Сөйлем мүшелерінің байланысы
Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы
Рубежин жалпы орта білім беретін мектеп балабақша
кешені Құмарғали Гүлнара Ғарапшақызы
1-санатты бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жаңа білімді меңгерту, сөйлем мүшелерінің байланысын сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдана білу, сөйлем мүшелеріне тән өзіндік ерекшеліктерін үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру,ой-еркіндігіне баулып, тілін, сөздік қорын дамыту және көркем жазуға дағыландыру; дүниетанымын кеңейту;
Тәрбиелік: оқушыларды азаматтылыққа, парасаттылыққа жатпайтын мінездерден сақтандыру, ізгілікке, адамгершіліккетәрбиелеу; алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу;
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: саяхат
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын,
Дидактикалық материалдары: оқулық, плакат, слайд, қима қағаздар
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық дайындық
Қатар-қатар тізіліп, оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,түп-түзу боп тұрайық.
Жақсы болып сабақта,әдеп сақтау сәніміз.
Отыруға нақпа-нақ, дайындалдық бәріміз:
I қатар –жәй отыр,II қатар-тез отыр,
III қатар-сен де отыр,сабақ бастар кез боп тұр!
Тест тапсырмасын беру және бағалау
«Менен сұрақ, сізден жауап» ойыны арқылы бекітемін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
Жаңа сабаққа кіріспе.
Сұрақ-жауап
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Қай ай?
- Күздің соңғы айының соңғы күндері қандай керемет!
- Керемет демекші, осы әлемде де кереметтер көп емес пе?
- Қандай кереметтерді білесіңдер?
- Египет пирамидасы.
-
Вавилондағы Семирамида аспалы бағы.
-
Ертедегі Артемида храмы.
-
Олимпиядағы Зевстің мүсіні.
-
Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы.
-
Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні.
-
Александрия маягі
- Балалар ,осылардан басқа біздің қазақ елінің де жеті кереметі бар екенін білесіңдер ме? Ендеше біз бүгін осы өз еліміздегі жеті кереметке саяхатқа шығамыз. Тақырыбымыз да «Жер бедері» деген бөлімге келіп тұр екен. Бізге әр кереметтің өзіндік сыйлары бар екен. Саяхатымызды осы кереметтердің алғашқысы-Таңбалы тас. Таңбалы тас туралы сіздер бірінші сыныпта оқып таныстыңдар.Оған саяхат жасау үшін біздер алғашқы тапсырманы орындауымыз керек.
Тест тапсырмалары.
1. Сөйлем түрлерін көрсет.
А. Әңгімелеу Б. Хабарлы,сұраулы,лепті В.Мәтін
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді.
А.үшке Б.төртке В.екіге
3. Дұрыс жазылған сөзді тап.
А.кійік Б.кйік В.киік
4.Сөйлемді аяқта. Айнур сабақ оқып …….
А.жүгірді Б.отыр В.тұрды
5.Мәтінді көрсет.
А. Оқушы отырды. Б. Оқушы отырды.Машина жүрді.
В. Балалар баққа келді.Бұта түбінен қоянды көрді.Олар қоянды ұстап алмақ болды.Қоян қаша жөнелді.
Мектеп суреті көрсетіледі. Бұл не? мектеп.
І қатарға сұрақ. Мектеп сөзінде неше дыбыс бар? Дыбыс дегеніміз не? (ауызша дыбыстық талдау жасату)
ІІ қатарға сұрақ. Мектеп не? Сөйлем дегеніміз не? (ауызша сөйлемді талдап өту керек)
ІІІ қатарға сұрақ. Мектепте кімдер болады? Сөйлем түрлеріне тоқталу.
Таңбалы тастың сыйы «Ұғып ал!» ойыны(жаңа тақырыппен танысып, түсінік алу)
- «Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны. Тақтаға төмендегідей сөздер жазып қоямын.
Алмас , берілген, үйге, орындады, тапсырманы.
а) Оқушылар оқып шығып, сөйлем мүшелерінің ретімен қойылмағаны анықтайды.
ә) Оқушылар сөйлемдерді орнымен қойып шығады (Алмас үйге берілген тапсырманы орындады).
Сөйлемдегі сөздер дұрыс құрылу үшін, олар өзара мағыналық байланыста болу керектігі сызба арқылы түсіндіремін.
Алмас не істеді? Алмас орындады. Кім орындады? Алмасорындады.
Алмас қай тапсырманы орындады? Алмас үйге берілген тапсырманы орындады.
Алмаснені орындады? Алмас тапсырманы орындады.
Тұрлаулы мүшелердің ерекшелігі:
- Бастауыш көбінесе баяндауыштың алдында келеді, ал баяндауыш сөйлемнің аяғында тұрады.
- Тұрлаусыз мүшелер сөйлем жасауға көмектесіп, қатарласып тұрады.
Ереже: сөйлем мүшелері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы білуге болады.
2-керемет. Бұл- Алтын адам.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сұрақ қою арқылы сөйлем мүшелеріне талдау.
- Айбек кітап оқыды. 2. Нұржан суық суға жуынды. 3. Нұртай саябаққа барды. 4. Үйдің жанында бау-бақша бар. 5. Айжан әжесімен әңгімелесті.
3-керемет. Қазағымның ұлттық аспабы –домбыра : Сергіту сәті.
4-керемет.Киіз үй. «Ойнада, ойла» ойыны.
2-жаттығу. Қиынды қағаздарды құрастыру арқылы сөйлем құрап, байланысын көрсету
5-керемет.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
«Кім зерек?»ойыны. 3-жаттығу. Әр сөйлемнен тұрлаулы мүшелермен байланысатын сөздерді жазу
6-керемет.Маңғыстау жерасты мешітіне саяхат «Кім жылдам?»ойыны. 5-жаттығу. Сөйлемдерді тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жазу
- Жаңа білімді бекіту
7-керемет.Астана-бәйтерекINSERT жүйесі бойынша кесте толтыру
Не білемін?Не білдім?Не білгім келеді?
- Үй тапсырмасын беру.
4-жаттығуШығармашылық тапсырма:
- Бағалау
- Қорытынды.
2-сынып қазақ тілі сабағы БҚО Зеленов ауданы Рубежин жоббмб кешені
Құмарғали Гүлнара Ғарапшақызы
