Тақырыбы: «Абайла бағдаршам»

Атырау облысы Атырау қаласы

№ 21 «Алтын кілт» балалар бақшасының

тәрбиешісі Бағыт Мейрамгүл Аманжолқызы

Мақсаты: Балаларды жол ережелерімен таныстыру.Бағдаршам арқылы үш түрлі түсті ажыратып,жолға шыққанда өздерін қалай ұстау керектігін үйрету.Балаларды сақтыққа,жол ережелерін орындауға үйрету.Өздерін қоршаған ортада ұстай білу дағдысын қалыптастыру.Бір- бірімен сыпайы,мәдени қарым- қатынасқа түсе білуге тәрбилеу.

Көрнекі құралдар:Слайд,әуен,жол белгілері,бағдаршам.

Билингвалды:Бағдаршам -Светофор,Жол ережесі -Дорожные движения.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Баланы тапсырманы орындауға, қызықтыруға (талпындыру) Сәлемдесу.

Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға ,

Ойын сауық кешімізді бастаймыз сәлемменен!

Балалар қонақтармен үш тілде амандасады.
Баланы ізденушілікке ұйымдастыру. Балалар,қане жаттығу жасап бір шынығып алайықшы.

Жалпы дамытушы жаттығулары:

Сапқа тұру.

Саппен жүру,жүгіру,секіру,жәй жүгіру,қос аяқтап секіру,дем алу,дем шығару.

Шеңберге тұру.

Бас,қол,аяққа жаттығу жасау.

Үш түсті доппен жаттығу жасау.

Доптардың түсін ажырату.

Слайд көрсету.

Негізгі жаттығу:

«Кедергілерден өту»

1.Ирелең жолмен жүру.

(кеглидің арасымен машинамен соқтығыспай жүру)

2.Көлбеу тақтайдың үстімен аяқтың ұшымен жүру.

3.Қос аяқтап секіру.

Үш түсті кедергіден аттап секіру.Қызыл,сары,жасыл)

Жұмбақ:

Өзі сөйлей білмейді

Бірақ Тоқта!Жүр!дейді.

(Бағдаршам)

Жоқ өзінде құлақ та бас та

Бақырайған үш көзі бар бірақта Қызықты сәт:Бағдаршам келеді.

Сәлеметсіңдерме балалар! Мен қайда тап болдым?

Балалар бұл кім?

Бағдаршам дегеніміз не?

Ол не үшін керек?

Бағдаршам қайда тұрады?

Бағдаршам неше түстен тұрады?

Түстерін атайықшы!

Пішіндері қандай?

Бағдаршам туралы тақпақ білемізбе?

Балалардың тақпақтары:

Өзгертпейтін тұрағын

Бір орнында тұратын

Қызыл көзін ашқанда

Қадам баспа бір адым.

Сары көзін ашқанда

Өтемін деп мақтанба

Бұл дайындық белгісі

Кідіре тұр аттанба

Төксе жасыл шырағын

Қауіптенбе шырағым

«Жолың ашық,,өте бер»

Жаса алға мың адым

Қызыл түсін жұмса

«Қауіпті бұл»дегені

Сары көзін жұмса

«Рұқсат жүр!» дегені

Қатаң тәртіп сақтаған

Әдептіні жақтаған

Көздерін кезек жұмып

Ережені жаттаған

Ашса кезек үш көзін

Айтты деп ұқ үш сөзді

Тоқта!Сақтан!Жол ашық!

Жүрме жолға таласып

Жақсы ,балалардың тақпағы ұнадыма сізге бағдаршам?

Олай болса балалар бағдаршаммен бірге ойын ойнағыларың келе ме?

Қимылды ойын: «Бағдаршам»

Балалар бағдаршамның қызыл түсі көрсеткенде тұрамыз,сары түсін көрсеткенде қол шапалақтаймыз,жасыл түсін көрсеткенде аяқтарыңды топылдатамыз.

Балалар жолда көптеген көліктерді көреміз.Қане экранға қарап көліктерді атайықшы.

Такси көлігі

Жүк көлігі

Жедел жәрдем

Өрт сөндіру көлігі

Су тасу көлігі

Автобус

Автобус көлігі кімді тасиды?

Ендеше ойын ойнайық.

Қимылды ойын:«Жүргізуші»

Шарты:Екі топқа бөлініп жолаушылар тасимыз.Жүргізуші боламыз.

Бағдаршам,балалардың ойыны саған ұнадыма?

Ендеше бағдаршаммен қоштасайық!

Қонақтармен қоштасып тобымызға барайық.

Балалар жаттығу жасайды.

Берілген тапсырманы орындайды.

Қызығады.

Таңдана қарайды.

Балабақшаға

Бағдаршам

Жол қауіпсіздігі үшін.

Көшеде

Үш түстен

Қызыл,сары,жасыл.

Дөңгелек.

Иә

Жақсылық

Азамат

Иманат

Мансур

Рамина

Жұлдыз

Иә

Балалар қимылды ойынға қатысады.

Экраннан көрген көліктерді атайды.

Қимылды ойынға қызыға қатысады.

Қоштасады.

Рефлексия Балалар бүгін біз не туралы айттық?

Қандай ойын ойнадық?

Сендерге ойын ұнадыма?

Жарайсыңдар!

Бағдаршам

Бағдаршам туралы,жүргізуші.

Иә


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Бағдаршамды,жол ережелерін біледі.

Меңгереді: Бағдаршамның түстері мен атқаратын қызметін .

Жасай алады: Бағдаршам туралы қимылды ойындарды жасай алады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше