Тақырыбы: «Жаңа жыл-жаңа жыр»
Атырау облысы Атырау қаласы
№ 21 «Алтын кілт» балабақшасының
тәрбиешісі: Болатуева Жадыра Туралиевна
Тақырыбы: «Жаңа жыл-жаңа жыр»
Мақсаты: Балаларға жаңа жылдық мерекелік атмосфера сыйлау. Жақындарымен достарын қуанта білуге тәрбиелеу. Тақпақтар, әндері, ертегілік қойылымдар қоюға баулу. Ұмытылмас Жаңа жылдық кеш сыйлау.
Зал мерекеге сай безендірілген. Зал ортасында үлкен шырша құрылған. Көңілді әуен ойналып тұрады. Балалар залға жетекші бастауымен кіреді. Шыршаны айнала қоршап жалпы би билейді.
«Жалпы би»
Балалар көңілді әуенге билеп ішке кіреді.
Жүргізуші: Келді міне Жаңа жыл ортамызға,
Құт береке әкелсін баршамызға.
Аңсаған арманымыз орындалып,
Өміріміз бақыт пен толсын нұрға.
Құрметті балалар,ата- аналар сіздерді бүгінгі келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.Бұл мереке үлкен мереке,оны барлық елде тойлайды.Бұл мереке ерекше мереке.Себебі осы мерекеде түрлі қызықты оқиғалар болады.Жаңа жыл мерекесінде біз ортаға шырша құрамыз,оны әдемі ойыншықтармен безендіреміз.Жаңа жылда бізге кім келеді?Әрине Аяз ата мен немересі Ақшақар келеді.Олар бізге сыйлықтар әкеледі. Жаңа жылдық кеште көптеген күтпеген ғажайып сәттер орын алады.
Шырша түбінен телефон қоңырауының дыбысы естіледі.
- Балалар, ғажайып оқиға басталып кеткен сияқтыма. Маған телефон дыбысы естіліп тұр. Қане кім болды екен, корейік. Алееее! Сәлеметсізбе! (балаларға қарап , басын изелеп) кім екенін білесіздерме, Аяз атаның өзі! Иә, Аяз ата, рахмет. Иә, әрине, қазір қосамын. Балалар, Аяз Атаның бізге айтары бар екен. Мен дауысын ұлғайтып қояиын,бәріміз бірге тыңдайық. «Дауыс жүреді»
Аяз ата: Құрметті балалар! Сіздерді келіп жеткен Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз.! Мені кешіріңіздер, бірақ мен сіздерге ертеңгіліктеріңізге бара алмаймын. Менің көптеген жұмыстарым бар. Балаларға сыйлықтар әзірлеу, тау , ормандарды қарларыммен көмкеру дегендей. Ал сіздер өз сыйлықтарыңызды алу үшін маған қонаққа келіңіздер. Балақайлар мен сіздерге өзімнің сыйқырлы ұлпақарымды жіберемін. Ұлпақарға 3 рет үрсеңіздер менің сол түстік әлемімнен бірақ шығасыздар. Ал балалар кездескенше!!!
Сыйқырлы әуен ойналып жерде жалт-жұлт еткен ұлпақар пайда болады.
Жүргізуші: Мінекей сыйқырлы ұлпақар.Ал балалар, солтүстік әлемге Аяз атаға қонаққа барғыларыңыз келеме?
Балалар: Иә.
Жүргізуші: Ендеше көзімізді жұмып тұрып 3 рет үрейік. Тек асықпай және қатты етіп үреміз.
Балалар асықпай үреді. 2 үрілімнен кейін күтпеген жерден залға даңғарадай соғылып Мыстан мен Жайтан кіреді. Жүргізушіге жылдам адымдап келіп ұлпақарға 3 болып мыстан үреді, соңынан қарқылдап күледі.
Мыстан: Қалай , аяз аталарыңның ғажайып әлеміне тап болдыңдарма? Менімше олай емес.
Мыстанмен жайтан көңілді би билейді.
Жайтан: Сол түстікке барғыларың келдіме?! Ешқашанда онда бара аламайсыңдар! Оның орнына қараңғы орманмен, биік тауларға аттанасыңдар.
Мыстан мен Жын : Балалар Кощейдің хандығына аттансын. (екеуі сыйқырлаған кейіп танытады да, залдан шығады)
Жарық сөніп, музыка ойналады.
Жүргізуші: Ой, балалар мына жалмауыз Мыстан не істеді?! Мұнда неге сонша мұңды, қорқынышты екен. Шынымен де Кощей патшалығына келіп қалғанбызба?
Музыкамен залға Кощей кіреді.
Кощей: Иә, иә, менің патшалығыма келіп қалдың. (ашулы, көңілі толмай) Тағыда кімдер келді сенімен. (есінеп, керіліп- созылып, көзін уқалайды) Ой, Балақайлар! Менім жыланымның түскі асына тура келгендерің қандай жақсы болды ааа.
Жүргізуші: Жеткен жеріміз осы болғаныма, енді қайттік балалар.
Кощей: Енді қайттік, енді қайттік дегенше дайындалыңдар, мен сіздерді үңгірдің түбіне жіберемін.
Жүргізуші: Жоооқ құрметті Кощей оныңыз жарамас. Бізде мереке, Жаңа жыл. Ал сен бізді үңгірге жіберем дейсіз.
Кощей: Кайдағы мереке, қандай жаңа жыл? Мен бұл туралы бірінші рет естіп тұрмын. Сондықтан мені көп алаңдатпаңдар. Мен өзімнің жыланымды алып келейін , оған дейін сендер өзара келісе беріңдер, кімді бірінші жейтіні туралы. ( шымылдық артына кетеді)
Жүргізуші: Балалар, бір амалын ойлап табу керекпіз. Біз жыланның түскі асына айнала алмаймыз. Біз міндетті түрде бір амалын табамыз. Мен бірдеме ойлап тапқандаймын. Қазір Кощей келгенде оған Жаңа жылдық көңіл-күй сыйласақ қайтеді.
Балалар: Иә.
Кощей әуенмен шығады:
Кощей: Сонымен кім бірінші, жақындай түс қанекей.
Жүргізуші: Тоқтай тұр Кощей мырза. Біз сізге түскі асыңызды кешіктіре тұруыңызды сұраймыз. Біз сіздің патшалығыңызда Жаңа жылдық мереке ұйымдастырмақшымыз, келісесізбе?
Кощей: Жаңа жыл… Жаңа жыл… Ол не, оны немен, қалай жейді?
Жүргізуші: Оны жемейді, Жаң жыл дегеніміз ол…
1 бала. Үлпілдек аппақ қарлар.
2 бала: Жарқыраған шырша.
3 бала: Ән мен би.
4 бала. Аяз ата мен Ақшақар.
Кощей: ( Қарқылдап күліп) қалжыңбассыңдар- ау, сірә. Менде қайдағы қар, қайдағы әнмен би, Қайдан жүрген Аяз ата мен Ақшақар?….
Жүргізуші: Оның ешқандай қиындығы жоқ, тура қазір шыршаны әдемілеп айналаны гүлдендіреміз. Ал Аяз ата сен болсаң болады. (Басына Сантаның қалпағын кигізіп, мойнына жалтылдауықты іледі).
Кощей: Менен қандай Аяз ата шықсын, мен қатыруды да білмеймінғой.
Жүргізуші: Қатырудың қажетіде жоқ. Сен тек көңілді, мейрімді болсаң болды, ал біз сенің уақытыңды көтеріңкі өткізуге уәде етеміз. Қарашы өзіңе қандай сұлу, жарқ-жұрқ етіп тұрсың.
Кощей: Ай жарайды, көндірдіңдер мені, көңіл көтерейік балақайлар.
Балалар: Иә.
Жүргізуші: Қанекей Кощейге Қыс туралы ән орындап берсек қалай.
Ән «Шырша жыры»
Жүргізуші: Ал біздің оркестрлеріміз қайда, Қанеке өнерлеріңді ортаға салындар.
Оркестр « Жана жыл»:
Далида, Мұнтазбегім, Рустам, Камилла, Ахатбек,Расул, Өмірбек, Жасмин.
Кощей: Расыменде балалар, мереке деген қандай жақсы, Сіздерге көп рахмет, маған ұмтылмас кеш сыйладыңыздар.
Жүргізуші: Сағанда көп рахмет. Кощей біз сізбен достасқанымызға өте қуаныштымыз. Сенің патшалығың бізге қатты ұнады. Білесіңбе жаңа жылда Аяз атадан барлық балалар, тіпті үлкен адамдарда сыйлық алады.
Кощей: Шіркін мағанда сыйлық болсағой. Сыйлықтардың ішінде даусы сыңғырлаған қоңырауды таңдар едім, өйткені менім қоңырауларымның барлығы дауыстары қорқынышты, көңілсіз.
Жүргізуші: Арине, міне бізден сыйлық болсын. Саған қоңырау.
Кощей: Сыйлықтарыңызға рахмет. Ендеше қош болыңыздар, Құтты жаңа жыл болсын сіздерге. Сау болыңдар балалар.
Кощей залдан шығады. Жүргізуші ұлпақарды алып тағыда үрмек болады. 2 рет үргеннен кейін тағыда Мыстан мен шайтаны кіреді. 3 болып екеуі үрлеп жібереді де мысқылдап күледі.
Мыстан: Ух мыналардың қырсықтықтарын қарашы ей. Солтүстікке барамыз деп қоймай тұрған….. үскілерің келіп жүр ау шамасы. Ендеше үсіп қалыңдар.
Шайтан: Тек солтүстікте емес, теңіз түбінде үсетін боласыңдар. (Күліп қашып кетеді)
Толқынды шуы бар музыка ойналады.
Жүргізуші: Ой, балалар қараңдар, біз сіздермен теңіз түбіне тап болдық. Мында қандай әдемі.
Сахынаға Теңіз патшасы кіреді.
Теңіз патшасы: Бұл қандай шу, не деген сыбдыр, ұйықтап демалуға тыныштық бермедіңдерғой тіптен.
Жүргізуші: Кешіріңізші Теңіз патшасы. Біз балабақша бүлдіршіндеріміз. Біз сізге кедергі болғымыз келмеген, тек сіздің ғажайып патшалығыңызға таң қалып жатқан жайымыз бар.Мынандай сұлулық әсерінен ән орндағың келеді екен.
Теңіз патшасы: Ештеңе етпес, сіздер маған ұнап тұрсыздар. Бірақ мұнда қалай тап болғандарыңды түсіне алмай тұрғаным.
Жүргізуші: Түсінесізбе, бізде жаңа жылдық мереке еді. Бізді Аяз атаның өзі қонаққа шақырған болатын. Ақшақарда шақырған. Ал Мыстан өзінің Шайтан досымен бізге кедергі жасауын қоймады. Бірінші Кощейдің мәңгілік әлеміне аттандырса, енді міне теңіз түбіне жіберді.
Теңіз патшасы: Иәәәә, мен ол Мыстанды білемін. Олда жамандық жасауға жалықпайды екен. Теңіз түбіндегі әлемге келіп қалған екенсіңдер, қонағым болыңыздар.
Жүргізуші: Рахмет сізге Теңіз патшасы.
Теңіз патшасы: Ал Жаңа жыл туралы мен естігенмін. Байқаймын жақсы мереке сияқты, сіздердің мынандай сұлу болып киінулеріңізге, дайындықтарыңызға қарағанда.
Жүргзуші: Теңіз патшасы сіздің әлеміңізде мереке болғанын қалайсызба?
Теңіз патшасы: Әрине, мен тек қуанар едім.
Жүргізуші: Ендеше біздің бүлдіршіндер сізге арнап би билеп берсін.
Жалпы би: « У меня, у тебя»
Теңіз патшасы: Менің су асты әлемімде көптеген ғажайыптар орын алған, бірақ мынандай тамаша биді алғаш көруім. Менің тағы бір естуімше Жаңа жылда барлық адамдар сыйлық алады екен, сол распа?
Жүргізуші: Иә, сол сыйлықтар үшін бізде Аяз атаға аттанған едік.
Теңіз патшасы: Солайма, ал мен ешқашан жаңа жылдық сыйлық алып көрмеген екенмін…..
Жүргізуші: Ал сіз қандай сыйлық алғыңыз келген еді?
Теңіз патшасы: Мен мына теңіз патшасының кимінен әбден жалықтым, бір уақыт басқа киімдерді де киіп көрсем деген арманым бар.
Жүргізуші: Балалар патшаға қалпақ сыйласақ қалай болады.
Бір бала өзінің басындағы цилиндр жылтыр қалпағын сыйлайды.
Теңіз патшасы: Құрметтеріңе рахмет балалар. Көңілді достықтарыңа рахмет. Ендігі жерде сіздерді жамандықта қалдырмаймын, қолымнан келгенше көмектесемін. Менің өте сыйқырлы бір затым бар, ол зат сіздердің сол түстік аймаққа баруларыңызға көмектеседі. Ал Мыстанның сыйқыры оның қасында әлсіз. Міне сіздерге сыйқырлы қайыршағым, оны қолдарыңызға алсаңыздар, қалаған жақтарыңызға бара аласыздар. Ендеше қош болыңыздар. Сіздерге сәттілік.
Теңіз патшасы әуенмен залдан шығады.
Жүргізуші: Балалар шеңбер бойына тұрып қайыршақты бір –бірімізге шапшаңдатып үлестірейік, тек сонда ғана солтүстік полюске аттана аламыз.
Балалар қайыршақты бір –біріне беріп жалғастыра береді. Мыстан залға ойбайлап кіріп қайыршақты алмақ болып ұмтылады, онымен ол әрекетінен ештеңе шықпайды.
Мыстан. Тоқтаңдар бәлем! Қолыма әлі түсерсіңдер.
Мыстан ашуланып, айғайлап залдан шығып кетеді.
Жүргізуші: Балалар біз сіздермен сол түстікке де келіп жеттік. Аяз ата мен оның немере қызы Ақшақар қайда тұрады екен.
Торжестволық музыка ойналып шиырма артынан Аяз ата мен Ақшақар шығады.
Аяз ата: Мінекей көптен күткен қонақтарымызда келіп қалды. Сәлеметсіздерме балалар. Қош келдіңіздер.
Балалар: Сәлеметсізбе, Аяз ата!
Аяз ата: Біз Ақшақар екеуміз сіздерді күтіп қалдық.
Жүргізуші: ой, Аяз ата, сізге келеміздеп қайда тап болмадық!
Аяз ата: Мен барін білемін балақайлар. Сіздердің қандай батыл, көңілді әрі тату екендеріңіз туралыда білемін. Кездескен қиындықтармен тайталасып, жеңе білдіңдер, сіздерге ризамыз. Меніңде патшалығымда сіздерді көңілді кеш күтіп тұр.
Ақшақар: Аяз ата шырша шамын жағатында кез келді.
Аяз ата: қане бәріміз бірге «Қуант бізді таңырқаи, шамдарыңды жарқырат.»
Залға басында каскасы бар Шайтан кіреді, соңында басына каска киіп, қолында сүйретпелі баспалдағы бар Мыстан кіреді. Баспалдақты шыршаның жанына қояды, Шайтан баспалдақпен өрмелей түседі.
Аяз ата: Бұл не өзі, не болып жатыр?
Ақшақар: Атай, бұл кісілер кімдер?
Мыстан мен Шайтан бірге: Біз электіршілерміз.!
Аяз ата: Не болып қалды, сіздер не істегелі жатсыздар?
Шайтан: біз қазір мына сымдарды қиямыз, сосын шыршаларың сөніп, ешқандай мереке болмайды сендерге.
Мыстан: болды, тараңдар балақайлар, үйге кететін уақыт болды.
Аяз ата: бұларың масқарағой. Қане тез жерге түс!
Шайтан баспалдақтан тусіп Аяз атаға жақындайды. Жүргізуші Мыстан екеуінің басындағы каскаларын шешіп алады.
Жүргізуші: Аяз ата бұлар Шайтан мен Мыстанның өздеріғой. Міне осылар болатын бізге көп кедергі келтірген.
Ақшақар: Сіздердің кеткендеріңіз жөн болар…
Аяз ата таяғымен жерді ұрғанда Мыстанмен Шайтан қаша жөнеледі:
Ақшақар: Аяз ата шыршамыздың шамын тағыда бір жағып көрелік,
Аяз ата балалармен «Қуант бізді таңырқаи, шамдарыңды жарқырат.» деп таяғымен шыршаға бағыттайды. Көңілді музыка ойналып, шырша шамдары жағылады.
Ән «Жасыл шырша жанында»
Жүргізуші: Балалар қанекей мерекеміз одан әрі нұрлана түссін, ортаға тақпақ айтатын балалар шықсын:
Балалар тақпақтары:
Ахадбек: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Мұнтазбегім: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын,
Төрле-төрле Жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Исмаил: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған,
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Ибрахим: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Расул: Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға.
Дамира: Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде
Билейміз, ән саламыз
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Жасмин: Жаңа жыл жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Жүргізуші: Аяз ата біз сізге бір ойын ұсынбақшымыз. Балалар белгілі бір қимылды көрсетеді, сіз олар нені бейнелеп тұрғанын табуыңыз қажет:
Балалар кез келген әрекеттерді орындайды, ал Аяз ата керісінше қызықты етіп жауап қайтарады.
- Домбырада ойнау.
Аяз ата: Іштеріңді қасып жатсыңдарма?
- Скрипкада ойнау:
Аяз ата: Сақалдарыңды қасып жатсыңдарма?.
- Үрмелі аспапта ойнағанды бейнелеу.
Аяз ата: Шар үрлеп немесе ауаны итеріп жатсыңдарма?
Аяз ата: Сіздермен ойын ойнаймын деп ыстықтап кеттім, немерем маған салқын бір сусын әкеліп берсең.
Ақшақар үлкен күрешкені әкеледі, іші толған конфеттер. Аяз ата ата-аналардың қасына барып ішкен сыңай танытып ішіндегі конфеттерді ата-аналардың үстіне төгеді.
Жүргізуші:Ай Аяз ата сен не деген қалжыңбас едің. Балалардың өзіңізге арнаған орыс тіліндегі тақпақтары бар еді.
Балалар тақпағы:
Сұлу-ай: Кто в чудесный праздник верит,
Открывайте шире двери
Новый год уже в пути
Хочет в гости к нам зайти
Дед мороз под нашу елку
Положил подарков горку
Нет в мешке в олшебном дна
Хватит всем чудес с полна.
Медина: С новым годом поздравляю
Вам желаю всем добра
Чтоб в жизни вашей было
Много счастья и добра.
Айару: В воздухе кружат снежинки
Весело сверкают льдинки
Все вокруг белым-бело
Счастье дарит год собаки.
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалардың ойыны ұнап жатырма сізге?
Залға басында бантасы, устінде әдемі юбкасы бар мыстан мен қоян бас киімін киген Шайтан кіреді.
Мыстан(баланың даусымен) Аяз ата бізде тақпақ айтқымыз келеді.
Аяз ата. Қане, қане айтыңдар, тыңдап көрелік.
Мыстан: Аяз ата кәрі шал,
Ақсақтаған сары шал!
Шайтан: Ал Ақшақар тас сараң,
Шырқағаны жаман ән…. (сықылықтап күледі)
Аяз ата: Не деген тақпақ бұл, мына түрлеріңмен бүкіл мерекені бұзуға боладығой, солай емеспе балалар?
Балалар: Иә…
Ақшақар: Достар сіздер қай топтан боласыздар?
Мыстан мен Шайтан: Ортанғы топтан боламыз.
Ақшақар: Біздің топтарда сіздердей қыздар жоқ, балалар таныдыңыздарма бұлар әлгі сіздер айтқан мыстан мен шайтан емеспе.
Аяз ата: тағыда солар. Сонғы рет сіздерге ескертемін, балаларға көңілді болуға, олардың мерекелеріне кедергі келтірмеңіздер. Қане орманға тайып тұрыңдар!
Мыстан мен Шайтан қаша жөнеледі.
Жүргізуші: Ашуыңызды басыңыз Аяз ата. Біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Би «Ақшақар»
Билейтін қыздар: Айару, Айбибі, Медина, Дамира.
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар сізге ағылшынша да тақпақтарын дайындап келді, сол тақпақтарын тыңдасақ қалай?
Балалардың тақпақтары: Исмаил, А.Ислам, Еркін, Камилла.
Ақшақар: Балалар мерекеміз қыза түссін, сіздермен ойын ойнағым келіп тұрғаны.
Ойын «Ұлпақарлар» ( 2-3 жұп балалар таңдалып алынады. Әр балада қар салуға шелек және кішкентай күрек таратылады. Ортаға қар салынған үлкен табақшаны қояды. Белгі берілген кезде қарды қасықпен бос шелекке эстафета беру арқылы тасыйды. Қай топта коп қар жиналады сол топ жеңімпаз болады.)
Жүргізуші. Ендеше мерекеміз қыза түссін, ән орындайық.
Ән: «Аяз ата» Хормен
Ақшақар: Балаларыңыз неткен өнерлі еді. Ал енді кезек сыйлықтарда. Ата сыйлықтарыңызды үлестіріңіз.
Аяз ата (дорбасын іздей бастайды.) Мүмкін емес! Не болып кетті өзі! Түсінсем бұйырмасын, қапшықты осы айналаға тыққанымды білемін, бірақ қай жерге екені есіме түспей тұрғаны.
Ақшақар: Еш жерде жоқ, балаларымыз сыйлықсыз қайтатын болдыма мерекеден (мұңаяды)
Аяз ата: кеткені қалай, ешқайда жібермеймін. Күте тұрыңдар балалар, біз сіздерге сыйлықтар алып келеміз.
Аяз ата мен Ақшақар залдан шығады. Мыстан мен Шайтан кіреді. Шайтанның арқасында қапшық бар.
Мыстан. Қане мұнда кел. Қапшықты абайлашы осы.
Шайтан: Уххххх, әзер дегенде жеткіздім -ауу. Ішінде сыйлықтар көп-ау деймін.
Мыстан: Қане, қалай бөлісетін боламыз?
Шайтан: Қапшықты арқалаған кім? Мен! Сондықтанда көп бөлігін мен аламын.
Мыстан. Өй сенде бір, ақылдысын қарай көр. Ал саған сондай ақыл берегн кім? (салғыласып, төбелескендей болады)
Залға ақшақар кіреді.
Ақшақар: Тағыда сіздерме? Бұларыңыз не? Қане, қане, қапшық?!
Мыстанмен Шайтан қапшықты қанқалап жауып тұрып «Біз қапшықты шырша түбінен тапқанбыз, ішіндегі байлықты ешкіммен бөліспейміз.»
Ақшақар. Бұл дегендеріңіз Аяз атаның қапшығы ғой.
Шайтан: Біз ештеңе білмейміз, қапшық біздікі.
Ақшақар: Қазір Аяз ата келгенде қалай сайрағандарыңызды көрерміз. Балалар Аяз атаны шақырыңыздар.
Балалар Аяз атаны шақырады.
Аяз ата: Не болды?
Ақшақар: Ата таптақ, таптық. Міне сіздің сыйлықтар салыңған қапшығыңыз.
Мыстан мен Шайтан: Сіздерге қапшықты бермейміз. Ішіндегеісін өзіміз жейміз.
Аяз ата: Олай болса- жей қойыңыздар.
Мыстан мен Шайтан бір бірін итергіштеп, қапшықтың ішінен бәтенке, шарф, жыртық қолғаптарды шығарады.
Мыстан: Біз мұндай сыйлықты қаламаймыз. Ылғи тесік, жыртық.
Аяз ата: өздеріңнің жасаған жамандықтарыңа тап келген сыйлықтарың бұл.
Шайтан: Жаңа жылымыз, мерекеміз сыйлықсыз өтетін болдыма?
Аяз ата: Жаңа жылда танғажайып жайттар көп болады. Мен сыйлықтарды балалардың топтағы төсектерінің астына салып қойған болатынмын. Балалар сіздер сол сыйлықтарды міндетті түрде табасыздар.
Мыстанмен Шайтан бірге: Ал, бізгеше?
Шайтан: Ата бізді кешіріңізші.
Мыстан: Біз түзелеміз, сөзімізге сеніңіз.
Аяз ата: Қане балалар мереке қарсаңында бұлардың қателіктерін кешіремізбе?
Балалар: Иә
Жүргізуші: Аяз ата біздің балаларымыздың биін тамашалайық: Ибрахим, А.Ислам, Арнур, Н.Ислам, Рустам, Ахат, Өмірбек, Дәулет.
Жүргізуші: Ендеше осындай көңіл күйімізді орыс әні жалғасын:
Ән: «В лесу родилась елочка»
Жүргізуші: Балалар, құрметті біздің қонақтар ортамызда бізбен 1 жыл бірге болған тауық жылымыз бар. Ескі жылмен қоштасып, жаңа жылды қарсы алатын уақытта келген сыңайлы.
Ескі жыл А. Ислам ортаға шығып өзінін сөзін сөйлейді. Сөзін бітіре келе әуенмен жаңа жыл кіреді.
Жаңа жыл: ЕРКІН:
–Сәлеметсіздерме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
1-жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып
Ит жылы мен боламын
Бар жақсылық әкелем
Бейбітшілік төріне
Күн нұры боп төгілем!
Аяз ата ормандағы достарын шақырады:
Ән: «Жаңа жыл»
Аяз ата, қонақтар қоштасады.
Жүргізуші: Жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2018 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!
Балалардың тілегі:
Жүргізуші:
Жаңа 2017 жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!
Мерекені аяқтау.
