Тақырыбы: «Мен және менің таңдаған мамандығым»
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мұхтар негізгі орта
мектебінің психологы Тауфих Ермекгул
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауына бағыт көрсету;
2) Нарық талабына баланысты еңбек рыногында ұдайы өзгеріп отыратын кәсіби талаптарды ескере отырып, қызыққан мамандықтарына бағыт беру арқылы саналы таңдауға баулу.
Сабақтың әдісі: тренинг, пікірталас, проблемалық ситуациялар, сұрақ- жауап, рефлексия.
Көрнекіліктер:
Бәрінен күшті адам-өзіне- өзі сенетін адам.
Білім бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ әлдікімнің азығы.
Мамандық туралы ұлағатты сөздер,буклеттер.
- Ұйымдастыру
-
Тренинг «Таныстыру сәті»
-
«Мамандық таңдау көріністері» ситуациялық жағдаяттар.
-
Қорытынды ( көңілді әуен орындалады).
Таныстыру тренинг формасында өтеді, тренингтің негізгі мақсаты алғашқы қорқынышты басу. Өздеріңізді таныстырып, өзіңіз жайлы бір-екі сөз айтқаннан кейін оң жақтағы көршіңнің де солай жасауын өтін. Мысалы: «Мен Айыммын, адамгершілігім мол», «Мен Ерланмын-қашанда көңілді жүргенді ұнатамын», «Менің атым Динара, сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын»т.б «Жақсы сөз жан семіретеді»демекші күнделікті өмірде осындай жақсы сөздер мен жылы лебіздерді көп айтайық.
Кіріспе. Мұғалімнің сөзі.
Еліміздің дамуы мен қалыптасуына ұлы мақсаттар айқындалып отыр. Оның ең бастысы-еліміздің тұғырын берік етіп ұстап тұра алатын, оны одан әрі дамытып, көркейтетін ұрпақ даярлау. Қоғамда дамытушы күш жастар болғаннан кейін, оның бойында ұлы істі жүзеге асыра алатындай күш, қабілет болуы керек. Ол күш-білімде, тәрбиеде, тәжірибеде. «Халық пен халықтың, адам мен адамның теңестіретін нәрсе- білім»,-деген белгілі жазушы,ғалым Мұхтар Әуезов.
Бүгінгі сабақ өз арман ниеттеріңді дұрыс бағдарлауға, қалаған кәсіптеріңмен болашақ мамандықтарыңды жаңылыспай таңдауға, жұмысқа уақытылы немесе тұрақты орналасу мәселесін шешуге, өз орныңды, бәлкім алғашқы кәсіби қызметіңе «кетігін тауып барып қалануларыңа» көмектеседі деген үміттемін.
Енді сабағымызды «Мамандық таңдау» сауалнамасының диагностикасымен таныстыруды бастаймыз.Алдымызда екі тоқсан уақыт қалды, сондықтан аз уақыттан кейін сіздер алдарыңызда тұрған ҰБТ-ты тапсырып мектепті бітіріп, азамат болып, өмірге араласу белесі тұр. Сіздер қоғамдық-гуманитардық( жаратылыстану-математикалық) бағытта отырасыздар.
Жоғарыда көрсетілгендей біздің арамызда осы бағытта отырып техникалық бағыттағы пәндерді немесе сол бағыттағы мамандықты таңдап отырған балалар бар. Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабында әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар делінген. Қазіргі таңда әлуметтену, бәсекеге қабілетті адам болу сіздердің басты мақсаттарыңыз. Мамандық таңдауда жаңылыс жіберген жоқсыңдар ма? Осы сұрақтар жөнінде мына екі мысал жағдайдан кейін өз ойымызды өрбітейік.
«Мамандық таңдау көріністері»
Екі қыз бала мамандық таңдау тақырыбында әңгімелесіп келеді. Қызғалдақ сен мектепті бітірген соң кім болғың келеді?
- Мен әкім болмаймын, себебі жүйкемді тоздырады, химия өндірісіне бармаймын, себебі онда улы заттар болады, денсаулығыма зиян келеді. Фабрикаға бармаймын, себебі бір сарынды жұмыстан роботқа айналып кетемін. Менің таңдаған мамандығым денсаулығыма зиян келмейтіндей және қызық болу керек. Мамандығым жан-жануарлармен байланысты жолда көп жүретін болсам екен деп ойлаймын.
- Онда сен циркте істеуің керек ғой. Ал маған қандай жұмыстар болса да бәрібір, тек ақысы көп болса болды. Қызғалдақ ойланып қалды. Циркте істей алатындай талатың барма? Айжан дұрыс айтқан, қабілетің болмаса,еңбек ақы көлемін ойлап қойған жөн шығар.
Мен балалар дәргері боламын. Балаларға дәріні байқап беру керек. Сәл қателессең, баланы уландырып аласың. Дәрінің аттарын атай бастайды.
Ой, Анар сенімен сөйлесу қиын екен, кілең латынша сөлейсің.
Ол менің болашақтағы арманым, жұмысым ғой.
Әлия сен неге тіс дәрігерін қаладың?
Сәуле соны қалаған соң, мен де… Бірақ керек емес пәндерді көп оқытады дейді, алғылшынның тіс дәргеріне керегі не?
Пікірталас:
Мамандық таңдаудағы екі көзқарасты салыстырайық.
1.Қыздар мамандықты немен бағалап тұр?
- Сен мамандықты қалай таңдадың және өзіңді шығармашылықпен қалай жетілдірер едің? Сендердің пікірлерің қандай?
1- Оқушы:
Екі көзқарасты салыстыратын болсақ, Анар өзінің мамандығын сүйіп таңдаған, өз таңдаған мамандығының қыр- сырын толық біледі. Әлия мамандық таңдауда қателескен секілді. Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды қорытынды жасауға болмайды. Қазіргі таңда жан-жақты болуымыз керек. Ағылшын тілін білу, компьютері меңгеру өмір талабы.
2- Оқушы: Дұрыс таңдау жасау үшін өзің, өзіңнің қабілеттерің, қызығушылықтарың мен бейімің туралы нақты білуің керек және сол мамандыққа қатысты пәндердің терең меңгеру керек деп ойлаймын.
3-Оқушы: Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түседі деп білемін.
Оқушыға сұрақ: Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, кәсіби мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере аласың ба?
Қиындықты жеңе білу тренинг.
Мақсаты: таңдаған мамандығына жетуге рухани дайындығыңда анықтау.
Алдымен көңіл күйімізді бірқалыпқа келтіру үшін мына жаттығуларды жасап алайық.
1- Кезең. Көңілді әуенмен денемізді бос ұстап ыңғайлы отырамыз.
Көзімізді жұмып іштей «Мен сабырлымын», «Мен тынышталамын», «Бәрі жақсы болады» деп қайталап өзімізді сендіреміз.
2- Кезең. Сабаңа түсіп көңіл күйің қалпыңа келгенше 10-ға дейін сана.
Денемізді бос ұстап, өз-өзімізді жағымды және көңілді сезініп, барлық жағымды сәттерді еске алайық.
Кедергі қиындықтар үлгісі:
- Егер сенің таңдаған оқуыңа түсуіңе ата-анаң келіспесе не істейсің?
Оқуыңды ойдағыдай аяқтап, жұмысқа кірісер сәтте үй іштерің саған
одан да гөрі еңбек ақысы жоғары мамандық ұсынса қайтесің?
- Оқуға түскен соң оқуың ұнамай қалса, не істейсің?
Мектеп , оқушы, ата-ана мен жұртшылықтың бірлігі, ортақ мақсаты, игі ізденісі мен істері үлкен мақсатқа жеткізеді деп білемін. Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістердің еңбек рыногына да әсер зор. Жаңа мамандықтар пайда болды, бұрыннан бар кәсіптер соңғы сипатпен, ақпаратпен байып, толығып, компьютердің енуі арқылы жоғары тиімділігі жаңа атауларға ие болуда.Қазіргі уақыт талабына байланысты жаңа мамандықтар пайда болды. Осыған орай жаңадан пайда болған мамандықтар мен бұрынғы мамандықтарға тоқталып өтейік.
- Брокер– делдал, яғни тауар өндіруші мен тұтынушы арасын келісімге келтіруші.
Диллер– биржалық немесе саудалық келісімді өз есебі, қаражаты арқылы үйлестіруші.
Маркетинт– өнімді өткізу проблемаларын мақсатты шешу барысындағы өнім мен қызмет етудегі сұраныстарды қалыптастырушы.
Маркетелог– маркетинг проблемаларымен кәсіби айналысатын маман.
Менеджмент: Кәсіпорынды басқару жүйесі;
Өндірістік қызмет процесінде адам қатынастары теориясы мен практикасын зерттейтін экономикалық ғылым атауы.
- Менеджер– басқа қызметкерлерге басшылық жасайтын адам.
Көп жағдайда өз таңдаған мамандығын оқып болғанан кейін ұнатпайтындар да кездеседі. Олар әсіршіл,көрінген нәрсеге тез қызыға береді. Бүгінгі ұрпақтың кезеңі өз болашағына, оның жаңа ұғымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасай білуі мен икемділігі дағдыларына бейімделген уақытқа сай келіп отырсыңдар.
Сондықтан сендерге қойылатын нақты талаптар:
- Белсенділік
Әлеуметтік жауапкершілік.
Жоғары ой-өріс.
Терең білімділік
Кәсіби сауаттылық
«Мен таңдаған мамандығым» тақырыбында бес минуттық эссе жазу арқылы және рефлексиямен сабақты қортындылаймыз.
«Менің болашағым менің өмірім емес пе?» Ал мен оны салауатты жарқын күлкіге қызыққа толы болып өткенін қалаймын. Себебі біз ертеңгі қазақ елінің болашағымыз, сол себепті білімді мықты болуымыз керек. Бұл мен үшін де, қоғам үшін де қажет.
- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Сабақ несімен ұнады.
Қорытынды:
«Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»-деп, біз заман талабына сай болуға тырысатын жастарға сенім білдіре отырып, бүгінгі сабағымыз сіздердің өз мамандықтарыңызды таңдауға, оң шешім қабылдауға көмектеседі деп сенемін.
| Қазақстан Респуликасының Білім және ғылым министрлігі
Мұқтар негізгі мектебі /8-9сыныптар/ Өткізген: мектеп психологы Тауфих Е. 2012-2013 оқу жылы. |
