«5 саны мен цифры»

Түркістан қаласы әкімдігі «Балдырған» ясли – бақшасының

тәрбиешісі Юлдашева Гүлжаһан

Ашық оқу қызметінің тақырыбы: «5 саны мен цифры»

Оқу қызметінің мақсаты: 5 саны цифрымен таныстыру.

Цифр мен заттың санын сәйкестендіруді үйрету. Заттарды санау қабілетін ұштау. 5 цифрын тану және дұрыс бейнелеуге үйрету. Балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Оқу қызметінің көрнекілігі: реттік сандар, сурет, слайд, кюйзеннер таяқшасы, сағат.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Шаттық шеңбері:

  • Балалар, бүгін бізге қонақтар келді. Қане, амандасайық.

Біз әдепті баламыз,

Амандасу үлкенге,

Алдыменен қонақпен,

Тәрбиенің басы ғой.

Амандасып аламыз,

Ал қанекей бәріміз.

«Сәлем» дейік үлкенге.

Жылулық шеңбері:

Кәне, балалар, барлығымыз бір-бірімізге қолымыздан ұстап күн жасайықшы.

-Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады. Кәне, біз де қайырлы таң тілейік.

– қайырлы таң көздерім! Сендер оянасыңдар!

– Қайырлы таң саусақтарым! Сендер оянасыңдар! (көздерін, құлақтарын уқалайды)

– жарайсыңдар, балалар!

Шаттық шеңберін құрады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Балалар, біз бүгін математика сабағынан 1-5ке дейін санауды үйренеміз. Балалар 1-5ке дейін санап беріңдерші.

3 тілде тура және кері санайды. Балалар маған кім бір туралы өлең шумағын айтып береді?

  1. Жіңішке жалғыз таяқша,

Бір саны ол айрықша.

Бір дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. Мына екі саны тұр.

Қараңдаршы неткен әдемі.

Мойнын алға иеді,

Құйрығы артқа иірілген.

Балалар денемізде екі бірдей қандай мүшелеріміз бар?

  1. Үш дегенде қараңдар,

Иреленген данамыз.

Үш деп білсін балалар,

Үш саны мен боламын.

  1. Кітаптан шығар тор бұрыш,

Оқытатын ұстазым.

Төрт бұрыштан құралған,

Төрттік саны боламын.

  1. Санауды мен білемін,

Бақшаға келіп барғанда,

Тек бестік алып жүремін.

Ойын: «Адасқан сандарды тап»

Сандар туралы слайд.

Сергіту сәті:

«Бала, бала, балапан» әні сергіту жаттығуы

1 Елбасы, 1 күн, 1 ай

2 қол, 2 аяқ, 2 иық, 2 құлақ

Рефлексиялық – түзетушілік Балалар, біз бүгінгі қандай сан және цифрмен таныстық? Тура және кері санадық? Қорытындылап, мақтау, мадақтау. 5 саны мен цифры.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше