«Тарихын қастерлейді бүгінгі ұрпақ … » «Поколе ние свято чтущее историю …» «Current generation values their… »
Жакиева Бибигуль Асылбековна
Zhakieva Bibigul Asilbekovna
Жакиева Бибигуль Асылбековна
Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Nazarbayev Intellectual School in Aktobe city
Назарбаев Интеллектуальная школа г.Актобе
«Тарихын қастерлейді бүгінгі ұрпақ … »
«Поколение свято чтущее историю …»
«Current generation values their…»
(Тарихи композиция )
Бұл жұмыста еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы орнығу, қалыптасу , даму үрдістерін кезеңдер бойынша көрсетіп, болашақтағы балалардың алар асуларына өз жолын, өз болашағын айқындаған, әлемдік қауымдастық алдындағы беделі биік мемлекеттің тарихын қастерлейтін ұрпақтың өз халқы мен елінің алдындағы жауапкершілігі зор екендігі айтылады.
Қайырлы күн, кұрметтi әріптестер, оқушылар, ата-аналар, қонақтар!
Қазақстанның Тәуелсіздігі – бұл ғасырдан ғасырға жалғасқан тарихы бар қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы, бүгінгі жеткен жетістігі мен асқан асуы.
Тарихи сыры да көп, айтатын мұңы да көп түркі текті халықтардың ішіндегі іргелісінің бірі-қазақ халқы.Қазақ тарихын мынадай белестерге бөлуге болады:
