Патриоттық – тәрбиешілік сағат «Ғасырдың ұлы -т ұлғасы»
ШҚО, Көкпекті ауданы, КМҚК «Шуақты Шұғыла» балабақшасы
ересек «Балапан» тобының тәрбиешісі Бекова Риза
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі жайлы білімдерін толықтыру;елімізге енсе тіктетіп,мемлекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,Алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
ә)Балалардың интеллектуалдық қабілеттерін қазақтың дара тұлғаларының жалынды жырлары арқылы дамыту
б) Балаларды елін, Отанын сүюге, ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсап жеткен егемен ел болуының қаншалықты қымбатқа түскенін түйсіне отырып, еліміздің Тәуелсіздігін құрмет тұта білуге тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдері мен көрнекілігі: өлеңдер оқыту, сахналық қойылымда рөлдік ойын беру, плакаттар, ән-күй мен би шығармаларымен көркемдеу. 1 жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ата аналар,балабақша ұжымы!1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі өзінің жеке Әнұраны, мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.
Айзере:Серпігенде бодандықтың тұманын, Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім. Өзің болдың көшбасшысы елімнің, Өзің болдың биік ұшқан қыраным.
Адема: Құлыптаулы сыры ашылды бәрінің, Кілттеулі болып келген еді әлі күн… Ақ тілеумен күткен еді бұл қазақ, Елдің жүгін көтеретін Нар Ұлын!
Алишер: Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген, Лебізіңнен ал арманы өрілген. Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп, Достық әні шарықтайды төрімнен!
2 жүргізуші:Кеңес үкіметі күйреген шақта, жерінің тұтастығын сақтай отырып, елдің іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп көтере отырып, тәуелсіздігі баянды, жасампаз Қазақстан мемлекетін құра білді. Күрмеуі көп қиын шақта, соқтықпалы, соқпақсыз кезде өзіне сенім артқан жұртын ешқандай қантөгіссіз өркениетке жетелеген һәм дамыған әлеуметті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Президенттің орны ерекше. 1 жүргізуші: Олай болса бүгінгі тұңғыш президент күні мерекесіне арналған «Ғасырдың ұлы тұлғасы» атты сазды ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды . Ендеше бүгінгі айтулы мерекеде елбасымызға қандай тілек арнасақ та жарасады. Олай болса елбасына өздерінің жүрекжарды өлеңдерін бүлдіршіндері де арнағалы келіпті. Қошеметпен сахна төріне «Балапан»мен «Айгөлек» тобының балаларын шақырайық. Қарсы алыңыздар.
Ән «Отаным менің»
–Балалар,біздің Отанымыз қалай аталады? -Қазақстан республикасы. – Қазақстан республикасының Президенті кім? -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. –Қазақстан республикасының астанасы қай қала? -Астана қаласы. Адема:
Өмір шамың қайта жанды сөнгенде,
Нұрағамыз Президент боп келгенде.
Шаттықпен адам жүзі күлімдеп,
Дауыс берген сайлау күні бар пенде.
Қайсар:
Үлгі боп келешекке,
Балаға ересекке,
Президент даңқымызды
Көтерер келешекте.
Зере:
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Балауса:
Дастықпен дүниені табындырды,
Киелі кең далаға ел қондырды.
Нұраға жасай бергін бейбіт жолы,
Әлемге қазақ елін таныстырдың. Азамат:
Тәуелсіздікті елге сыйлады Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.
Инабат:
Нұрсұлтан ағамыз
Біз бақытты боламыз
Әр адамға бақыт қонсын
Елбасымыз аман болсын.
Сабина:
Ауыр күнді артымызға тастауы,
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.
Алишер
«Нұр» ойнап жаратылған келбетіне,
Тыныштық тілегені жер бетіне.
Елтаңба,Ту көтерді Әнұранмен,
Қазақтың Астанасы нақ төріне.
Ән: «Астана»
Айзере:Елімде бейбіт,тыныш заман болсын, Тілеймін әр адамға бақыт қонсын Елімнің ел ағасы,ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!
Мадина:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз
Үлкен кіші ағайындар бәріміз
Ұлтым, елім деп қайғырған ұлы жан
Сіз біздердің піріміз де әніміз.
Жанель:
Достықтың туын көтеріп,
Еліне бақыт келтіріп,
Президент болдың,Нұраға,
Қазақтың салтын тербетіп.
Алина: Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды. Мөлдір:
Туды ұстап тура жолға түсіріп
Жас Отанның өмірін де түсініп
Елім жерім деп ұрандап тайсалмай
Бір керемет жасады ау кісілік
Ертілек:
Биік боп көздегені,
Бірлік боп іздегені,
Халқымның көшбасшысы
Біздерге ол сенеді.
РаминаАсқар тауым- Қазақстан, Әсем әнім- Астанам, Қазақстан Отаным деп, Әрқашан да мақтанам.
-Балалар,бізде қандай мереке? – Тәуелсіздік мерекесі. – Тәуелсіздік дегеніміз не? -Еркіндік,бостандық. -Біздің еліміз нені қалайды? -Бейбітшілікті қалайды. Тарихым жатыр жасыңда, Тіл қатып мынау ғасырға. Тәуелсіздік деген ұғымның Желтоқсан тұр басында. Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай, Әрдайым бейбітшілік болсын,-деген тілекпен тәрбие сағатын аяқтаймыз.
Ән «Отаным менің»
Ән: «Балдаурен» 2 жүргізуші:Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді. Алдарыңызда «Қошақан» тобының балалары «» биімен.
1 жүргізуші:1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚР-ның Тұңғыш Президенті болып сайланды.
2жүргізуші:Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Назарбаев тұсында жеттік.Қарсы алыңыздар «Балапан» тобының балалары айтыс айтады.. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26-жыл уақыт өтті. Осы уақыт аралығындағы президент қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ: (видео көрсетіледі)Ән «» «Қошақан» тобының бүлдіршіндері. Қарсы алыңыздар!
1 жүргізуші:
«Балапан» тобының балалары «» биімен. 2 жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманының аса дарынды тұлғасы. Елбасының негізгі мақсаты – ел бірлігін сақтау деп түсінемін. Оның әр сапарынан, әр кездесуінен осыны аңғаруға болады. Елбасы сайланғалы міне жиырма алты жылдай уақыт өтті. Осы жылдар ішінде асқан төзімділікпен қыруар шаруа атқаруда 2 жүргізуші:
Туды ұстап тура жолға түсіріп
Жас Отанның өмірін де түсініп
Елім жерім деп ұрандап тайсалмай
Бір керемет жасады ау кісілік
Ән «»
Қазақ биі ортада бишілер тобы.
2 жүргізуші:Ортақ мүдде ортақ жетістiктерге жігерлендіруге тиіс. Бүгінде Орталық Азияда қоян-қолтық жатқан бауырлас елдердің бәрінің мүддесі біреу — ғасырлап күтіп, әзер қолы жеткен азаттықтан айырылып қалмау. Ол үшін ішкі татулықты да, сыртқы татулықты да көздің қарашығындай сақтай білу керек деген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес.
1 жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын Елім айтқан ел көтерер жер даңқынПрезидентім, елбасы, аман болғай Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!!
(Атамекен әні шырқалады. Барлық қатысушылар сахнаға шығады.)
Міне осымен тұңғыш президент күніне арналған мерекелік сазды ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше ел аман жұрт тыныш болғай!
.
