Тақырыбы: «Күз әлеміне саяхат»

Алматы қаласы, Өтеген батыр кенті,

«Айша» балабақшасының тәрбиешісі

Мұстафаева Эльмира Әлімбайқызы

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Күні:14.11.2017ж
Білім беру саласы: «
Шығармашылық» «Коммуникация»
Бөлімі:
«Сауат ашу», «Аппликация»
Тақырыбы
: « Күз әлеміне саяхат»
Мақсаты : Мақсаты:
табиғат құбылыстары туралы түсінігін кеңейту; қағазды қатпарлап бүктеу арқылы қию дағдыларын жетілдіру; заттарды дұрыс орналастыруға үйрету; көркем сөйлеу тілін дамыту; қол қимылдарын арттыру; табиғатты сүюге, еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қағаз, асқабақ дәні, кепкен жапырақ, желім.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Үш топқа бөліп, балаларға ұжымдық жұмыс жасату.
Сөздік жұмыс: Алтын күз, қоңыр күз, қара күз, жомарт күз.

Билингвальды компонент:Ақ-белый-white; жасыл-зеленый-green; қызыл-красный-red;сары-желтый-yellow.
Қыс-зима-winter ,көктем-весна-spring, жаз-лето-summer, күз-осень-autumn

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация

лық

қозғаушыл ық

Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті,
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей бәріміз,
«Сәлеметсіз бе,»- дейік үлкенге

Балалар шеңберге тұрып тәрбиешімен өлеңді қайталайды.
Балалар қонақтармен амандасады
Ұйымдастырушылық-ізденістік Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Күз әлеміне саяхат»
-Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
мына шарларды ала келдім .Бұл шарлардың түстері қандай?
-Бұл түстерді қазақ тілінде,орыс тілінде және ағылшын тілінде айтып,есімізге түсірейік.
Ақ-белый-white; жасыл-зеленый-green; қызыл-красный-red;сары-желтый-yellow.
-Бір жылда неше мезгіл бар?
Кәне, атап шығайық . ..
-Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
-Мына шардың түсі қандай ?
-Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
-Қыс. Қыста жер қандай болады? Жасыл шарды көрсету.
-Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
-Табиғат көктемде оянып ,жер беті жасыл шөпке толады.
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
-Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
-Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады.(жаз)
Сары шарды көрсету.
-Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?
-Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.

-Балалар ,біз бұл жыл мезгілдерін үш тілде айтып,есімізге түсірейікші.
Қыс-зима-winter ,көктем-весна-spring, жаз-лето-summer, күз-осень-autumn.
Күз айымыз аяқталып қалды .Енді екі-үш аптадан кейін қыс мезгілі басталады. Қане күз айларын атайықшы.
Балалар сендер білесідер ма, күз айын үшке бөледі екенбіз. Алтын күз, қоңыр күз, қара сары күз. Алтын күз деп күз айының алғашқы айларын айтамыз, ағаштар сарғайа бастайды екен. Қоңыр күз деп айдың екінші айларын айтамыз, ол кезде сарғайған жапырақтар қызарып қоңыр түске бояла бастайды екен..Қара күз деп, күздің соңғы айларын айтады екенбіз. Ол кезде ағаштағы жапырақтар түсіп, қыс айына дайындалып жатады екен.
Ал балалар мен сендерді үш топқа бөліп отырғыздым. Осы топтарға ат қойайық. Ат қоймас бұрын мен сендердің тапқырлықтарыңды сынап көрейін. Мен сендерге жұмбақ жасырамын жұмбақтың шешімін тапсаңдар мен сендерге ат қоямын.

Бұлттар төніп,
жерге шөгіп,

Шөп сарғайып, өңі тайып,
дала нұры қашады,

Ойнай алмай, денең мұздап тоңады,
Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады?

Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалды

Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың қатады.

Жарайсыңдар өздерңғ тапқыр екенсіңдер. Олай болса жасырған есімімді көрсетейін.

Текшені оңдату,
Мынау қандай дыбыс: «К» «Ү» «З»

Олай болса осы дыстарды үш топқа беремін.
Енді балалар осы дыбыстар шапшаңдықтарын байқаймыз. Қане балалар алдарыңа заттар қойдым, солармен ұжымдық жұмыс жүргіземіз.

«К» тобына қарақұмық, түске боялған күріш дәні. Қарақұмықпен ағаштың діңкесін жасаймыз, боялған күріштен ағаштың жапырағын безендіреміз

«Ү» тобына, кесінді, ағашты жапсырып, кепкен жапырақтарды үгітіп, ағаштың жапырақтарын жасайды.

«З» тобына кесілген ағашты жапсырып, бүктеу әдісімен түсті жапырақтарды қиып, ағашқа орнату.

Сергіту сәті:
1,2,3.
Қарлықаш боп ұш
4,5,6.
Қарлығаш болып қалқы
7,8,9,10.
Қарлығаш болып қон

Ал қанекей балалар жұмысымызды аяқтайық, жұмыстарыңды аяқтасаңыздар көрмеге қойайық.

(ақ,жасыл,қызыл,сары)

Балалар –қайталайды

-Төрт мезгіл.
қыс, көктем, жаз,күз

-Ақ

-Қыс

-Ақ

-Көктем

-Жаз

-Күз

Балалар тыңдайды.

Күз

Жұлдыз

Қыс

«К» «Ү» «З»

Балалар жұмысқа дайындалады.

Балалар қимылмен қайталайды.

Балалар көрмеге қояды.

Рефлекциялық түзетушілік Балалар бүгінгі оқу қызметімізді қортындылайық,
Алтын күзде қандай ерекшелік болады екен?

Қоңыр күзде қандай ерекшелікті байқаймыз?
Қара күзде қандай ерекшелік болады?

Балалар еске түсіріп қайталайды.

Жаңғыртады: жапырақтарды қатпралап бүктейді, керексіз заттардан бейне шығарады.

Түсінеді: күзді неге «алтын күз», «жомарт күз» деп атайтынын;
Қолданады: үйлестіре отырып жапсыруды.

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Күні:16.11.2017
Білім беру саласы: «
Шығармашылық»
Бөлімі:
«Аппликация»
Тақырыбы
: « Күздің берер сыйы»
Мақсаты :

Білімділік: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем құрастырып, әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы және ой өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Өсімдіктерді кутіп баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қағаз, банка,алма,өрік, қияр, қызанақ, желім.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Балаларға жеке жұмыс жасату.

Билингвальды компонент:Жемістер- фрукты, көкөністер- овощи, алма- яблоко, алмұрт- груша, қияр- огурец, қызанақ- помидор.Қыс-зима,көктем-весна, жаз-лето, күз-осень

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация

лық

қозғаушыл ық

Аспанда күн ыстық

Ал жерде кім ыстық

Әке мен шешеміз

Сүйікті тым ыстық

Бәрінен ТЫНЫШТЫҚ

Деген сөз тым ыстық

Жасасын әлемде

Достық пен тыныштық

Балалар шеңберге тұрып тәрбиешімен өлеңді қайталайды.
Табиғат анамен амандасып жақсы к өңілмен отырады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Күздің берер сыйы»
Күз мезгілі несімен ұнайды?

Алтын күз дегенді қалай түсінесің?

Жомарт күз дегеніміз не?

Бір жылда неше мезгіл бар?

Дидактикалық ойын: Жеміс жидектердің ас мәзіріне берер сыйы.

Балалар бізге бағбан себет әкеліпті, ішінде тіл хат бар екен. Ашып көрейік.

Өлең оқып беру. Бұл қай кезде болады?

Бұлттар төніп

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады

Алма, өрік, шие, алмұрт

Жидек, жүзім піседі.

Қауын қарбыз, қияр,сәбіз

Дүкендерге түседі

Астық пісі, орақ түсіп

Қырман дәнге толады

Бөбектерім, айтындаршы

Бұл қай кезде болады?

Коммуникативтік құзіреттілік Проблема шешу құзіреттілігі.

Табиғаттағы маусымдық күз мезгілінде қзгерістер: күн салқындап жапырақтар сарғайып түсуі, жемістер мен көкеністер жинау, олардың адам ағзасына пайдасы, қысқа дайындау туралы түсініктерін кеңейту, өсімдіктердің өсіп жетілуі үшін арнайы жағдайлар жасалатыны туралы білімдерін жинақтау.

Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық,

Өнімдерді жинайық

Мына қатар шалқан

Мына қатар қызылша

Мына жерде сәбіздер

Түгел жинап алдық біз,

Мол өнімді Алтын күз

Қолымыз талсада,

Жинап алдық бәрін біз

Ал қанекей балалар жұмысымызды аяқтайық, жұмыстарыңды аяқтасаңыздар көрмеге қойайық.

Ол кезде жемістер піседі

Алтын күз мерекесін Тойлаймыз)

Молшылық айы

-Төрт мезгіл.
қыс, көктем, жаз,күз

-Ақ

-Қыс

-Ақ

-Көктем

-Жаз

-Күз

Балалар тыңдайды.

Балалар жұмысқа дайындалады.

Сергіту сөздеріне байланысты қимыл қозғалыстар жасайды.

Балалар көрмеге қояды.

Рефлекциялық түзетушілік Тақырыпты бекіту үшін «Сен жасыр, біз табамыз»дидактикалық ойын ұйымдастырылады.

Шарты: балалар көзін жұмып отырады. Бір ойыншы шығып жеміс, көкеністердің біреуін алып артына жасырады. Ойыншы сол жемісті, көкеністің атын айтып сипаттайды. Жасырынған жемісті, көкеністі дұрыс тапған бала ойынды жалғастырады.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнауға тырысады. Дұрыс жауап беруге талаптанады.

Жаңғыртады: Табиғаттағы күзгі өзгерістерді бағылап, ол туралы өз ойларын жеткізе білуі. Жемістер мен көкеністер айырмашылығын ажыратады.

Түсінеді: Дидактикалық ойындар ойнап, өлеңді түсіне отырып жаттап, жұмбақтар шешеді.
Қолданады: Табиғи материалдардан композиция жасай білуі. Өз жұмысына тақырып ойластырады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше