Келе бер, көктем

ШҚО, Аягөз ауданы, Мыңбұлақ ауылы

«Мыңбұлақ жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Адильбаева Ермек Аманбековна

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Келе бер, көктем

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: 1 Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру.

2.Дамытушылық : Сөздік қорын молайту, ой-өрісін дүниетанымын кеңейту.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру,белсенділігін арттыру.

  1. Тәрбиелік: Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Шуақты, жер көйлегі.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрсету.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктер: Көктем мезгілінің суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Балалардың іс –әрекеті.

Біздің топта балалар

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілді әрқашан

Тек жақсылық ойнайды.

Үлкенге де сіз дейміз,

Кішіге де сіз дейміз,

Барша адамды құрметтеп,

Әдеппен басымызды иеміз.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі көктем.Біз сабағымызды көктем туралы әңгімелейміз. Көктем суретің слайд арқылы көрсету.

Бастаушы: Күн,Күн,сен неге күлімдейсің?

Балалар: Көктем келді.

-Жаңбыр, жаңбыр, сен неге сыртылдайсың?( Жауынның жауған дыбысы)

-Көктем келді.

-Бұлақ, бұлақ, сен неге сылдырайсың?(Судың дыбысы)

-Көктем келді.

-Құстар, құстар, сендер неге сайрайсыңдар?(Құстардың сайраған дыбысы)

-Көктем келді.

Балалар бір-біріне:» Досым, біз де күлімдейікші»,-деседі.

Жыл мезгілінің патшасы кіреді. Амандасады ал, енді мен сендерге жұмбақ өлең жолдарын айтамын, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.Жұмбақтың шешуін табу.

Күн ұзарып,қар еріп,

Су сайларға толады.

Бөбектерім,айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Көктем)

Топтастыру

-Көктемнің хабаршысы қай құс? (ұзақ) Ұзақпен бірге көктем келеді.

Тәрбиеші:

-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Көкем мезгілінде ең алғаш өсетін гүлді білесің бе?

Н. Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңі

Күншуақты кез келді,

Көп көрініс көзде енді.

Жерге сіңіп қалың қар,

Жер көйлегі өзгерді.

Тәрбиеші:

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Қар еріп,қайда сіңеді?

-Жерде не өзгереді? «Көктемгі еңбек» сурет бойынша әңгіме құрастыру.(слайд)

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Сергіту сәті: Қәне, қанат қағайық,

Мойнымызды созайық.

1,2,3-құс ,аспанға ұш!

1,2,3,-құс, аспаннан тұс!

Құстар жем жейді,

Құстар су ішеді.

1,2,3,- құс,аспанға ұш.

Балалар құстарды қалай қарсы аламыз.Ұя жасап,ұя туралы қандай өлең білесіңдер?

Дидактикалық ойын:

1-топ Гүлдердің атын төр көзге жазып орналастырады.

2-топ « Көктем» постер құрайды.

Қортындылау: – Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді?

-Көктем мезгіліне арналған өлең жаттау.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше