Шақырады Наурыз

ШҚО, Аягөз ауданы, Мыңбұлақ ауылы

«Мыңбұлақ жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Адильбаева Ермек Аманбековна

Тақырыбы: Шақырады Наурыз.

Мақсаты: Балаларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағұмат беру.Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Балаларды адамгершілікке елін,Отанын сүюге ұлттық салт- дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:көрпе, жастық, қамшы,ұршық, бесік үйшік, қамыс,кілемше, шырақтар т.б

Өту барысы:Сахна әсем шаңырақпен безендірілге, Р. Рымбаеваның орындауында» Наурыз-думан» әні әуелеп тұрады.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар!Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған» Наурыз -думан» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

-Балалар,міне Наурыз да келді 22 наурыз жыл басы Наурыз үлкен мейрам.Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір- бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! – Наурыз- ұлыстың ұлы күні құтты болсын! – Ақ мол болсын! – Жаңа жыл бақ, береке молшылық әкелсін!

Екі бала төс қағыстырып амандасады.

1-бала: Уа, халайық, халайық,

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық.

Шашу шашылады.

-Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады.

Тақпақтар

  1. бала: Наурыз тойы-береке

Наурыз тойы -жыр,аңыз.

Қызып дулы мереке

Қызық думан құрамыз!

2-бала:Күн әкелген жыл керім,

Күллі дүние жайдарлы.

Желкілдетіп гүлдерін,

Жер анамыз жайнайды.

3-бала:Наурыз-шаттық әніміз,

Салттанатты сәніміз:

Ән салып, жас –кәріміз,

Би билейміз жас-кәріміз,

4-бала:Наурыз- көктем тойымыз:

Той дәмі мол тойыңыз!

Күн ұзарып жылынып,

Өсер біздің бойымыз.

5-бала.Төлдеді де малымыз,

Тамыр жайды талымыз!

Наурыз өнер жарысын

Бастады жас-кәрі үшін.

6-бала:Тойын жасап ел енді

Қуанышқа бөленді

Жарқыраған жас нұрлы

Жаса ,Наурыз, дәстүрлі!

7 -бала:Наурыз жырын жырлаймыз,

Онымен де тұрмаймыз

Шыңдалып жеткен бұл күнге,

Ел дәстүрін сыйлаймыз.

8-бала:Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсірді:

Біздерге арнап әдемі.

Наурыз көже пісірді:

9 –бала:Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді:

Соны тойлап ел енді.

Наурыз тойы салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егілді.

10-бала: Қош келдің, НарызІ

Наурыз мерекесі құтті болсын!

Науррыз, наурыз жыл басы

Наурыз бақыт жалғасы.

11-бала : Наурыз келді тамаша

Ән айтамыз таласа

Атам, әжем той тойлап

Қуанып жүр балаша

Би билейік тамаша.

Қыздар тобының биі »Қол шатыр»

Көрініс: Күн мен түн шығады ортаға.

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін

Екеуі: Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін

Түн: Ал, ертең күн ұзарып

Күн: Түн қысқарады бірақ.

Екеуі: ұйқы қанбай қалып

Жүрмеңдер тек жылап.

Жұмбақ

-Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:

Дәмді- дәмді тағамдар жиналады, Қонақтарды көңілдене сыйлайды.-Бұл не? (дастархан) –Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? Балалар дастарханда тұрған тағамдарды атап шығады.-Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Кенжегүл апайымыз таныстырып өтеді.

  • Балалардың орындауында «Қара жорға» биін қабылдаңыздар!

Айқын мен Ақбота « Қыз қуу» ойынынан көрініс жасайды.

Екі топқа бөлініп «Арқан тартыс» ойыны ойналады.

Тәрбиеші: Балалар, Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы-Наурыз көже. Міне, бүгін аналарың сендерге наурыз көже пісіріп, үлкен дастарқан жасап отыр. Ал біз аналарымызға,дастарқанға арнап « Қазақтың дастарқаны» атты әнімізді айтып берейікші.

Хор:» Қазақтың дастарқаны»

Диана: Наурыз көже

Ашық болсын қас- қабақ

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай, тары бар

Қатық, малта, ағы бар.

Ішілетін, жейтінің

Бұл көжеде бәрі бар.

Үнтаспадан:

Наурыз қайтып оралды.

Үй- дастарқан, даламыз, саханамыз

Дастарқанға бәріңізді шақырамызІ

Қорытынды сөз: Осымен ертеңгілігімізді жақсы тілектер айтып аяқтаймыз..Назарларыңызға көп рахмет !

Сау болыңыздар !

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше