«Тәуелсіздік таң нұры» атты ертеңгілігі
Қостанай облысы Арқалық қаласы
«Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Мырзакеримова Акгулим Нуритдиновна
МАҚСАТЫ: 1.Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру
2.Тәрбиешілер патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке
баулу. Халқымызның тарихын білуге үйрету, достыққа тәрбиелеу.
Көк тудың желбірегені әнімен балалар залға кіреді.
2 бала жүргізуші ортаға шығады.
Ақылжан : Армысыздар құрметті қонақтар
Мирас : «Тәуелсіздік таң нұры» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Ақылжан : Тәуелсіздік күніміздің нұр айы, Жанға қуат беретіндей ұдайы Еліміздің аталғандай есімі, Еліміздің кіретіндей шырайы Аруна : Тәуелсіздік таң нұрысың арайлы, Бабалардың арманысың талайғы
Ғасырлардың құшағында ер жеттің, Халқым сені өз бақыты санайды.
Әнұран орындалады
Ақылжан : Енді міне біз тәуелсіз ел болдық Басқалармен терезесі тең болдық Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай . Отан үшін болуға да құрбандық
Аруна : Аман болсын Нұрсұлтандай атамыз
Халқымызға пана болған данамыз
Әрқашанда мақтан етіп жүретін
Жазық маңдай кең пейілді данамыз
Бай және әйелі дастархан басында шай ішіп отырады,есіктің қағысы, бай және оның әйелі тездетіп дастархан басын жинап,барлаған сандыққа тығады.Алдар көсе әндетіп залға кіреді.
Алдар көсе: – Ассалаумағалейкум, Бай-әке?
Бай: – Амансың ба, Алдар көсе?
Алдар көсе: – Біз бүгін барлығымыз керемет бір үлкен мерекені қарсы алып жатырмыз, бізді дастархан басына шақырсаңшы.
Бай: – Қандай мереке? Мен білмеймін қандай мереке екенін.
Алдар көсе: – Бай-әке, ұят ай, балалардың өзі білгенде, сен қалай білмейсің? Олай болса Тәуелсіздігіміз туралы қысқаша түсінік алу үшін экранға назар аударайық (видеоролик )
Алдар көсе: – Міне, көрдің бе? Қандай үлкен мереке екенін . Осы мерекеге арнаған балалардың жыр шумақтарын тыңдайық .
Тақпақтар :
1.Арай : Егеменді ел болдық 2.Жаннұр Тәуелсіздік жолында
Ұлттық намыс оянып Талай –талай тер тамған
Гүлденсін мәңгі жайқалып Билігім өз қолымда
Тәуелсіз қазақ еліміз Еркіндігім елтаңбам
3.Айзере : Қуат алған өзіңнен 4. Мағжан Атқарған кен мен күрішті
Туған елдің қызымын Егемен елім ырысты
Бақытты етіп өсірген Тәуелсіздік күнінде
Тәуелсіз елдің қызымын Тойларың болсын қызықты
5.Арлан : Гүлденсін елім гүлденсін 6.Б.Мерей : 16 – желтоқсан
Танымастай түрге енсін Тәуелсіздік алған күн
Болашақтың төріне Мерекені ел тосқан
Елу елмен бірге енсін Атамменен барған күн
7.Дамир : 16 – желтоқсан 8.Ж.Мерей Мерекеге шығады
Тәуелсіздік алған күн Бүкіл халық біліп қой
Ерекше болып мәңгілік Отандастар ұғады
Ел жанында қалған күн Тәуелсіздік ұлы той
9.Жанайым : Ылғи өрге өрлеген 10.Алдияр .Қазақстан киелім
Бақыты бұл халықтың Қияға ұшар қыраным
Мейіріммен тербелген Еркіндікті сүйемін
Тәуелсіздік жарық күн Мен Тәуелсіз ұланмын
Бай: – Жарайсыңдар балалар тағы қандай өнерлерің бар ?
Алдар көсе : – О , байеке енді балалардың әнін тамашалайық .
Ән «Тәуелсіздік »
Алдар көсе:- Байеке менің балаларға дайындап алып келген ойыным бар . Ойынның аты «Теңге алу» деп аталады, бұл ойынды ер балалар ойнайды,оның шарты:ортада теңге салынған дорба тұрады, соның жан жағында балалар атпен шауып жүреді , әуен біткенде теңгені алу керек.
Бай : – Маған балалардың өнерлері ұнап бара жатыр , тағы қандай өнерлері бар .
Алдар көсе : – Енді қыздарымызды тамаша биімен ортаға шақырайық .
Би : «Қазақ биі» қыздар .
Бай : -Жарайсыңдар биші қыздар ,қандай өнерлі едіңдер .
Алдар көсе : – Ендеше тағы да жыр шумақтарды тыңдайық .
Тақпақтар : /орысша тақпақты қосып айтады /
1.Ляйсан : Отанымның төрінде 2.Айлана : Тәуелсіздік таңы атып
Сарыарқаның жерінде Ұшты көкке көгершін
Ту ұстаған астанам Ел ішінде таңдатып
Жайна менің бас қалам Сайлады өз төресін
3.Дильназ :Тәуелділік жоқ бүгін 4. Айым : Шаңырағым тұр шуақ
Еселенді ел күші Айбат беріп тұр пырақ
Желбіреген көк туым Тәуелсіз ел тынысы
Тәуелсіздік белгісі Бірлік пенен ынтымық
5. Инабат : Қуаныштан жанған нұр 6. Қ,Аруна : Бабамның да арманы
Бізде бүгін ұлы той Осы еді ғой аңсаған
Егемендік алған күн Тәуелсіздік таңдары
Тәуелсіздік күні ғой Бақ береді баршаңа
Бай : – Сен мені дым білмейді деп отырсың ба Менің де дайындаған ойыным бар . Ол үшін ортаға 5 – 6 бала аналарын ертіп шығу керек . Ойынның аты «Әр ұлттың биі» деп аталады, бұл ойын ата – аналардың ойыны, оның шарты:біз экраннан әр ұлттың биін көрсетеміз, соны әр ата -ана өз баласымен қайталау керек
Алдар көсе: – О, байеке жарайсың жақсы ойын екен . Ендеше біраз демалып ән тыңдайық .
Ән «Елге тілек» Ақылжан , Жанайым , Мирас , Дамир . /квартет /
Алдар көсе: – қандай тамаша ән , олай болса ұлдарымыздың биін де көрейік .
Би ұлдар «Боз жорға» биін билейді .
Бай: – Ой, Алдар, біздің балалар өте өнерлі екен. Екеуі қоштасып шығып кетеді .
Ақылжан : – Біздің балалар тәуелсіздік туралы тақпақтар біледі екен.
Тақпақтар
1.Санжар : Бойкүйездік жат маған 2. Нұрсұлтан Тәуелсіздік төрінде
Елім еркін шат заман Ұлан байтақ елімде
Мен әлемге тәуелсіз Асқар тау да сенікі
Қазақпын деп мақтанам Бау бақша да сенікі
3.Даниил : Әлем білер атағын 4.Архат Тәуелсіздік менің байтақ отаным
Айтсам елім атауын Бір өзіңсің Мұхтар ,Абай,Шоқаным
Тіккен дербес отауын Тәуелсіздік Сәбилердің күлкісі
Тәуелсіз менің отаным Тәуелсіздік ақ батасы атамның
5.Мирас Шықты тарап ой данадан 6. Елдос Құт береке шаңырақ
Арайлады жұлдыз беті Орын алған ол төрден
Өзі қалап сайлап алған Қанатты қос арғымақ
Елімнің бар президенті Екі жақтан көмкерген
7. Нұрислам Көк туымды қолыма 8.Шерхан Тәуелсіздік елде біз
Бүгін берік ұстадым Қуанамыз Күнде біз
Түсті бақыт жолыма Ата бабам қалдырған
Менің Қазақстаным Біз батырмыз сенсеңіз
9. Олжас Шаттанса бейбіт халқымыз Өз алдына ел болып
Тіріліп ата салтымыз Әлемге жетті даңқымыз
Ақылжан – Аруна : – Балалар осы сендер қандайсыңдар ?
Балалар : – Осы біздер қандаймыз ,шұғылалы таңдаймыз
Ақылдымыз , білімдіміз ,жанып тұрған шырақпыз .
Елімізді өркендететін ,бабаларға тағзым ететін ,
Біз қазақ елінің болашағымыз .
Ән : «Он алтыншы желтоқсан »
Ақылжан: – Құрметті ата – аналар , апайлар сіздерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, мерекелік концертімізді аяқтаймыз . Аспанымыз ашық , көк туымыз желбірей берсін. Сау болыңыздар.
