Ас атасы – нан,нан атасы-дән

ШҚО, Көкпекті ауданы, КМҚК «Шуақты Шұғыла» балабақшасы ересек «Балапан» тобының тәрбиешісі Бекова Риза

Білім беру саласы:Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы:
Ас атасы – нан,нан атасы-дән
Мақсаты: Білімділік:балаларға нанның дастарханға қалай келетінін оған көптеген адамдардың еңбегі сіңіретінін айтып түсіндіру;
Дамытушылық:балалардың ой-өрісін,сөздік қорын дамыту;
Тәрбиелік: нанды қастерлей білуге, мұқият тыңдауға тәрбиелеу, нан туралы мақал айтуға,жұмбақтарды шешуге үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Мазмұнды суреттер көру.Саябаққа серуенге шығып,күз мезгілін бақылау. Сөздікжұмысы:Диханшы,комбайншы,бидай,наубайхана,элеватор.
Оқу іс әрекеттің барысы:
Тәрбиеші
:Балалар біз бүгін тобымызда ашық оқу іс –әрекетін өткіземіз. Ұйымдастырушылық-оятышулық: Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар! Қайырлы таң апайлар!
Ұйымдастырушылық-ізденушілік:
Балалар,қазір жылдың қай мезгілі. Күз мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар?Үш ай бар.Қыркүйек,қазан,қараша. Қазір күз мезгілінің нешінші айы? үшінші айы қараша. Күз мезгілінде қандай жемістер,көкөністер піседі? Балалар,күзде адамдар қандай еңбектермен айналысады? Балалар:бау-бақшада көкөністер мен жемістерді жинайды,т.б.жұмыстар атқарылады. Суретпен жұмыс. «Көкөністер мен жемістерді ажырату» Дидактикалық ойын «Жемістер мен көкөністер» . Балалар,біздің оқу іс- әрекетіміздің тақырыбы: «Ас атасы- нан,нан атасы- дән» .
Көзді тартып қиырдан
Көңіліңді ашады.
Күн нұрына тойынған, мынау бидай масағы
– Балалар,мен енді сендерді бидай масағының макетімен таныстырайын.Мынау бидайдың масағының сабағы,сабағының жоғарғы жағында қауыздары орналасқан.Ал мынау жіңішке мұртшалары.
-Оның біздің дастарханымызға жетуі үшін қаншама адам еңбектенуі қажет. Дәнді егіншілер егеді.Дән өсіп бидай болады . Техникалық құралдармен орады.Қандай техникамен жинайтынын балалар суретке назар аударайық. (Комбайнның суретін көрсету) Желкілдеген желменен, Жерді егін тербеген . Тасып піскен бидайды Айтшы қалай жинайды? Комбайнмен бидайды, Былай,былай жинайды. Қаптап ұшқан торғайдан, Оны қалай қорғайды? Қаптап ұшқан торғайдан, Оны былай қорғайды. Кіш,кіш,кіш… Қорғап қалған бидайды, Қоймаға әкеп жинайды. –Балалар,нанның қайдан шығатынын,біздің ақ дастарханымызға қалай келетінін білесіңдер ме?Ендеше,балалар,нан біздің дастарханымызға қалай келеді,- деген сұраққа жауап іздеп көрейік. -Балалар,біз күнде ақ нан,қара нан,немесе тәтті тоқаштар,печеньелер , торттар жейміз.Бұл тағамдар неден жасалатынын білесіңдер ме? Ұннан. -Ал ұнды неден алады? Ұнды көрсетеді. –Ұнды мына ыдыстағы дәндерден алады.Барлығың мұқият қараңдар,барлық дәндер бірдей ме?Мына дөңгелек дәндер- бидай,ал,сопақ дәндер арпа.Бидай мен арпа дәнді дақылдар.Бидайдан-ақ нан,арпадан-қара нан дайындалады.Олар егістікте өседі.Диірменге апарып ұн шығарады.Ұннан Наубайшы нан пісіреді.Нансыз өмір жоқ.Дастарханда бәрі болып,нан болмаса дастарханымыздың сәні болмайды.Нан қандай тағам? -Қасиетті тағам. Қазір балалар өздері білетін нан туралы тақпақтарын айтады. Самира: Нандай жоқ асыл дәм,
Жеп үйренген жасымнан.
Дастарқанда нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
2 Айзере
Ей,балалар,балалар,
Болмаңдар сірә нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы,
Бар қасиет нанда бар. Әлем: Нан болса ойнап-күлеміз, Нан барда еркін жүреміз! Тіршілік көзі нан ғана, Нан қадірін білеміз!
3 Тимур
Дастарқан басынан,
Үзілмес асыл дәм.
Ақ тоқаш,ақ қалаш,
Адамның асы-нан.
Ұқ мұны сен,бөбек,
Нан деген дәм бөлек.
Жерге оның түйірін,
Түсірмей жеу керек.
Елді ырысқа бөлеген,
Ән-өмірің,ән-өлең.
Ержеткен соң жер жыртып,
Егін салып,дән егем. Балалар,енді нан туралы мақалдар айтамыз. 1.Нан бар жерде тірлік бар. 2.Ас атасы-нан,нан атасы-дән. 3.Нан бар жерде ән бар. 4.Нан тіршіліктің көзі. 5.Бар байлықтың басы нан. 6.Даланы дәнге бөлейтін-дихан, Диханды бөлейтін – нан! 7.Арпа, бидай ас екен,алтын,күміс тас екен. Балалар қазір «Қайдан келдің, бауырсақ?» көрінісін көрсетеді . Дастарханда шашылып, Жатты аппақ бауырсақ. Бауырсаққа қызығып, Қарап тұрып көзін сап: -Қайдан келдің,буырсақ?-деп сұрады тышқан. -Дүкеннен келдім нан сатқан. -Дүкенге келдің қай жақтан? -Наубайдан келдім ұн тартқан. -Наубайға келдің қай жақтан? -Қоймадан келдім ұн тартқан. Қоймаға келдің қай жақтан? -Егіннен келдім көсілген. Жер анам мені өсірген. Тыйым сөздер: 1.Нанды бір қолмен үзбе. 2.Нанды баспа. Сұрақ-жауап: -Нан дастарханға қандай еңбекпен келеді екен? -нан бізге егіс даласынан,диқандардың еңбегінің арқасында келеді. -Бидайды өсіретін кім? -Диханшы. Бидайды диірменге апарып тартқан соң не шығады? -Ұн болып шығады. Ұннан қандай тағамдар дайындайды? -Нан,бауырсақ,шелпек,тоқаш,қалаш,торт,печенье,пицца,бәліш. -Бидайдан қандай нан болады? -Бидайдан ақ нан. -Арпадан қандай нан болады? -қара нан . – Ал,енді бидай пісіп жетілді,қай мезгілде жиып алады? –Күз мезгілінде.Балалар,көрдіңдер ме нан көп еңбекпен дастарханға келеді екен.
Жұмбақ жасыру: Жиын-терін болатын, Қамбаға астық толатын, Қызыл қырман ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың?Балалар:Жұмбақтың шешуі :Күз мезгілі.
1 Ұзын мұртты сарылар,
Мойнында наны бар.
( Бидай)
2 Асты-тас,үсті тас,
Ортасында піскен ас.
(Таба нан)
Ескертулер :1 Дүкенге барғанда нанды қолмен ұстап көру-мәдениетсіздік.
2 Нанды таза пакетке салу керек.

Қорытынды:

Барлық балалар айтады.

Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып,қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше