Тақырыбы: «Жәндіктер әлемі»
Атырау облысы Атырау қаласы
№ 21 «Алтын кілт» балалар бақшасының
тәрбиешісі Ұланбаева Асыл Қыдырбайқызы
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Таным
Бөлімі: Экология
Тақырыбы: Жәндіктер әлемі
Мақсаты: Б. м: Жәндіктер әлемімен таныстыру. Ара, құмырсқа, өзіндік
ерекшеліктерімен таныстыру.
Д. м: Балдың денсаулыққа пайдасы туралы, құмырсқаның еңбекқорлық қасиетін түсіндіру. Т. м: Жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: қою, сұйық, араның үйі «омарта»
Қостілдік компонент: ара – пчела, бал – мед, құмырсқа – муравей, көбелек – бабочка
Керекті құралдар: Жәндіктер суреттері, араның үйі омарта, құмырсқа илеуі
Іс – әрекет кезеңі. Тәрбиешінің әрекеті
Шаттық № 35
Балдырған баламыз,
Қашан да, қайда да,
Достар бір – біріне
Сенімді боламыз
Ұйымдастырушылық – ізденушілік
1) Жұмбақ жасыру: Балалар мына жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, бүгінгі әңгімеміз не жайлы екенін білесіңдер?
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады Ол не? Шешуі: Шыбын
Гүлдерге қонады
Шырынын сорады
Түр – түсі сары – ала
Бұл не? Шешуі: Ара
Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не? Шешуі: Құмырсқа
– Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?
– Жәндіктер
– Балалар тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? – Құмырсқа, көбелек, шыбын, ара
– Жәндіктердің аяғы нешеу? 4, 2, 6
– Олар иісті сезе ме? – Дәмді иісті мұртшаларымен сезеді
– Ұша алатын (секіретін, жорғалайтын) жәндіктерді атаңдар.
– Шегіртке, инелік, қоңыз, маса т, б
– Ең мазасыз жәндікті кім біледі? – Шыбын
– Қалай ойлайсыңдар, ара пайдалы жәндік пе, әлде зиянды жәндік пе?
2) «Аралар ойыны: Ойынды бастамас бұрын балалармен пікір алмасу жүргізу.
– Гүлзардағы гүлдерден қандай араларды көрдіңдер? – Олар қалай ызылдайды?
– Аралар гүлдерден бал жинайды. Оны аю жақсы көреді. Ол омартадағы балды жеуге тырысады. Аралар оны жолатпайды.
(Балалар араның Ыз – ыз – ыз – ызыңдағанын келтіреді)
– Тағы қандай жәндікті еңбекқор деп айтуға болады?
– Құмырсқаны
Құмырсқаның үйі неге «илеу» деп аталатынын түсіндіреді. (Құмырсқа суреті көрсетіледі) Біреуі илеу салады, бірі илеуге кіріп – шығатын жол салады, азық тасиды)
– Қалай ойлайсыңдар, құмырсқалар жалғыз тұра ма, әлде топтанып па?
– Құмырсқа қысқа азық жинай ма?
– Құмырсқаның илеуін бақылап, жауынның жауатынын қалай білуге болады? (илеуге кіретін тесікті бекітіп тастайды)
3) Ой тастау:
– Егер жәндіктер жер бетінен мүлдем жойылып кетсе, не болар еді?
– Жазда қандай жәндіктерді кездестірдіңдер?
– Жазда олар көп бола ма?
– Жәндіктер қайда қыстайды? Кейбіреуі құрт, қуыршаққа айналады, ал үлкендері өледі. Кейбіреуі тасалау жерге тығылып, ұйқыға кетеді.
4) Көзге арналған жаттығу: Көбелектің сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Көбелек жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.
– Көбелек қайда ұшты? Жоғары, төмен, оңға, солға. Балалар көбелек сияқты ұшады, гүлге қонады, шырынын ішеді, ұшып қайтадан орындарына отырады.
Рефлективтік – түзетушілік
Ұ. о. іс – әрекетін қорытындылау: «Қиынды суреттер» ойыны. Араның, көбелектің, құмырсқаның суреттері 2, 3, 4 бөлікке қиылған. Балалар қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Жәндіктерді қорғауды аялауды білуі керек
Нені игереді: Жәндіктерден достықты, еңбекқорлықты үйренуді меңгерді
Нені біледі: Кез – келген жұмысты достарымен бірлесе істеген оңай екенін білді
