Сәуірбек Бекбергенов. Құрманғазы (Қ.Сағырбаев ту ралы)

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№ 15 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Раимова Дариға Изембергеновна

Сабақтың тақырыбы: Сәуірбек Бекбергенов. Құрманғазы (Қ.Сағырбаев туралы)
Сабақта меңгерілетін

дағдылық мақсаттар

Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар білуге тиісті:

Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Тақырып мазмұнын түінуі тиіс

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Автордың өзге де шығармаларын.

Бұрыннан бар білімдері Тапсырмаларды сатылай кешенді талдауды біледі.
Жоспар
Жоспарланған

уақыттар

Жоспарланған уақыт (жаттығулар)
Басталуы Ұйымдастыру кезеңі

Есте қалған қызықты оқиға

Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.

Қызығушылықты ояту

Балалар ,қандай атақты күйшілерді білесіңдер?Балалар өздеріне мәлім күйшілерді атайды.Үнтаспадан С.Құрманғазының күйін тыңдайды да, одан қандай әсер алғандарын ортаға салады.Жаңа сабақтың тақырыбымен танысады.Мұғалім мәтіннің авторыСәуірбек Бақбергенов жайында хабардар етеді де ,Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі жайында айтады да, мәтін бөліктерін үлестіреді және іштей оқып, бір-біріне мазмұнын айтып, соған лайық сурет салуды тапсырады.

Ортасы Жаңа сабақ

1 жұп. Құрманғазы мен Дина.Қайран шешем күйінен үзінді тыңдалады.

2 жұп. Сағырбаевті тұтқындау. Диолог түрінде.

3 жұп. Динаның көңіл-күйі.

4 жұп. Күйшінің аманаты.

Әр жұп орындаған жұмыстары туралы айтып береді.

Сергіту сәті Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

Аяқталуы Сұрақ- тапсырмалармен жұмыс.Слайд.

1. Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты?

2. Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі жөнінде не түсіндің?

3. Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады?Бұл күйді қай кезде шығарған?

4. Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың?

5.Дәптермен жұмыс. Құрманғазының анасы туралы ойларын жаздырту.

Үйге тапсырма: Құрманғазы мәтінін оқу, мазмұндау, дәптермен жұмыс.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше