Басты бағыт – білімді ұрпақ, келелі болашақ

Қостанай облысы «Арқалық қаласы әкімдігінің

білім бөлімі «Ақбота» балабақшасы» МКҚК

Хасенова Сауле Аскаровна – Әдіскер.

Ертеңгі жас ұрпақтың денсаулығын, білімі мен өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыра білсек, сонда халықта та артына тәрбиелі ұрпақты қалдыра алады. Олар өз елінің патриоты, әлемге танылған азаматы бола алады». Н.Назарбаев.

Ұрпақ тәрбиесі – ата-бабымыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі. Қай елдің болсын бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дәстүрлі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарымен сабақтасып жүзеге асады. Сол себептен де өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміздің бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, рухани бай мұрамызды бойларына сіңіре тәрбиелеу – басты міндеттердің бірі.

Елбасының Туған жер бағдарламасында «патриотизм» кіндік қаны тамған жеріңе, өскен аулыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деген пікірінде үлкен мағына жатыр емес пе.

Сондықтан да түсінген адамға туған жерге адал қызмет етуден, оның мәртебесін барынша асқақтатудан артық бақыт бар ма?

Еліміздің болашағы- жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру ошағы.

Балаларымыздың саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қатар балабақша қызметкерлерінің де жауапты міндеті.

Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Нуралина Майра Серікқызы бастаған педагогикалық ұжым оқу-тәрбие үрдісін жаңарту, жаңа стандартпен оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу және оны жүзеге асыру , бүлдіршіндерді адамгершілік, отансүйгіштік пен өнерсүйгіштік қасиетке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында қызмет етіп келеді. Ата-аналарды балабақша өміріне кеңінен араластыру бүгінгі заманауи талаптарының бірі, біртұтас ақпараттық білім мен тәрбие беру кеңістігінің көзі. Балабақша ұжымы отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және тәрбие үрдісі жайында ата-аналармен бірлескен ынтымақты негізде жұмыс атқарып келеді.

Ата-аналар тарапынан да бүлдіршіндеріміздің жан-жақты тәрбиеленуіне бей жай қарамайтын , қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысуға қолдау көрсетіп отыратын отбасыларға ризашылығымызды білдіреміз. « Талант және сұлулық сайысы- Астана 2016», «Ақ көгершін» халықаралық өнерпаздар байқауына қатысып, балабақшадағы тәрбиешілеріміз бен қатысушы бүлдіршін өнерпаздарымыз Алғыс хаттар мен халықаралық деңгейдегі Дипломдармен марапатталды. Осы байқаулардың нәтижесінде алда өтетін халықаралық байқауларға шақырту алды.

Балабақшада білікті де , білімді тәрбиешіле мен педагогтар жұмыс атқарып келеді. Олардың педагогикалық еңбек жолында шыңдалуына мекеме басшысы Нуралина Майра Сериковна жағдай жасап отырады.Қалалық, облыстық, халықаралық деңгейдегі байқаулардан педагогтарымыз үнемі қатысып, қалыс қалмайды. Өз білім, білік тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандарға әдістемелік көмектерін көрсетіп отыратын педагогтарымыз да аз емес. Атап айтсақ, Хасенова С.А., Қайралапова Қ.Ш., Турсунбекова Г.И., Кудерина А.Қ., Бейсенова А.Т., Сарманова К.К., Мырзакеримова А.Н.

Балабақша тәрбиешілері Турсунбекова Г. И., Кудерина А. Қ., Бейсенова А. Т. жакында 2017 жылдың 7 желтоқсанда мектепке дейінгі мекемелерде арасында өткізілген облыстық « Педагогикалық тәжірибе алмасу фестифаліне» қатысып, «Қостанай облысы әкімдігі білім басмқармасы» ММ -нің арнайы грамоталары мен сертификаттарымен марапатталды. Фестивальды ұйымдастыру шығармашылық білім беру мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын мекемелерді шоғырландыру, сондай-ақ озық тәжірибені кеңінен таратуға , ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдірудің тиімді құралы болып табылады.Аталған« Педагогикалық тәжірибе алмасу фестифалі» Қостанай қаласы ауданы әкімдігінің №17 бөбекжай бақшасында өтті. Фестиваль шеңберінде мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп алды даярлық сыныптарының педагогтері қатысты.Олар өздерінің жоғарғы деңгейде әдістемелік жұмыстарын әкеліп, ортаға салды. Көрмеге (Денсаулық, коммуникация,таным, шығармашылық, әлеумет) білім салалары бойынша көрнекіліктер буклеттер, кітапшалар, әдістемелік жинақтар қойылды.
Әр балабақшаның қатысушы педагогтарының шеберлік сыныптарына ұласты.Турсунбекова Г.И., Кудерина А.Қ. «Табиғи заттардың сиқырлы құпиясы» тақырыбында шеберлік сынып көрсетті. Бейсенова А.т. «Дидактикалық ойындар арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында шеберлік сынып көрсетті.Өткізілген Фестивальдің мақсаты:мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқытушылар құрамының біліктілігін жетістіктерін таныстыру және насихаттау оларды анықтау. Педагогтерді ынталандыру және оқытудың жаңа технологияларын енгізу қалыптастыру, кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейтуді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірыңғай инновациялық кәсіби байланыс педагогтердің спектрін кеңейту; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқытушылары саласындағы инновациялық әлеуетін көтеру;инновацияларды ұйымдастыру және мотивациясы оң басқару тәжірибесін насихаттау.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін ағаш көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан балаларымыздың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, ұлтжандылық құнды қасиеттерді сіңіруде отбасы мен мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілердің шешуші рөл атқарады.

Біз ата-аналар балаларымыздың жарқын болашағының ашық болатынына, немерелеріміздің бойына бар жақсыны дарытып, санасына терең ой сіңіртіп, ер жететіне тілектеспіз.

Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы–өмірге сәби әкеліп, оны тәрбилеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс. Заманауи тәрбиешілеріміз осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүруі, олардың шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.

Балабақшам базарлы үй,

Қаладағы ажарлы үй.

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты.

Сондықтан , Отанын сүйген нағыз патриоттарды, өз ана тілін қадірлеп, ата-бабасы жүріп өткен тарихи джжолдың жеңістерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізер болашақ ұрпақ өкілдерін, елінің жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға тәрбиелеу педагог мамандардың жауапты міндеті бола бермек.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше