«Күзгі еңбек»

Атырау облысы Атырау қаласы

№ 21 «Алтын кілт» балалар бақшасының

тәрбиеші Мұхашева Гүлжан Қатарбайқызы

Тақырыбы: «Күзгі еңбек»

Тобы ІІ № 5 кіші тобы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Күзгі еңбек»

Мақсаты:

1.Білімділігі: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем құрастырып, әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызы туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық:Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы және ой-өрісін дамыта отырып,тәжіриебе жасату, есте сақтау мен тілін дамыту. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.

3.Тәрбиелік:Өсімдіктерді күтіп-баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап , салыстыру, ойындар т/б.

Көрнекілігі: слайд суреттері, үнтаспа, себетке салынған көкөністер мен жемістер, ата-аналардың шығармашылық суреттері.

Билингвальды компонент: күз-осень, жеміс-фрукты, бағбан-садовник.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы бөлім Тәрбиеші :балалар бізде ерекше күн. Өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Осы келіп отырған қонақтармен амандасайық. Балалар шаттық шеңберге тұрып:

-Армысыз,Алтын күз!

-Армысыз, қайырымды Аспан –ата!

-Армысыз, мейрімді Жер –ана!

Күліп шықты күн бүгін!

Қуанайық, шаттанайық бәріміз!

Балалар келген қонақтармен үш тілде амандасады.

Шаттық шеңберін орындату.

Ұйымдастыру- іздестіру Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінің неше айы болады?

-Кім күз айларын атап береді?

-Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері болады?

Слайд көрсету.

Күзгі еңбек көрсетіледі, жемістер, көкөністер, егіс алқабы, күзгі серуен.

  1. Жемістер мен көкөністер туралы айтады. Және олардың пайдалы дәрумен қасиеттеріне тоқталады.
  2. Егіс алқабындағы дәнді дақыл өседі: бидай, арпа, тары, жүгері т,б

Мысалы : бидайдан ұн алынатынын және одан ең біріші «Ас атасы-нан» мен бірнеше тағамдар жасайтынын айтады.

Осылардың барлығы күзгі еңбек деп аталады.

Сергіту сәті:

«Что нам осень принесёт?»

Ойын: «Жемістерді түсіне қарай жинау»

Мақсаты: кірпінің суреті бар үш түрлі қорапша тұрады( сары, қызыл, жасыл) және үш түрлі алма ( сары, қызыл, жасыл) қорапшаға сәйкес алмаларды жинап салады.

Тәжіриебе: «Көкөністер»

Мақсаты: 1.Ұзыншалап туралған қырыққабат, сәбіз, тәтті бұрыш , қияр көкөністерін бір-бірден алып балалардың көмегімен араластырып дәруменді ас дайындап көрсету. Және олардың қасиеттеріне тоқталады.

2.Қышылшаны төрт бөлікке бөліп, үстіне қайнаған су құйып балаларға пайдалы суын дайындау. Және қызылшаға суды құйғанда қандай өзгеріс байқағандарын сұрайды.

Слайд көрсетіледі.

Ата-анамен балалар шығармашылығын таныстырады.

Балалардың тақпақтары:

  1. Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

  1. Берекелі мерекелі

Келді жомарт алтын күз

Қалада да далада да

Жаннын барі жарқын жүз

  1. Сау сау етіп жапырақ

Сағынан үзілді

Қоныр тартып атырап

Көкке құстар тізілді.

Ән: «Күз келгенде» хор

Қорытынды

Күз мезгілі.

Үш айы бар

қыркүйек, қазан, қараша

Күзде күн суытады, жаңбыр жиі жауады, көптеген жеміс-жидектер піседі, адамдар қысқа дайындала бастайды.

Балалалар мұқият тыңдайды, білгендерін айтады.

Балалар сергіту сәтін саз жетекшісімен бірге орындайды.

Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады.

Тәжірибеге қызығушылығын танытады.

Су қызыл түске өзгереді.

Мұқият қарайды.

Келген қонақтарға салған суреттерін таныстырады.

Балалар білетін тақпақтарын айтады.

«Күз келген» өлеңін саз жетекшісімен орындайды.

Рефлексивті- коррекциялаушы бөлім Сұрақ-жауап әдісі.

-Балалар күзгі еңбек туралы не білдік?

Жарайсындар балалар.

Мадақтау

Күздің ерекшелерін, күз айы берекелі ай екендігін, т.б

Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Күз еңбек , күз мезгілінің ерекше айын екендігін .

Меңгереді: Жемістердің пішіні мен түсін .

Жасай алады: Сергіту қимылдарны

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше