Тәуелсіздік теңдесі жоқ – байлығым ата – аналарме н жұмыс

Бекбаева Гулжанат Мухтаровна

ШҚО, Көкпекті ауданы, КМҚК «Шуақты Шұғыла» балабақшасы тәрбиешісі

Мақсаты: .Ата – аналарды еліміздің тәуелсіздік алған 24 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін тереңдету.

Міндеттері:Жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізу жолында талай боздақтарымыздың құрбан болғандарын ата- аналарға жете ұғындыру;ата- аналардың дүниетанымын кеңейту, Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

1-Жүргізуші:Құрметті қонақтар, ата – аналар! Сіздерді Тәуелсіздігіміздің 24 жыл толуымен құттықтаймыз.

Тәуелсіздік еліміздің балалары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп өркениетті елдердің қатарына жетуіне аяқ басты. Сол болашақтың тірегі біздерміз, сіздерсіздер. Сәби күлкісімен ана мейірімініңсенімі ешқашан бұзылмасын!

2-жүргізуші Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздіңұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт дәстүрлерді жандандырдық. Осы күнге жету үшін аталарымыз қанша тырысып тер төкті. Енді бүкіл Қазақстан болып тойлап жатырмыз. Енді «Тәуелсіздігімізге 24 жыл « толу атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Әнұран орындалады.

1-жүргізуші

Желтоқсанның арманы

Тәуелсіздік таңдары атты слайдқа назар аударыңыздар

Ата- аналар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.

2-жүргізуші:

1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.

1- жүргізуші:

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы

«Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.

2- жүргізуші:

1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.

1-жүргізуші:

1992 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды

2- жүргізуші:

1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

Тәуелсіздік – тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның сан ғасыры

Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы

Келбетіңнен көремін жалғасымды.

  1. жүргізуші.

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан.

2-жүргізуші

Он алтыншы желтоқсан

Елдің ұлы мейрамы

Жаңа шыққан көктемдей

Жаз күніндей жайдары

1-жүргізуші

Келесі кезекте , сіздерге сұрақ – жауап.

-Біз қай мемлекеттің азаматымыз ?- Қазақстан

2-жүргізуші

-Ұлтымыз кім ?

1- жүргізуші

-Тіліміз қандай ?

2- жүргізуші

Тәуелсіздік деген не ?

  1. Жүргізуші

Тәуелсіздікті қай жылы алдық ?

  1. жүргізуші

Елбасымыз туралы жаңа киноның аты қалай?

  1. жүргізуші

Әнұранның авторы кім

2-жүргізуші

Тудың авторы кім?

  1. жүргізуші

Ата- аналар жауабы тыңдалады.

  1. жүргізуші

Жеті қазынаны ата

Ер жігіт,Сұлу әйел,, Жүйрік ат,Жүйрік тазы, Білім – ілім

Қыран бүркіт,, Берен мылтық.

  1. Жүргізуші:

Жеті атаны ата.

Бала, әке,ата, арғы ата, баба, түп ата,тек ата,

  1. Жүргізуші

Бес қатер ,От, жау,борыш, ауру , сөз.

  1. Жүргізуші

Бес қару

Садақ,мылтық,, найза,қылыш , айбалта

  1. Жүргізуші

Тәуелсіздікке арналған тақпақтар кезегі.

Ақталды боздақтардың ақ талабы,

Әділ іс әрқашанда ақталады.

Ел үшін жанын қиған асыл жандар,

Ел есінде мәңгілікке сақталады

Шала жансар қар астына көмгені,

Тәуелсіздік ата-баба арманы.

Қандай елмін бүгін міне, көр мені,

Алаулайды мүмкін емес сөнбегі.

Тойланып мың мереке, ұлыс күні

Құйылған шаңырақтан ырыс нұры

Халқымның бақыты үшін аз байлық па,

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.

Біз- қазақпыз, Есігі ашық, төрі кең,

Жылап өттік жылдар өмір өрінен

Жетер енді, желпінейік, қарайық,

Мына өмірге иегердің көзімен.


Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.

Жүрмейікші жүнжіп босқа түнеріп,
Еске алайық, есімдерін білелік.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
Алмайықшы екі қолдан жіберіп.

Жиырмадағы жалындаған жасында,
Қаншама жас азап шекті расында.
Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға.

Соны ойласам елжірейді жүрегім,
Өздері өліп, қорғап қалды Ұлы елін.
Желбіресін көк байрағы халқымның,
Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім.

Қыран ұшты
Қыран ұшып қарға келді ендігі,
Мынау халық – қарғалардың жемтігі.
Қазақ кетіп орыс келді тағы да,
Екі бастың бар ма енді теңдігі.

Шыдай алмай жастар шықты алаңға,
ОМОН-дар да қаптап жүрді алаңда.
Шаштан сүйреп, тепкіге сап қыздарды,
Төгіп кетті жастарды бос далаға.

Ауыр тиді бұ да енді балаға,
Студенттер шыға алмады далаға.
Тергеушілер қойып қалып өтірік
Талай адам ұшырады жалаға.

Студентті хат жазбауға көндіріп,
Балаларды бүлікші деп сендіріп,
Талай жасты оқуынан шығарып
Қой соңында жүрді олар ерігіп.

Айтып отса өтірік емес бұл деген,
Тек қазақ па ақ патшаға сенбеген.
Тәуелсіздік кетпей қазақ жерінен
Әй, қазақтар енді өзгеге жүгінбең!

Туған жерім, теңдесі жоқ мекенім!
Қазір де мен қадіріңе жетемін.
Қуанамын әр гүлденген гүліңе,
Сен тұрғанда керек емес өзге елдің.

1- жүргізуші

Алла бізге сыйлады еркіндік пен елдікті,
Оған қоса берген ғой сабырлық пен теңдікті
Зар заманда бірігіп,жұдырық пен найзасы
Қорғады ғой өле-өлгеншебасқа ұлт пен теңдікті.

2- жүргізуші


Еділ патша ұрпағы Абылаймен жалғасып,
Елдік үшін күрестік тайсалмастан сан ғасыр
Бастан кешкен зар заман,отаршылдық езгісін,
Болашағы елімнің,бүгінгі ұрпақ көрмесін!!!

1-жүргізуші:

Ойын: .Мақал – мәтелдерді мен бастаймын, сіздер жалғастырасыздар!

1.Тәуелдінің соры қалың, тәуелсіздің бағы басым

2-жүргізуші

2.Азат елін сүйген ұл — бақытты

1-жүргізуші

Жаңа жұртын сүйген қыз — бақытты.

2-жүргізуші

3.Егеменді ел көрікті

Бетегелі бел көрікті.

1- жүргізуші

4.Тәуелді елдің сұлтаны болғанша, тәуелсіз елдің ұлтаны бол!.

2- жүргізуші

5.Тәуелдінің соры қалың, тәуелсіздің бағы басым.

  1. жүргізуші

6.Тәубенің зоры – Тәуелсіздік.

2- жүргізуші

7.тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман

1- жүргізуші

8.Тілі жоқтың тегі жоқ, Тегі жоқтың елі жоқ.

2- жүргізуші

Ата – аналар біз 16- желтоқсанда тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тәуелсіздік оңайшылықпен келмегенін білесіздер.

Желтоқсанда құрбан болғандарды ұмытпауымыз керек. Небары 16 жастағы Ләззат Асанова, 21 жастағы Қайрат Рысқұлбеков. Енді сол кісілерді еске алып бір минут үнсіздік жариялайық.

Минут үнсіздік.

1-Жүргізуші

Сайыс:

Үш қуат- Ақыл , жерен, тіл

Үш мақсат- Жол мақсаты жету,Дау мақсаты біту, Сауда мақсаты ұту.Үш қадірлі- Ырыс, бақ, дәулет.

Төрт құбыла- Оңтүстік, солтүстік, шығыс- батыс.

  1. жүргізуші

Сергіту сәті.

Қол ұстасып тұрайық

Керегі құрайық

Уық болып иіліп

Шаңырақты құрайық.

2-жүргізуші

Тәуелсіздік мерекесіне , ата – аналар тілегі.

  1. жүргізуші

Жанабай аға мен Айдынның тәуелсіздік күніне арналған ән –шашуын қабыл алыңыздар!

Ән: «Елім менің »

  1. жүргізуші

Ендігі тілегіміз тәуелсіздігіміздің туын көкке көтерер, еліміздің көк байрағын желбіретер, ата – бабаларымыздың асыл мұраттарын асқақтатар бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар жастарымыз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге тиіс екендігін естен шығармаса екен дейміз. Еңселі еліміздің ертеңі сендердің қолдарыңда. Қазақстанды биікке жетелеңіздер, жеткізіңіздер. Жарқын болашаққа қадам басып келе жатқан халқымыз үшін Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!

  1. жүргізуші

Бүгінгі күн қандай керемет! Барлығымыздың көңілдеріміз көтеріліп, қуанышқа кенелдік. Әр қашан жүздеріңіз жарқын болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіз еліміз гүлдене, көркейе берсін. Ел Тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған дөңгелек үстеліміз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше