Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боларсың!» Спорттық ме реке
Атырау облысы Атырау қаласы № 21 «Алтын кілт» балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы Жумагулова АйнұрАралбайқызы
Қатысқан топ: Ересек № 1
Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боларсың!»
Д/ш нұсқаушысы : – Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, балалар!
«Шынықсаң шымыр боларсың!» атты спорттық мерекемізге қош келдіңіздер!
Музыка әуені ойналады, балалар саппен дене шынықтыру залына кіреді.
Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боларсың!»
Мақсаты: Балалардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.Спорттық жаттығуларды сауатты, дұрыс орындау,топпен жарысу арқылы, балалардың жауапкершілік қабілеттерін қалыптастыру.
Білімділік: Алған білімдерін шыңдай отырып, ойындар арқылы балалардың ынта, зейіндерін арттыру.
Дамытушылық: Шапшаңдылық, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы болуға дамыту.
Тәрбиелік: Ойын арқылы балаларды жан жақты озық ойлы болуға тәрбиелеу.
Д/ш нұсқаушысы :
-Қане, спортшылар!
Тік тұр!
Жүргізушіге қарай басынды бұр!
Тік тұр!
Оңға бұрыл!
Балалар бір тізбекпен алға жүреді .
Дамытушы қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасату:
«Биші қыз» -аяқтың ұшымен, табанмен жүру.
«Балапан»-өкшемен жүру.
«Пони»- ауыстырмалы қадам
«Күркетауық»- тізені бүгіп жүру. Жүгіруге арналған жаттығу
«Құс»- аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру
Секіруге арналған жаттығулар:
«Қоян»-екі аяқпен секіру.
«Бақа»- отырып тұру арқылы алға қарай қимылмен секіру.
«Қайшы»- аяқты айқастыра секіру
«Зырылдауық»- өзін айнала секіру
Д/ш нұсқаушысы: Балалар ілгері жүреді, екі колоннаға сапқа тұрып қармен жаттығу жасайды.Балалар сендер жарысқанды жақсы көресіндер ме?
Балалар: Иә, жақсы көреміз.
Д/ш нұсқаушысы :
Балалар алдарыңыздағы өздеріңізге ұнайтын спорттық құралдарды таңдаңыздар!Балалар өздеріне ұнайтын спорттық құралдарды таңдап екі топқа бөлініп қатарға тұрады.
Музыка әуенімен Түлкі мен қасқыр кіреді. Қолдарында ағаштың бұтақтары бар (кім күштті, деп бір-бірімен сынасып тұрады, мен мына бұтақты сенен күшті сындырам деп).
Д/ш нұсқаушысы :– Сәлеметсіздер ме, Түлкі, Қасқыр ұрысудың қажеті жоқ! Сендер екеуіңде, мықтысыңдар .
Түлкі:- Ал, біз қайда келіп қалдық?
Қасқыр:– Сен білмей тұрсыңба? Мен балабақшаға жиі келемін. Мені, балалар, қонаққа шақырып тұрады.
Д/ш нұсқаушысы:– Міне, сендер бүгін «Шынықсаң шымыр боларсың!»атты мерекеге келдіңдер.
Түлкі мен қасқыр: – Балалар, біздің қолымыздағы бұтақты сендер сындыра аласыңдар ма? Сендердің күштерің жетпейтін шығар? (өздері бір –бірден алып сындырады, біздің күшіміз көп деп мақтанады)
Д/ш нұсқаушысы: –Түлкі, қасқыр сендердің айтқандарың дұрыс емес. Себебі: бір бұтақ тез сынады. Ал егер, барлық бұтақтарды қосып сындырсақ, олар сынбайды. «Досы көпті жау алмайды»-деп бекер айтпаған. Сендер тату болсаңдар, достарың көп болады.
Түлкі мен қасқыр: Біз түсіндік. Біз, енді тату боламыз. Бір-бірімен құшақтасып достасады.
Д/ш нұсқаушысы: Түлкі, қасқыр сендер спортпен дос болғыларын келеме?
Түлкі мен қасқыр: –Иә , дос боламыз.
Д/ш нұсқаушысы: –Түлкі, қасқыр сендер екі топқа бөлініп тұра қалыңдар. Эстафеталық ойындар ойнайық.
1.ЭСТАФЕТА: «Аспазшы»
Шарты: Қатысушылар подноспен допты тасып мәреге барады да
қайта айланып келіп келесі балаға подносты тапсырады.
2.Эстафета: «Кеңгуру»
Шарты: Балалар тізелерінің арасына допты қысып белгіленген жерге дейіе сеіреді.
3.Эстафета:«Кім шапшаң»Шарты: Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп жарысу.
4.Эстафета . «Паровоз»
Балалар топ болып жерде жатқан 16 шт кубиктен жерге шаршы құрастыру керек қайтарда паровоз болып қайтады.Кім жылдам болса сол топ жеңімпаз.
5.Эстафета: «Новигатор»
Шарты: Топ мүшелері бір-бірімен жұптасып арқа сүйеп допты түсірмей кедергі арасымен алып жүру.
Түлкі мен қасқыр:- Тамаша! Тамаша! Спорт деген қандай керемет! Біз, бәріміз сергіп, жақсы көңіл-күйде демалдық.
Д/ш нұсқаушысы: – Бүгінгі мерекеміз өз мәресіне жетті. Түлкі мен Қасқыр балалармен қоштасып кетеді. Сау болыңыздар!
Д/ш нұсқаушысы: Құрметті, балалар! Бүгінгі мерекеміз аяқталды, денсаулықтарыңыз мықты болсын, ешқашан ауырмай біздің келесі мерекемізде кездескенше сау болыңыздар!
