Тақырыбы: «Позитивті қарым-қатынас».

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мұхтар негізгі орта

мектебінің психологы Тауфих Ермекгул

Мақсаты:

1) Позитивті қарым-қатынас құруға бейімдеу;

2) Қарым-қатынасты позитивтік жағынан жақсарту және өзін-өзі тану.

Жаттығу құрылымы:

1.Кіріспе-әңгіме

  1. «Ойымды біл» бой –жазу жаттығулары,
  2. «Орын ауыстыру ойыны»

  3. «Әңгіме»жаттығу

  4. «Кері байланыс»

Кіріспе – әңгіме:

Бүгінгі тренингке қатысушылар жиналып, шеңбер құрып отырады. Қазір біз ойындар ойнап, жаттығулар жасаймыз. Ойын ойнау арқылы сергіп, көңіл көтере отырып өзімізді және басқаларды тануға, қарым-қатынасымызды жақсартуға болады. Біз өзімізді жақсырақ түсіне бастаймыз және басқа адамдармен қарым-қатынас жасағанда тереңірек түсініп өкпе ренішімізді азайтамыз.Жалпы уақытымызды көңілді өткіземіз.

Танысу: Танысу кезінде өзінің атын атап сол әріптен басталатын жағымды сөз айтылуы керек.

Мысалы: Төлеухан талантты. Бұл сөз қайталанбауы керек. Жетекші: «Ал енді қазір ойын ойнаймыз». Ол «Жұлдызды құру» деп аталады. Біз бәріміз де кішкентай жұлдыз құрты боламыз.Оның басы болады. ( Басы таңдалады. Қалғандары бірінің артына-бірі тізбектеліп тұрады. Жетекшінің айтуымен жұлдызды құрт әр түрлі қимылдар жасайды. Тізбек үзілмей қимылдары бірдей болуы керек).

Жетекші: «Жұлдызды құру» аяғын ауыртып алдым деп бір аяғын көтереді қалғандары да көтереді. Музыка ырғағымен басы не істейді қалғандары соны жасайды. ( Тамаша! Бәрекелді).

«Менің серігім қандай адам» жаттығуы

Екі-екіден бөлініп отырады. Бір-бірінің бетіне үнсіз 4минут қарап тұрады. Өзіңіздің серігіңізге алдыңызда кім отырғанын әңгімелеп беріңіз. Әңгімен «Мен алдымда көріп тұрмын»- деп бастап, алдыңыздағы адамның сыртқы бейнесін суреттей бастайсыз әңгімеге оның бойынуыңыдағы жеке қасиеттері мен оларға деген өз бағалауыңызды қоспауыңыз керек.

Мысалы: Мейірімді көздер, ойлы жанар,т.б. басқа айтылуы керек. Осылай кезекпен айтылуы керек. Келесі тапсырма 5-минут уақыт аралығында өз серігіңіздің 5-жасында қандай болғандығы туралы өз көзқарасыңызды айтып бересіз. Бұл жерде сіздің ойыңызша мінез-құлқының қандай ерекшеліктері болғандығы туралы пікіріңізді айтуға болады. Келерсі тапсырма әрқайсыңыз 5-минут ішінде өз серігіңіздің сіздің қөзқарасыңыз бойынша қандай адам екенін баяндап беруіңіз керек. Сіздер «Менің серігім қандай адам» деген сұраққа жауап бересіздер.

Сіз өзіңізді тыңдағанда қандай әсер алдыңыз? Жаттығу орындағанда сізге қай

жаттығу оңай болады.

«Орын ауыстыру» ойны.

Шеңбердің ортасында жаттықтырушы шығып ойын бастайды.Отырғандардың бәрін ортақ бір сөз айтылды. Мысалы: «Мен орын ауыстырамын кімде туфли бар?» Туфлилер бар қатысушылар бір-бірімен орын ауыстырады. Кім орын ауыстырып үлгере алмайды сол ортаға шығып ортақ сөз айтады. Осылай қайталанады. Көңіл-күй көтеріледі, қарым-қатынас жақсарады.

«Әңгіме» жаттығу. Кері байланыс.

Осы тренингтен не алдыңыз, не үйрендіңіз? Тілегіңіз. Рахмет!

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше