Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
Қызылорда қаласы №268 орта мектебінің
5 «Ә» сынып оқушысы Оралбай Диас Бауыржанұлы
Жетекшісі: Уайсова Мақпал Сарсенбайқызы
Есірткіге берілмеңдер достарым,
Көрсетейік бізде қандай күш барын.
Шынықсаңдар шымыр болып өсетін
Біліп жүрсін барша достар әрдайым,
дей келе есірткінің адам денсаулығына зиян екенін барша достарыма айтқым келеді.Ешқашанда қазақ баласының аузынан темекі,қолынан шөлмек көргім келмейді.Себебі ол қазаққа тән емес.Есірткі адам ағзасына күлімдеп кіріп есіңді тандыратын зиянды зат.Жас жеткіншектер алдымен темекі шегуге әуестене бастайды.Темекінің өзі есірткінің жақын досы десек қателеспейміз.Адам ағзасын улап,ерте қартаю процесіне апаратын және адамның болашағына балта шауып жатқанын сезінсе барша адамдар аяқтарын алшақ басар еді.Алайда есірткі дәл қазіргі уақытта кең етек алып бара жатыр.
Есірік туғызатын ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болу, таза жүру, тамақты қалыппен ішу және денеміздің сау болуы, игі іс-әрекеттер міне бұлар салауаттылықты көрсетеді. Нашақорлыққа салынатындардың дені-жұмыссыздар, босқындар, қаңғыбастар тағысын тағылар… Бір нашақорды емдеп, қатарға қосу үшін шамамен 1000 АҚШ доллары керек.
Есірткі – адам ағзасын өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12-18 сағаттан кейін тағы ішпесе болмайды. Өйтпеген жағдайда есінейді, денесі құрысып-тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсады, тәбеттері ашылмайды. Басы жиі ауырып, буын-буыны, аяқ-қолдарының бұлшық еттері шымырлап, ішек қарыны бүріп, іші өтіп, бойынан сұп-сұйық тер парлай бастайды. Ең қатерлісі есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіпті жақын адамын өлтіруден де тайынбайды. Нашақор өзі үйренген есірткілердің бірін көрсе, аш табандай тарпа бас салады. Елбасымыздың Жолдауында:«…..есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды» делінген. Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің Есірткі түрлері әр алуан болып келеді және бағасы адам ойламайтын құнға жетеді. Оларды тізіп айта берсек, өте көп. Мысалы: кокаин, героин, конопля, ханка, мак, гашиш т.б. Бұлардың ең танымалысы – анаша. Көптеген жасөспірімдер нашақорлыққа бет алуды анашадан бастайды. Есірткіден туындайтын қиындықтар өте көп. Нашақорлар жиналып бір ғана инені қолданады. Соның салдарынан бір-біріне СПИД секілді екінші бір жазылмас дертті жұқтырады. Сонымен бірге есірткімен айналысқан адам әрдайым қылмыс жасауға бейім тұрады.
Есірткі адам ағзасына үлкен апат әкеледі.Сондықтан адам ағзасы әртүрлі инфекцияларға қауқарсыз келеді. Ішкі тамырға есірткі қолданудың салдарынан психика, жүрек-қан тамырлар және жүйке жүйесі ғана емес, сонымен қатар бауыр, бүйрек ауырады, иммунитет төмендейді, тістер бұзылады, тамырлары ауырады, ой-өрісітің деңгейі төмендейді. Есірткіні мөлшерден тыс қолданудың қауіпі зор, оның салдары өлімге алып келеді, ал есірткі қолданғаннан болатын психиканың бұзылуы кей кезде өзіне –өзі қол жұмсауға әкеліп соғады.
Есірткі –еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде еліміздің болашағы үшін аянбай күресуіміз керек.
