Тақырыбы: Мұздар

ОҚО, Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты
«Балдырған» ясли – бақша тәрбиешісі
Алимкулова Дана Жумабаевна

Тақырыбы: Мұздар.
Білім беру саласы: Таным, Қатынас
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тіл дамыту
Мақсаты: Қыс мезгілінің белгілері, ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту, алған білімдерін тиянақтау.
Міндеттері:
Білімділік: Балаларға мұз , мұздың ерекшеліктері туралы түсінік беру. Мұздың өзіне тән ерекшеліктерін атап, ажыратуға ,өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.. Мұздың пайдасы мен зияны туралы түсініктерін кеңейтіп, білімдерін арттыру.
Дамытушылық:Мұзға тәжірибе жұмысын жасау арқылы танымдық белсенділерін дамыту сөздік қорын, тіл байлығын молайту. Баланың ойлау, сөйлеу қабылетін, қиялын дамыту

Тәрбиелік: Табиғатты қорғап аялай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Мұз туралы суреттер, «Мұз туралы не білеміз?» жөнінде слайд, әр түрлі түске боялған мұз бөліктері, мұздан жасалған майшам, тәжірибе жасауға: мұз, су

Сөздік жұмыс: Мұз сүңгілері, түссіз, мөлдір
Қостілділік: Қыс-зима, мұз-лед
Мотивациялық түрткі болатын
Балалар бәріміз шеңберге тұрып бүгінгі біз оқу іс-әрекетімізді Қыс туралы әнмен бастайық.
-Балалар жаңа біз қай жыл мезгілі туралы ән айттық?
-Қыс мезгілінің ерекшелігін кім айтады?
Дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілінің ерекшелігін дұрыс таптыңдар.
-Балалар, ал сендер білесіңдер ме, мұз неден пайда болады?
Қане,ендеше біз мұз туралы слайд тамашалайық.(Слайд тамашалайды)
Балалар мұз демек судан пайда болады.
-Мұздың түсі қандай? (Түссіз)
-Мұз қай жерлереде кездеседі? (өзедерде, көлдерде)
Мұзды жаз мезгілінде қайдан көруге болады? (тоңазытқыштан)
Ұйымдық-іздену
Күтпеген сәт:
Осы кезде есік қағылып Қар ханшайымы келеді.
Қар ханшайымы:- Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Балалар мен сендерге сонау Мұз патшалығынан келдім. Мұз патшалығында тек мұздан ғана жасалған үйлерде тұрамыз. Мен сендерге жай келмей өз елімнен мұз бөліктерін ала келдім
Балалар менің елімде тек қыс мезгілі ғана болады.Мен сендерге қыс мезгілінің белгілері жайлы жұмбақ жасырамын,шешуін тауып көріңдерші.
1.Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады?
(аяз)
2.Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады?
(қар)
3.Өзі судан жаралаған, бірақ судан қорқады.
(Мұз)
-Өте жақсы дұрыс таптыңдар.
-Балалар сендер мұз жайлы көп нәрсе білесіңдер ме?
-Қар ханшайымы сіз біздің бүгінгі оқу іс-әрекетімізге дәл келіпсіз. Біз мұнда мұз жайлы көп білім алып зерттеу жұмысын жасағалы тұрмыз
Бірақ зерттеу орталығына бармас бұрын денемізді шынықтырып, бойымызды сергітіп алсақ қайтеді
-Келісемін
Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт – сарт – сарт,
Шапалақ соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етік киіп аламыз.
Топ – топ – топ,
Топылдатып билейміз.
Тоңса біздің денеміз,
Тоңды киіп аламыз.
Зу – зу – зу,
Шанаменен зулаймыз.
-Балалар қане бәріміз бірге зерттеу орталығына барайық. Біз қазір мұзға бірнеше зертеу жұмыстарын жасаймыз
(Балалар Қар ханшайымымен бірге зерттеу орталығына барады)
-Қар хашайымының мұз бөліктеріне назар аударайықшы.
Мұнда үш түрлі мұздар тұр.
-Түстерін кім маған атап береді? (қызыл,сары, көк)
Мұздардың пішіні бірдей ме?(жоқ, әр түрлі)
-Демек, мұздар әр түрлі пішінде болады екен,және суға айналған күйінде әр түрлі түске бояп қатыруға да болады екен.
1-дәлел
-Алдымызда тұрған мұзды ұстап көрейік
Мұздың түсі қандай? (Түссіз)
Мұзды ұстағанда алақанымызда не пайда болды? (су пайда болды)
Қорытынды шығарайық, демек мұз жылы жерде суға айналады
2-дәлел
Енді балалар мұзға қарайықшы: қарандашпен үстінен басып көріңдер,мұз сынып қалды
Демек ,мұз сынғыш
3-дәлел
Алдарындағы суға мұзды салыңдар?
-Мұз батпай бетінде қалықтап жүзіп жүр. Сондықтан мұз судан жеңіл.
Қорытынды : мұз судан пайда болған. Мұз қатты түрдегі су. Ауа райы салқын болғанда су мұз болып қатып қалады. Ал ең кішкентай мұздар жоғарыда аспанда бізге қар болып жауады.
Қар ханшайым: Балалар мен сендерге ризамын.
Тәрбиеші: Қар ханшайымы балалардың Қыс мезгілі туралы тақпақтарын тыңдайық
Д/О: «Жақсы жаман» (Венн диаграмасы арқылы)
Ойын шарты: Мұздың пайдасы мен зиянын айтып суреттерін тақтаға ілу
Ал мұз пайдалы ма жоқ па?
Неге пайдалы? (балмұздақ жасайды,сырғанақ жасайды,су астындағы мекендеушілерге аяз қорқынышты емес екен)
Неге зиянды? (жеуге болмайды,құласаң ауыртады,лақтырғанда қатты тиеді,өзенде мұздың бетінен жүруге болмайды)

Балалардың енді қыс мезгілімен, мұздың орысшасын атап үйренейік
Қыс-зима, мұз-лед
Рефлекстік-түзеу
Қар ханшайымы: балалар менің енді кететін уақыт болды. Сендер өте білімді, тапқыр екенсіңдер
Тәрбиеші: қар ханшайымы біз саған ризашылық ретінде мұздан жасалған май шамды тарту етеміз
Балалар біз бүгін не жайлы айттық?
Мұз қандай? (Мұз-мөлдір,түссіз.Ол судан жаратылған)
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Мұз- судың қатты түрдегі күйі екенін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Мұздың табиғат пен адам өмірінде алатын орны жайлы түсінігі кеңейді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Мұздың табиғаттағы күйі, туралы білім алады,тәжірибе жасай алады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше