Арманымның ақ қанаты
Ілесова Гүлжайнар Сағынбайқызы
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
№1 жалпы орта білім беретін мектеп педагог- психологы
Тренинг
Тақырыбы: Арманымның ақ қанаты
Мақсаты: – Түлектерді тиянақты білім алуға жауапкершілікпен қарауға,
еңбектенуге баулу;
- Өздерінің даралықтарын сезіндіру;
-
Бәрі де қолынан келетініне және мақсаттары мен
армандарының орындалатынына сендіру;
Қатысушылар: 11 сынып оқушылары
Келісімге келу: 1. Ұйымшылдықпен қатысамыз;
- Бір- біріміздің пікірімізді тыңдаймыз;
Пікірімізді ашық айтамыз;
Уақытымызды үнемдейміз;
Кіріспе: Құрметті түлектер! Ұлттық бірыңғай Тестілеу – мектеп бітірушілерді мемлекеттік аттестаттау және жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын біріктіретін, жаңа технологияларға негізделген, білім сапасын мемлекеттік бағалау жүйесі екенін білесіздер. Сонымен қатар ҰБТ- дің нәтижесі бойынша өздерің армандаған маман иесі бойынша жоғары оқу орындарына түсе аласыздар.
- «Таныстыру»
Мақсаты: «Қуыршақты таныстыра отырып өзінің арманын, мақсатын айқындау.
Нұсқау: Ақ қағаздан жыртып қуыршақ бейнесін жасау.
2. Ережемен таныстыру:
Осы армандарымыз орындалу үшін қарапайым ережені сақтауымыз қажет:
- Өз тағдырымның қожасы өзіммін.
- Сүйікті ісімнің жетістігіне жетемін.
- Жалпы іске өзімнің сындарлы үлесімді қосамын.
- Адамдармен өзімнің қарым- қатынасымды СЕНІМ- нен бастаймын.
- Өзімнің ізденушілік қабілетімді дамытамын.
- Өз денсаулығымды аялаймын.
- Өзімді батылдыққа бағыттаймын.
- Ойымды жақсы істерге арнаймын.
- Өзіме сенемін, себебі өзімді алып шығатын еңбегім мен біліміме сенемін.
3. Емтиханды сәтті тапсыру үшін бірнеше кеңесті тыңдаңыз:
- Жинақтал! Қызметтік секторды толтырған соң, ойыңды жинақтап тапсырмаға үңіл. Уақыт шектеулі екенін ұмытпа.
- Асықпай тездет! Уақыттың шектелуі сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеу керек. Жауап белгілер алдында сұрақты екі рет оқып ұғынып ал.
- Жеңілінен баста! Алдымен жеңіл тапсырмаларды орында. Осылай сен тез ойыңды жинақтап, жұмысыңа кірісе аласың.
- Тастап кет! Қиын немесе түсініксіз тапсырмаларды тастап кет. Егер қиналатын тапсырмаларға тіреліп, жеңілдерін белгілеуге үлгермей қалсаң өкінішті болады.
- Тапсырманы соңына дейін оқы! Асығыста оңай сұрақтардан да қате жіберуің мүмкін.
- Кезекті тапсырманы ойла! Жаңа тапсырмаға кірісер алдында басқаларын ұмыт. Әр жаңа тапсырма сенің ұпай жинауыңа мүмкіндік.
- Шығарып таста! Тапсырманы орындау барысында, бірден дұрыс жауап іздемей, дұрыс емес жауаптарын шығарып таста. Сонда бір- екі жауаптан дұрысын табу жеңілірек болады.
- Уақыт алып қал! Уақытыңның 2/3 бөлігін жеңіл тапсырмаларды орындап, барынша жоғары нәтижеге жетесің. Қалған уақытты күрделі тапсырмаларға қалдыр.
- Тексер! Жауаптарыңды тексеруге уақыт бөл.
- Тап! Егер жауабын білмей отырсаң, интуицияңа сен. Осы дұрыс болар деген жауабын таңда.
- Мұңайма! Барлық тапсырманы дұрыс орындап үлгеру қиын. Жақсы бағаның өзі жеткілікті болуы мүмкін.
4. Сыныптастарға тілек: «Тату алақан» жаттығуы
Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да , өз орнына қалдырып кетеді , келесі қатысушының орнына барып , оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.
5.«Сіз кімсіз ?» ойын –тест
Нұсқау : Қатысушыларға жай адамның бойында кездеспейтін керемет қабілеттердің бірін таңдау ұсынылады. Содан кейін қорытындысы оқылады.
А)Биікке ұша білу қабілеті . Сізге болған жағдайды сол қалпында қабылдау оңай, іс-әрекетке тәуелсіздікті ұнатасыз, өз бетіңізбен шешім қабылдағанды жақсы көресіз, оның ішінде қауіпті шешімді де . Сізден жақсы ұшқыш немесе саясаткер шығуы мүмкін.
Б)Өткен ғасырларға саяхат жасай алу қабілеті. Сізді болған жайтың себептері қатты қызықтырады . Өткен қателіктерден сабақ алып , үйренуді ұнатасыз .Сізден жақсы сарапшы , тарихшы , архелог , ғалым шығуы мүмкін.
В) Көрінбей қалу қабілеті . Көлеңкеде қалып , айналада не болып жатқанын білуге құмарсыз . Проблеманың түбірін тауып , мән-жайдың себебін анықтауды жөн көресіз. Басқалар тіпті ойламаған істің шешімін табуға қабілеттісіз.Физика , математика, саяса , медицина – назар салар кәсіп салалары.
Г) Басқа адамдардың , аңдардың , заттардың бейнесіне айнала алу қабілеті.Сіз кез келген ортаға , жағдайға оңай сіңісіп кете аласыз. Басқа адамның көңіл күйін, қайғысын ұғу , өзіңізді соның орнына қою оңай . Жазушы , актерлік мамандықтары сізге сай келуі мүмкін.
Д) Басқа адамдардың ойын оқи алу қабілеті .Сіз сөздің артында нақ не тұрғанын сезе білесіз. Адамды жарты сөзден түсіну , басқа адамның мінез-құлқын есепке алып , оның әрекетін алдын – ала көре білесіз.Басқа адамдардың не сезіп , не ойлайтыны сізге маңызды . Сай келетін мамандықтары – заңгер,психолог,мұғалім,социолог.
6. Жаттығу: «Армандар орындалады»
Нұқау: Түрлі түсті қағаздардан гүл күлтелерімен қиып алу. Гүлдің әр күлтесіне өздерінің армандарын жазу. Бүктеп ыдыстағы суға салады. Біртіндеп гүл күлтелері ашылады. Ашылған күлтелердегі өз армандарын оқып беру.
Нәтиже: Алға ұмтылу керек, армандарыңызды айқындаңыздыр. Армандар орындалады.
7. Видеоролик: Мотивация «Мақсатыңа жетуге күш беретін сөздер»
8. Болашақтан хат!
Өздерін қалаған мандықтарын игеріп, бір- бір маман ретінде танып, өз ойларын/түйген/, тілектерін жазып конвертке салады.
9. «Кері байланыс» жаттығуы
Тренингке қатысушылар шеңбер құра отырады да, тренингтің өткізіуіне байланысты өз ойларын білдіреді:
- Тренингте ең бірінші не ұнады?
- Не ұнаған жоқ?
- Өзің жаңадан не білдің?
«Алған әсеріңіз қандай?» – үлестірмелі смайликтер арқылы анықтау.
