зерттеу жұмысына қатысу – мен үшін үлкен мәртебе болды. Зираттардың ерекшелігі – барлығы да мұсылманша жерленген. Адамдардың басы батысқа қаратылып, қабір ішінен бөлек үңгір бар екен.

Қоладан жасалған көзі бар сырға да табылды. Сырғаны көзімізбен көріп, суретке түсірдік.

Ортағасырлық Жайық қалашығы Орал қаласынан оңтүстікте 12 км жерде, Шаған өзенінің арнасы құраған жағалаудың үстінде орналасқан.Қалашықтың көлемі шамамен 7 га құрайды. Қала тұрғын жайлардан, өндірістік және қоғамдық мақсаттағы құрылыстардан тұрады, яғни еден асты жылыту жүйесі бар шығыс моншасы, кірпіш күйдіретін және керамикалық пеш қалдықтары.Қалашықтан батысқа қарай 2 км қашықтықта, қала қорымында ғұрыптық ғимараттың, яғни полихромды глазурмен апталған екі камералы күмбезді кесененің қирандысы табылды. Қалашықтан күрделі шикі қабырғамен бөлектенген бірнеше бөлмеден тұратын тұрғын үй аршылды. Тұрғын үйлердің ішкі бөлігі тандырдың мұржасы арқылы жылынып, ол өз кезегінде «П-тәріздес» суфаға жалғасқан. Одан әрі «кан тәрізді» мұржа арқылы сыртқа қабырғадан тік шығарылған. Тұрғын үйлерде күйдірілген кірпіштен қаланған тікбұрышты пештер бар. Шаруашылық маңыздағы бөлмелерде ұралар, ташнаулар, қоқыс шұқырлары орын тепкен. Қалашықтан табылған материалдар үй құрылысы дәстүрінде Хорезм мен Сырдария өңірінің әсерлері болғанын айғақтайды. Сонымен қатар зерттеулер Нижный Повольженің тұрғын жайларымен үндестігі және өзгешеліктері бар екендігін де көрсетеді. Жайық қалашығы XIV ғ. бірінші жартысында, Өзбек (1313-1339 жж.) пен Жәнібек (1312-1357 жж.) хандардың билігі кезінде пайда болса керек. Бұл кезеңдер Алтын Орданың ең дамыған және қала мәдениетінің гүлденген кезі болып табылады.

«Жайық қалашығанан» келгеннен кейін мектеп оқушыларына, мұғалімдерге сауалнама жүргіздім.

«Жайық қалашығы» туралы білесіз бе?» деген сұраққа 25%-ы «Иә», 75%-ы «Жоқ» деп жауап берген. «Қалашықтан табылған қандай ескерткіштер бар?» деген сұраққа тарих пәнінің мұғалімдері ғана жазған. «Жайық қалашығында» болдыңыз ба?» деген сұраққа 2 қатысушы ғана «Иә» деп жауап берген. «Археологиялық ескерткіштер жайында зерттеу еңбектері бар ма?» деген сұраққа көбі «Білмеймін» деп жауап жазған. Сауалнама нәтижесі бойынша «Жайық қалашығынан» табылған археологиялық ескерткіштерді зерттеп, тарихын анықтап, сипаттама беріп, келер ұрпаққа насихаттау керек деп ұқтым. Сауалнамаға қатысушы мектептің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер «Жайық қалашығы» туралы деректер білмейтіндігін біліп, қалашық орнына барып, облыстық тарихи-өлкетану музейінде жинақталған деректерді жинастырдым.

Зерттеу жұмысын қорытындылай келе ұсынысым:

  • Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми-танымдық журналдарға «Жайық қалашығынан» табылған ескерткіштер туралы ғылыми мақалалар кеңінен жазылса;
  • облыстық, республикалық деңгейінде ғылыми конференциялар ұйымдастырылса;
  • Археологиялық ескерткіштердің тарихи хақында ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілсе;

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы
  2. «Дана» журналы №2-3 (13)/2014 жыл
  3. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінен деректер
  4. «Жайық қалашығында» түсірілген суреттер
  5. «Мәдени мұра» журналы №4-6/2008 жыл
  6. «Жайық үні» газеті №13/2013 жыл

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ

Зерттеу тақырыбы: «Жайық қалашығы» тарихтан сыр шертеді

Оқушының аты-жөні: Сауырбаева Назерке Саламатқызы

Мектеп, сыныбы: Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебінің 10-сынып оқушысы

Жетекшінің аты-жөні: Абілқасымов Қуаныш Өмірзақұлы

Тарих, география пәнінің мұғалімі

№ Жұмыс мазмұны Зерттеу әдістері Мерзімі Ескерту
1 «Жайық қалашығы» туралы деректер анықтадым Ақпарат жинау Маусым

2016 жыл

Газет, журналдардан деректер жинау
2 Орал қаласындағы «Жайық қалашығына» зерттеу жұмысына бардым Археологиялық ескерткіштерді фотоға түсіру Ескерткіштердің фотосын жинау, ғалымдармен пікірлесу
3 Зерттеу жұмысының мақсат, міндетін анықтадым Зерттеу жүргізу
4 Ауыл кітапханашысымен сұхбат жүргіздім Сұхбаттасу Қыркүйек
5 «Жайық қалашығанан» табылған ескерткіштермен таныстым Іздену Ауыл кітапханасына бару
6 «Жайық қалашығына» барған кездегі табылған зираттар туралы деректер жинау Іздену Қазан «Дана» журналын жинау
7 Ауыл тұрғындарына, мұғалімдерге, мектеп оқушыларына, сауалнама жүргізу Сауалнама Желтоқсан Мониторинг жасау
8 Аудандық музейге саяхат Сұхбат 2017 жыл Қаңтар Деректер жинау
9 Халық тұтынатын құрылыстар бойынша іздену Ізденіс-зерттеу Деректер жинау
10 Шығыс моншасы бойынша іздену Ізденіс-зерттеу
11 Жиналған деректердің электрондық нұсқасын дайындау, фотогалерея Жинақтау Қараша-желтоқсан Зерттеу жұмысын саралау
12 Жерлеу орындары бойынша іздену Іздену Қаңтар Деректер жинау
13 Пікір жинау Ізденіс-зерттеу Тарих пәнінің мұғалімдерімен кездесу
14 Зерттеу барысында табылған 18 адамның зираты туралы іздену Іздену Ақпан Интернет материалы
15 Әктас күйдіретін пеш туралы деректер Іздену Деректер жинау
16 Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат Саяхат Наурыз «Жайық қалашығынан» табылған археологиялық ескерткіштер туралы деректер алу
17 Облыстық тарихи-өлкетану музейінің архив деректері Зерттеу Ескерткіштер туралы мәлімет жинау
18 Зерттеу жұмысын сараптау

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі директоры Ерсаев Мирболат Бижанұлы пікірін алу

Сарапшы пікірі Пікір жазу
19 Зерттеу жұмысының мазмұны бойынша деректер мен қосымша бейнероликтер жинақтап, Power Point бағдарламасында слайд жасадым, гиперсылкалар қойдым Power Point бағдарламасында жұмыстану Сәуір Зерттеу жұмысының презентациясы әзір болды
20 Жинақталған деректер бойынша аудандық газетке, әлеуметтік желілерге ақпарат беру Мақала ұсыну Сәуір «Сырым елі» аудандық газетінің порталында жариялау
21 Ғылыми жоба жұмысын аудандық, облыстық, республикалық байқауларға ұсыну Жоба Мамыр-Желтоқсан

Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сауырбаева Назеркенің

«Жайық қалашығы» тарихтан сыр шертеді»

атты зерттеу жұмысына сарапшының

П І К І Р І

Зерттеу жұмысында «Жайық қалашығынан» табылған археологиялық ескерткіштер тарихы жан-жақты зерттеліп, жинақталған. Зерттеу жұмысы ғылыми жұмыстарға қойылатын барлық талаптарға сай келеді.

Облыстық өлкетану музейінде жиналған деректер, облыстық баспасөз деректері сараланған. Қалашықтан табылған шығыс моншасы, әктас күйдіретін пеш туралы зерттеу жинақталған.

Қалашықтан күрделі шикі қабырғамен бөлектенген бірнеше бөлмеден тұратын тұрғын үй аршылды. Тұрғын үйлердің ішкі бөлігі тандырдың мұржасы арқылы жылынып, ол өз кезегінде «П-тәріздес» суфаға жалғасқан. Одан әрі «кан тәрізді» мұржа арқылы сыртқа қабырғадан тік шығарылған. Тұрғын үйлерде күйдірілген кірпіштен қаланған тікбұрышты пештер бар. Шаруашылық маңыздағы бөлмелерде ұралар, ташнаулар, қоқыс шұңқырлары орын тепкен. Қалашықтан табылған материалдар үй құрылысы дәстүрінде Хорезм мен Сырдария өңірінің әсерлері болғанын айғақтайды.

«Жайық қалашығындағы» зерттеу жұмыстарында болып, 18 адамның зиратының мұсылмандарша жерленгенін, қоладан жасалған сырғаның сырын анықтаған.

Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми-танымдық журналдарға «Жайық қалашығынан» табылған ескерткіштер туралы ғылыми мақалалар жазылып, облыс, республикалық деңгейінде ғылыми конференциялар ұйымдастырылып, тарихи сипаты хақында ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіліп, жас ұрпаққа насихаттауды ұсынған.

Қорыта келгенде, зерттеу жұмысы барлық талаптарға сай орындалып, ғылыми-практикалық негізі дәйекті түрде берілген. Оқушының өзіндік ізденімдігін жұмыстың әр тарауынан көруге болады, сол себепті Сауырбаева Назеркенің «Жайық қалашығы» тарихтан сыр шертеді» атты зерттеу жұмысын аудандық ғылыми жобалар байқауында қорғауға жіберуге болады есептейміз.

Сарапшы: Батыс Қазақстан облыстық

тарихи- өлкетану музейінің директоры:

М.Б.Ерсаев

Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сауырбаева Назеркенің

«Жайық қалашығы» тарихтан сыр шертеді»

атты зерттеу жұмысына жетекшінің

П І К І Р І

Ортағасырлық Жайық қалашығы Орал қаласынан оңтүстікте 12 км жерде, Шаған өзенінің арнасы құраған жағалаудың үстінде орналасқан. Қалашықтың көлемі шамамен 7 га құрайды. Қала тұрғын жайлардан, өндірістік және қоғамдық мақсаттағы құрылыстардан тұрады, яғни еден асты жылыту жүйесі бар шығыс моншасы, кірпіш күйдіретін және керамикалық пеш қалдықтары табылған. Қалашықтан батысқа қарай 2 км қашықтықта, қала қорымында ғұрыптық ғимараттың, яғни полихромды глазурмен апталған екі камералы күмбезді кесененің қирандысы табылды.

Бұл жұмыста Батыс Қазақстан облысы аумағындағы «Жайық қалашығынан» табылған археологиялық ескерткіштер сыры, тарихи сипаттамасы, жинақталған деректер қарастырылады.

Зерттеу жұмысында «Жайық қалашығынан» табылған ескерткіштер сырын кеңінен насихаттау негізделген. Қалашықтан табылған ХІV-ХV ғасырлардағы 18 адамның зираты жайында деректер жинап, шығыс моншасы, әктас күйдіретін пеш, халық тұтынатын құрылыс орындарын зерттеп, насихаттауды ұсынған.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызына келсек, аудандық ғылыми жобалар байқауында зерттеу жұмысы қорғауға лайықты. Сауырбаева Назеркенің ізденіс жолы, көрсетілген мақсат пен міндетті ашуға талаптануы, қойылған ғылыми межеге сай болуы,«Жайық қалашығы» тарихтан сыр шертеді»атты зерттеу жұмысын жоғары оқушылық деңгейде орындалған деп есептейміз.

Жетекшісі: Қ.Ө.Абілқасымов

Тарих пәнінің мұғалімі

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше