Тақырыбы: «Төрт мезгіл»

Алматы қаласы, Өтеген батыр кенті,

«Айша» балабақшасының тәрбиешісі

Мұстафаева Эльмира Әлімбайқызы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: шығармашылық, таным

Бөлімі: жапсыру

Тақырыбы: «Төрт мезгіл»

Мақсаты: жыл мезгілдері туралы түсініктерінкеңейту; табиғат құбылыстары туралы түсінігін кеңейту; қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін дамыту; саусақ қимылдарын жетілдіру; заттарды дұрыс орналастыруға үйрету; қол қимылдарын арттыру; табиғатты сүюге, еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: қайшы, желім, жұқа қағаз, қағаз табақ, кеспе сурет, төрт мезгілдің суреті

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: бала санына қарай төрт мезгілге арналған түрлі түсті жұқа қағаз бен тарелка таратып төрт мезгілдің бейнесін жұптап даярлау.

Сөздік жұмыс: . сайларға толады, пішін ору

Билингвальды компонент: Қыс-зима, көктем-весна, жаз-лето, күз-осень.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші балаларға өлең оқиды.

Алақай, алақай!

Қуанды балақай:

Күз ауды,

Қар жауды.

Құс кетті,

Қыс кепті.

Айдала бақшалар,

Айнала ақша қар.

Шығамыз топ бала,

Соғамыз аққала!

Енді аз күнде,

Жаңбыр да, жауады.

Жыл құстар да келеді,

Айнала гүлденді,

Одан аз күнде,

Көбелектер келеді,

Көбелекпен бірге

Жазда келіп жетеді,

Осылайша бізге енді

Төрт мезгілде келеді

Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге көңілді қимылдап қайталайды.

-Күз мезгілі.

Ұйымдастырушылық-ізденістік Тәрбиеші балаларға әртүрлі төрт мезгіл туралы жұмбақ жасырады.

Жұмбақ

Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

  • Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Күз айларын атаңдаршы.

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар келесі жұмбағымды жасырамын

Суда мұз бар,

Жерде қар бар,

Боран борап соғады,

Бұл қай кезде болады?

Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Қыс айларын атап беріңдерші.

Күн ұзарып,

Қар еріп,

Су сайларға толады.

Бұл қай кезде болады?

Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Көктем айларын атап беріңдерші.

Күнде ысып,

Жеміс,жидек пісіп,

Ел пішінін орады

Бұл қай кезде болады?

Жаз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Жаз айларын атап беріңдерші.

Тәрбиеші балалар шешкен әр жұмбақтарының жауабының суреттерін тақтаға іледі.

Ал жарайсыңдар балалар енді, осы жауабымыз бойынша сендерді төрт топқа бөлемін, және төрт топқа бөлінген балаларға төрт мезгілдің аты беріледі, және төрт мезгілдің бейнесін жасаймыз.

Балалардың назарын үлгіге аудару. Жеке жұмыс барысында кеспе бойынша берілген ағашты желім табаққа орналастырып төрт мезгілдің бейнесін шығарып әсемдейміз.

Тәрбиеші жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі, сондай ақ сақтық шараларын еске салып, бірлесе жұмыс істеуде тату болуды ескертеді.

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бір отырып, бір тұрып,

Бойымызды созайық

Белімізді жазайық

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бір шынығып алайық.

Билингвальды компонент: Қыс-зима, көктем-весна, жаз-лето, күз-осень.

Қане балалар, қай топ мезгілдерінің бейнесін жылдам жасап шығарады көрейік.

Балалар мұқият тыңдайды.

-Күз мезгілі.

Балалар жауабы.

қыркүйек, қазан, қараша.

Қыс мезгілі

Күн суытады, қар жауады, т.б

Желтооқсан, қаңтар, ақпан.

Көктем

Күн жылынады, құстар ұшып келеді, айнала жасарады.

Наурыз, сәуір, мамыр

Жаз мезгілінде

Күн ыстық болады, суға шомыламыз т.б

Маусым, шілде, тамыз.

Балалар куана жұмысқа кіріседі.

Тәрбиешінің ескертпелерін мұқият тыңдап, жұмысты бастайды.

Өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар қайталайды.

Балалар қуана шапшан қимылдап, жұмыстарын аяқтауға тырысады.

Рефлексиялық-түзетушілік Жұмыстарын аяқтаған балаларды тәрбиеші мадақтап, әр жұпқа өз жұмыстары бойынша әңгіме құрастыру тапсырылады. Аяқталған жұмыстарды бағалап, мадақтайды. Әр жұп өз жұмыстарын тақтаға іліп, сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: мезгілдердің бейнесін шығара алуды;

Түінеді: жыл мезгілдерінің өзіндік ерекшеліктерін;

Қолданады: кеңістікте орналастыруды, салыстыруды.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше