1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс
Абілқасымов Қуаныш Өмірзақұлы
Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Сырым ауданы Батыс Қазақстан облысы
Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, нәтижесін, аса маңыздылығын, қазақтың үш жүзін және бүкіл қазақ даласын қамтыған ірі көтерілістердің бірі болғандығының тарихи маңызын ашу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, презентация, видеоролик.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
А) Оқушылармен сәлемдесу;
Ә) Сыныпты түгендеу;
Б) Оқушыларды 2 топқа бөлу (Оқушылар туған күн реті бойынша шеңбер құрып, екі топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Тест тапсырмасы» (7 минут)
1.Бөкей Ордасы құрылды:
А.1801ж. В.1803 ж. С.1804ж. Д.1805ж.
2.Бөкей Ордасының территориясы:
А.Әмудария мен Сырдария аралығы С.Еділ мен Жайық аралығы
В.Ертіс пен Еділдің аралығы Д.Шу мен Талас аралығы
3.836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші:
А.жатақтар В. старшындар С.қолөнершілер Д.шаруалар
4.Исатай мен Махамбетті «елдің шырқын бұзушы,бүлікші» ретінде сипаттады:
А.Шығай хан В.Жәңгір хан С.Қарауылқожа Д.Баймағамбет
5.Исатай тобының Тастөбе түбіндегі жеңілісі:
А.1837 ж. қараша В.1838 ж.қаңтар С.1839 ж.шілде Д.1840ж.ақпан
6.1836-1838 жж.көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған:
А.Есаул Истомин С.Полковник Геке
В.Граф Нессельроде Д.Князь Горчаков
7.Исатай қаза тапқан шайқас:
А.Ақбұлақ В.Бекетай С.Жиделі Д.Теректіқұм
8.1841 жылы Жәңгір хан өзінің жеке қаржысына не салдырды?
А.үй В.мектеп С.музей Д.кітапхана
9.1827 жылы Бөкей хандығында құрылған хандық кеңестің мүшелерінің саны:
А.7 би В.9 би С.10 би Д.12 би
10.Ішкі Орданы құру туралы жарлыққа қол қойған орыс патшасы:
А.III Петр В. II Екатерина С. I Павел Д.Елизавета
1.А 2.С 3.Д 4.В 5.А 6.С 7.А 8.В 9.Д 10.С
Оқушылар тест тапсырмасын жеке орындайды, орындап болған соң тізбектей ауыстырып, интербелсенді тақтада берілген дұрыс жауаптары арқылы бірін-бірі тексереді. Тест орындауға 5 минут беріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабағымыздың ұраны:
Кенесары – ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі,
Кенесары – Шыңғыс, Абылай ұрпағы.
Кенесары – дара әскери қолбасшы,
Кенесары – қазақ ханы.
«Ой қозғау» (2 минут)
- Кенесары Қасымұлы кім?
- Кенесары хан туралы не білесізер?
- Тарихымызда алатын орыны қандай?
- Топтық жұмыс (15 минут)
Оқушылар топ болып оқулықпен жұмыстанады, 10 минут уақыт беріледі. Екі топ берілген сұрақтар бойынша бірігіп жұмыстанады. Бірінші дайын болған топ оқушылары кезектесе жауаптарын оқып, екінші топпен таныстырады.
І топ: «Кенесары Қасымұлы көтерілісінің басталу себептері мен барысы?»
ІІ топ: «Көтерілістің басталуы. Бұл ХІХ ғасырдағы ең үлкен көтеріліс болды. Ол бүкіл қазақ даласын қамтыды».
- Видеоролик (6 минут)
Видеоролик бойынша оқушылардың жеке пікірлері тыңдалады.
«Кенесары ханның мылтығы»
«Қазақтың соңғы ханы Кенесарының қылышы»
- «Сәйкестендіру тест» (5 минут)
Оқушылар бүгінгі танысқан тақырып мазмұны бойынша топпен орындайды.
І топ:
| Кенесары | Кенесары дүниеге келді |
| Кенесарының басты мақсаты | Ресей империясының отаршылдық мақсатпен қазақ даласына тереңдеп енуі |
| 1802 жылы | Ресей империясының қазақ даласына тереңдеп енуін тоқтату |
| Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуына | Ресеймен бейбіт келісімге келудің мүмкін еместігіне көзі жеткен кезде |
| Әскери қимылдарға көшуге мәжбүр болды | Қасым төренің баласы |
ІІ топ:
| Көтерілістің басты қозғаушы күші | Кенесарының қолы Ташкентке аттанды |
| 1837 жылғы қараша | І Николай патша 300 казак отрядын көтерілісті жаншуға жіберуге келісімін берді |
| 1841 жылы тамыз | Кенесары жасағы Ақмола бекінісіне тұтқиылдан шабуыл жасады |
| 1843 жылы маусым | Қазақ шаруалары |
| 1838 жылы | Кенесары Петропавл қаласынан шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісі казактарының тобына шабуыл жасады |
Бағалау
Кері байланыс парағы арқылы бағалау
Үйге тапсырма
«Кенесары тұлғасы және мен» эссе жазу
