2. Ашық оқу қызметі «Жер, су,күн, ауа»
ШҚО, Көкпекті ауданы, КМҚК «Шуақты Шұғыла» балабақшасы
ересек «Балапан» тобының тәрбиешісі Бекова Риза
Мақсаты:Балаларды туған жерге,табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру,жұмбақтар шештіріп,мақал-мәтәл айтырып,сұрақтар арқылы балалардың сөздік қорын,танымын,табиғатқа қызығушылығын дамытып қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс:серуен кезінде айналадағы өзгерістерді бақылау,экологиялық ойындар,гүл отырғызу тәжірбиесін жасап үйрету,
Көрнекіліктер:көрнекі суреттер ,күрек,тырма,сыпырғы, топырақ,су,гүл тұқымы ,шеге,тақтай,дән.
Балалар залға «Туған ел»әнінің әуенімен кіріп,жарты шеңбер құрап тұрады.
1-бала:Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді.
«Табиғатым тамаша» шаттық шеңберін жасайды.
Табиғатым тамаша
Көз тоймайда қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші балаша.
Сәлем,сәлем нұрлы күн,
Сәлем саған жер-ана,
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?Көктем мезгілі.
Көктем мезгілінде неше ай бар?Көктем мезгілінде үш ай бар. Көктем мезгілінің айларың ата. Наурыз,сәуір,мамыр.
Көктем кіреді..Тапсырма.Сөйлемді аяқта.Сөйлемді оқимын,жалғасын табыңдар.
1 Көктемде табиғат
