Тақырыбы: Көңіл күй. Эмоция.

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мұхтарнегізгіорта

мектебініңпсихологыТауфихЕрмекгул

Сабақтың мақсаты: балаларды өз көңіл күйлерін сезіне білуге, айналасындағы жақындарына көтеріңкі көңіл силай білуге, комплимент – мадақтау сөздерді айта білуге және эмоциялық жағдайларды жақсартатын жаттығулар жасай білуге үйрету.

Психологиялық дайындық.

Балалар, ыңғайлы отырып, бір – біріміздіңкөзімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік. Әрқашан сендердің көңілдерің көтеріңкі болсын!

«Сеніммен араласқаныма мен қуанштымын» жаттығу.

Балалар сәлемдесу сөздерін естеріңе түсіріп, йтып беріңіздер. (Амансыз ба, сәлеметсіз бе, деніңіз сау ма, қалыңыз қалай т.б.)

  • Дұрыс айтасыңдар, дұрыс айтасыңдар адамдар бір – бірімен кездескенде осы жылы сөздермен амандасып, бір – біріне денсаулық, жақсылық тілеп жатады. Сондықтан адамдар әрқашандаосындай жылы сөздерді естігісі келеді.
  • Енді мына сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Денсаулық дегеніміз не?

  • Денсаулық дегеніміз ауырмау және психикалық дені сау болу. Бұл дегеніміз стрестік жағдайды болдырмау, кикілжіңді шешу, алдын алу.

Сабақтың барысы:

Балалар тақтадағы күнге назар аударыңдар, ол сендерге әдемі күлкі силап тұр, әтседе күнімізге бір нәрсе жетпейді? (күннің шуағы)

Сабақ барысында әр тапсырманы орындаған сайын біз күнге күн шуақты қыстырып отырамыз, сабақ соңында күн бізге әдемі күлкісімен бірге шуағында силайтын болады. Сонымен көңіл күй дегеніміз не?

  • Біз әр түрліміз. Біздің көіміз, шаш үлгіміз, бойымыз, жасымызда әр түрілі. Әйтседе бір жағдайда барлығымыз ұқсаспыз: көңілді болғанда күлеміз, көңілсіз жағдайда жылаймыз. Көңілдің әр түрлі күйі мазасыздану, бір қалыпты күй, көңілдену, ренжу көіл күй деп аталады, олар адамның ішкі жан дүнйесін бейнелейді, ал эмоция жанның сезімі. Ал енді өзіміздің көңіл күйімізді түсінуге тырысайық (ашық аспан, шуақты күннің, жауынды күннің суреттері).

Шуақты күн сияқты адамның көңіл күйі кейде өте көтеріңкі болады, ондай кезде адам айналасына қуанышты көзбен қарап, күлімдеп, құстай ұшып барлық іске қиналмай кіріседі, ән салғысы, би билегісі келеді.

  • Ал кейде адамның көңіл күйі бір қалыпты болып,ұшып- қонбайды, көңілсізденіп салы суға кетпейді, тек тыныш оқшауланып өз ісімен болады, бұл бұлтты күнге ұқсайды.
  • Кейде көңіл күй тұнжырап, ешнәрсеге көңіл соқпай, көзге жас келеді, мұндай көңіл күйді жауынды күнге ұқсатуға болады.

  • Әр түрлі эмоциядағы адамдардың бет әлпеті қалай өзгеретінін ойланып, соны өздерің қайталаңдар,

  • ( Таң қалу, қорқу, ашулану,қайғыру, тұнжырау,қуану, сезімдері бейнеленген суреттер көрсетіледі).

    Адамның сыртқы сезімінің сырт көрінісі – бет әлпеті арқылы көп жайтты аңғаруға болады. Мүны- мимика деп атайды, мимика бет-әлпеттің кілті. Көңіл күйдің, адам жанының көрінісі эмоцияның әр түрі болады: Жағымсыз, жағымды.

    • Балалар адамның жағымды эмоциясын атап беріңдерші ( бақыт, қуаныш, қанағаттану, келісу т.б)

    Жағымсыз эмоциялар- көңілсіздік, қайғы, стресс, келіспеушілік және т.б

    • Дұрыс айтсандар, жағымсыз эмоциялар адам ағзасына өте зиян, әр түрлі ауыруға себеп болады. Содықтан онымен күресе білу керек, ең бастысы жағымсыз эмоцияға байланысты реакция таныту қажет.

    Мимикадан, бет әлпетен адамның көңіл күйін білуге болады деп жоғарыда айтып кеттік. Өз өзіне сенімді, қуанышты, көңілді адамның бет әлпетінен оның сенімен танысқысы келетінін, достық ниетін сезінеміз, ондай адаммен тез тіл табысып, араласу оңай, қарым қатынас жеңіл.

    Дансайсыған, өзінен басқа ешкімен санаспайтын, менсінбейтін адамен ешкімнің достасқысы келмейді, себебі онымен қарым қатынас жасау қиын.

    • Енді Дастан денегн баланың басынан кешірген мына оқиғаны тыңдаңдар.

    Бірде Дастан әжесіне қонаққа келеді. Аулаға шықса сол ауланың балалары ойнап жатыр екен. Олармен танысқысы келген Дастан балаларға жақын келіп:

    • Сәлем, мен – Дастанмын, мен сендермен ойнаймын – дейді.
  • Қалай ойлайсыңдар, балалар онымен ойнады ма? Неге?

  • Балалар Дастанның өз өзіне сенімді, бұйыра сөйлегенін, меменсіген түрін ұнатпай, онымен достаспады.

  • Ренжіген бала әжесіне келді. Ал әжесі немересіне өзінің білетін әдеп сақтау құпиясын әңгімеледі.

    «Тұмсығыңды көтерсең – досыңнан айырыласың», – Бұл қағыйда сендердің де естеріңде болсын.

    Мына ақ қағазда әртүрілі жағдайлар бейнеленген, осы жағдайды оқып әр түрлі эмоцияны қимыл, мимика арқылы көрсетіңдер.

    • Рефлекция
  • Қай жағдайды бейнелеу оңай болды, керісінше қай жағдайды орындау қиын болды?

  • Балалар сендердің көңіл күйлеріңді не бұзуы мүмкін?

  • Егер көңіл күй нашар болса, оны қалай көтеруге болады, не көмектеседі?

  • Қорытындысы:

    Балалар сендердің сабаққа ынталарыңның арқасында күн шуағы молайып, бізді өзінің жылыуы мен жылтты.

    Сендердің көңіл күйлерің үнемі көтеріңкі болсын, ол үшін жаныңдағы достарыңның жанын түсіне біліңдер, бір бірлеріңе көмектесіп, қолдап жүрсеңдер, достық қарым қатынастарың нығаяды, өздеріңе сенімді боласыңдар. Ал көтеріңкі көңіл күй, достық қарым қатынас, түсіністік денсаулықтың негізі, адамға рухани күш береді. Өзгеге сүйіспеншілік сезімімізді силасақ, ол сезім міндетті түрде өзімізге қайта келеді.

    Психологиялық тренинг осымен аяқталды. Сау болыңдар!

    Ответить

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше