Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар

Алматы қаласы, Өтеген батыр кенті,

«Айша» балабақшасының тәрбиешісі

Мұстафаева Эльмира Әлімбайқызы

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Күні:

Білім беру салалары: Шығармашылық. коммуникация

Бөлімі: аппликация, сөлеуді дамыту

Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну.

Дамытушылық: Ағаштардың бейнесін дұрыс бейнелеу, дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы, суретке қарап әртүрлі түстерді байқауға, олардың түсін ажырата білуін, алған әсерлерін сөзбенжеткізе білуге, ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Қыс бейнесі суреттері, орман бейнесі бейнеленген алаң, ағаш кесіндісі, қол орамал, арнайы апплекация ағаштың т.б

Қызмет кезеңі Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер: Қайырлы таң Алтын күн!

Қайырлы таң Көк аспан!

Қайырлы таң – апайлар!

Қайырлы таң достарым!

Балалар шеңберге тұрып, бір – бірімен амандасады
Ұйымдастырушылық ізденушілік Ұйымдастырылған ашық оқу қызметін мына бір өлең жолдарымен бастағым келіп тұр.

Аппақ қыстың бояуы

Аппақ қыстың бораны

Ақ көрпеге орайды

Ақ қар байтақ даланы – осы өлеңде не туралы айтылған?

– Қыс мезгілінде неше ай бар?

– Қыста күн қандай болады?

– Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр?

Суретпен жұмыс: Сендер мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

– Осы суретке қарап әңгіме құраңдар.

– Ағаштар, қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.

– Қыста серуен кезінде ағаштың бұталарын сындырмау керек. Ағаштың түбіне қар үйінділерін үю керек.

Әнуарбек Дүйсенбиев аталарыңның «Қыс» өлеңін айтып орманға барайық.

Аппақ, аппақ жапалақтап

Қар жауады тынбастан

Қалың орман қар жамылған

Маужырайды қысқы орман

(Орманнан қайтып, орындарына келіп

бағанадан бері көргендерін, байқағандарын енді қағаз бетіне түсіреді)

Балаларды екі топқа бөлу арқылы балаларды жарыстыру,

1 топқа дайын кесілген ағашты қағаз бетіне жапсырады, және оған қардың үгінділерін жапсыру арқылы ағашты көмкереді.

2. тоқа дайын ағашты арнайы қол орамалмен көмкеріп қар жамылған ағаш бейнесін шығару, жане оған қыстап қалатын құстарды орналастыру.

Сергіту сәті:

Ал қанекей тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға бір иіліп,

Солға бір иіліп

Бір отырып,

Бір тұрып

Бір тынығып алайық.

– Қыс мезгілі туралы

– 3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан

– Суық, аяз, боран.

– Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты

– Ағаштар, орман іші, айнала аппақ қар.

– Ағаш бұтақтарын қырау басқан. Ағаштардың бәрі ақ тон, ақ қалпақ киіп алғандай.

(Балалар қыс өлеңін айтып барады)

Рефлексивті түзетушілік Қорытындылау: Бір баланы шығарып, кімнің салған суреті өзіне ұнайды, соны алып шығып, не себепті ұнайтынын айтады. – Орманда нелер болады?

– Мынау қандай ағаш?

– Орман ауасы қандай таза, қане, терең тыныс алайық.

– Балалар терең тыныс алады

– Қар қалай жауады?

– Жапалақтап, борандатып жауады

– Қар қандай болады?

– Қар неге ұқсайды екен? (ақ мақтаны алып алақандарына салып үрлейді)

– Дұрыс балалар қар, әдемі өрнектелген жұлдызшаға ұқсайды екен.

– Ағаштар, құстар, аңдар болады

– Шырша

Балалар қимылмен көрсетеді

– Қар суық, жабысқақ, жылтыр болады

– Жұлдызшаға, әдемі өрнекке, шырша ойыншығына ұқсайды


Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Қыс мезгілінде ағаштар қар жамылатынын, оның ерекшеліктерін бейнелеуді
Түсінеді: Қардың әртүрлі қасиеті бар екенін, жылдың суық мезгілін
Қолданады: Ақ түсті бояуды пайдалану арқылы қар жамылған ағаштарды бейнелей білуге және сурет бойынша әңгіме құрастыра білуді

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше