«Менің әжем керемет!» сайысының бағдарламасы.

ШҚО, Көкпекті ауданы, КМҚК «Шуақты Шұғыла» балабақшасы ересек «Балапан» тобының тәрбиешісі Бекова Риза

1.Тегін білу тектілік (таныстыру).

2 .Салт дәстүрі – «Атадан қалған асыл мұра» (сұрақ – жауап).

3-сайыс: «Ойлы болсаң,озып көр». Сайыскерлер отбасы,бала,өмір туралы мақал-мәтелдер айтады.

4. «Өнерлі өрге жүзер» сайыскерлер өнерлерін көрсетеді.

5. «Ұлттық тағам мәзірі».Ұлттық тағам мәзіріне қазақ халқының салт дәстүрге жататын тағамдар ұсынылады.

Қайырлы күн құрметті ата- аналар,әріптестер! Бүгінгі іс – шарамыздың мақсаты отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайту.Ұлттық асыл мұрамызды,отбасылық тұрмыс салтын,жақсы үлгі өнегісін үйрету , мейірімділікке баулу.

«Әлемнің жарығын сыйлаған» ана болса,сол ананың анасы әже немересі үшін шапағатын аямайды,тіпті кейбір әженің мейірімі сонша,немересіне «тас емшегі жібіп» ақ сүті бұлақ болып ағады.Әженің немересіне деген қамқорлығы туған анадан да жоғары болады.Сондықтан халқымыз әжелерді ардақтай білуді ұрпағына борыш деп есептейді.Әженің көңіліне дақ салмай,оның тілектерін орындап отырсақ,әже үшін ол үлкен бақыт. Бала деген бал екен, Бал дегенің бала екен. Немереңнің бойында, бар тәтттілік бар екен.

Сіздерді «Менің әжем керемет» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз. Сайысымызды бастамас бұрын әжелерімізге әннен шашу жолдайық.Бүгінгі біздің мерекемізді көркейтіп, құттықтауға келген Көкпекті аудандық мәдениет үйінің әншісі қазақтың дәстүрлі әндерін орындайтын Айтолла Күлшекер. Ән «Бел- айдай» қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші:

Бүгін біздің бақшамызда думан той,

Тыңдаңыздар өнеріне көңіл қой.

Күй күмбірлеп,жырдан шашу шашылсын

Әжелерді құрметтеп сайысымыз басталсын.

Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырамыз.

Сайыс 5- бөлімнен тұрады.

  1. «Тегін білу тектілік» (таныстыру).

2 . Салт дәстүрі – «Атадан қалған асыл мұра» (сұрақ – жауап).

3-сайыс: «Ойлы болсаң,озып көр». Сайыскерлер отбасы туралы мақал-мәтелдер айтады.

4. «Өнерлі өрге жүзер» Өз өнерлерін көрсету.

5. «Ұлттық тағам мәзірі».

Жүргізуші:-Ал,сайыскер әжелер,

Ешкімің жоқ алалар,

Жеңімпаз болу үлкен сын-

Оны әділқазы бағалар!

Ашық жарқын жүзді,

Әділқазылар біздің,

Тыңдап баға беруге,

Шақырайық төрге!

1.Акшабаева Гулбарам Майлыбаевна «Нұр Отан» партиясының филиалының меңгерушісі.

2. Касенова Раш Әскеновна.

3.Амиргалина А.Б.-әдіскер.

4.Жусанбаева Дидар Жұмағазықызы.

Сайысымызды бастамас бұрын тойымызға шашу шашылсын.

«Наз қоңыр» дуэтінің орындалуында Ән Құсманова Нағима апа сіздің құрметіңізге арналады.

Жүргізуші:

Сәлем сөздің анасы,

Сыйластықтың панасы

Сәлем бер «Балапан» тобының әжелері.

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

Байрағымыз әрқашан биік тұрсын!

Осынау мерекеміз құтты болып,

Әжелер өздерін таныстырсың.

1 .Тегін білу тектілік.

2 .Салт дәстүрі – «Атадан қалған асыл мұра» (сұрақ – жауап).

Көненің көзі саналған

Атадан қалған бар мұра,

Уақытпен бірге жаңарған,

Өнеге болып соңғыға.Ойыншыларға сұрақтар қойылады.

I-ойыншы: 1.Қандай салт дәстүрлерді білесіңдер?

Көрімдік,бесікке салу, тұсау кесу,жар-жар ,сүйінші.

2.Үш жұрт –өз жұрты,қайын жұрты,нағашы жұрты.

3.Қаусырма – қамзолдың алдына түйменің орнына қадалатын сәндік бұйым.Қаусырмалар әртүрлі болады.Асыл тастан ,күмістен жасалады.

4.Үш қуат- ақыл,жүрек,тіл.

5.Үш жақын- жан тәтті,мал тәтті,жар тәтті.

6.Қалжаны кімге апарады?

4-ойыншы:

1.Казахская валюта

2.Республика Казахстан какая страна? Независимая.

Көкпекті ауданының мәдениет үйінін әншісі Өмірсерік Бұлбұл ән «Асыл таяқ»Салықова Рыскүл сіздің құрметіңізге.

4. «Өнерлі өрге жүзер» Өз өнерлерін көрсету.

Бұл қазақ өнер десе елендеген,

Домбырасыз шаттыққа бөленбеген.

Өмірін той думанға айналдырған,

Өрнектеп ән күйменен,өлеңменен.

Енді әжелердің өнерлері сынға түседі.

5. «Ұлттық тағам мәзірі».Ұлттық тағам мәзіріне қазақ халқының салт дәстүрге жататын тағамдар ұсынылады.

Ұлттық тағам – ұлтымыздың мақтаны,

Қазақ етін қонағына сақтады.

Дастарханнан бастау алар қашанда – деп ұлттық тағам мәзіріне жол берсек.

«Наз қоңыр» дуэтінің орындауында ән «Ана» Елеусизова Жания сізге жолдаймыз

Әділқазыларға сөз кезегін береміз.

Жүргізуші:АПА! Әже!

Не деген мейірімді,не деген шапағатты сөз еді.

Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.Жақсылық атаулының барлығы апаның сүтінен таралған.

Қадірлі әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!

Әжелер – ау,менің шалқар көлдерім,

Көлдерім мен асқар-асқар белдерім.

Мына өмірде қуанышты жүргенім,

Сенің арқаң мына өмірге келгенім- деп,ақын жырлағандай,ардақты әжелер, әрқашанда Сіздер өмірдің мәні мен сәні болып жүре беріңіздер.

Сөз кезегін балабақша меңгерушісі Бекова С.Б. береміз.

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар,

Әжелерден туған небір даналар.

Әже деген тіршіліктің тірегі,

Өмірлеріңіз ұзақ болсын,

қасиетті әжелер !

Әділқазылар марапаттайды.

-Той тойлап дала мен қалаларың,

Мерекең құтты болсын апаларым.

Аналарға арналған сыйлықтарын,

Сыйлауға келе жатыр балаларың.

Қорытынды:Әділқазылар сөз алып,сайысқа қатысқан әжелерге мадақтау грамотасын,сыйлықтар береді.

Еліміздің жарқын болашақта бет алған,ұлы көшіндегі сәбилердің күлкісі әрқашан естіліп тұруы үшін, өздеріңіз секілді білікті,білімді де мейірімді ата-аналардың мерейі әрқашан үстем болсын деп тілейміз.

Тәрбиешілердің алдына қойған мақсаты өз мәресіне жетті. «Менің әжем керемет» атты сайысына қатысқан әжелерімізге ,мәдениет үйінен келген қонақтарымызға дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық,еңбектеріңізге табыс тілейміз.Немерелеріңіздің әр қадамы қуаныш,сол қуанышты бізбен бірге бөлісіп,ынтымақта,бірлікте болайық.

Сау саламат болыңыздар «Наз қоңыр» дуэтінін орындауында ән

Біздің балалардың әжелеріне арнап дайындаған сахналық көрінісін тамашалауға шақырамыз

Сахналық көрініс:»Бала мен әже»

Әжесі іс тігіп отырады.Немересі жанында ойнап жүреді.Әжесі немересін еркелетіп:

-Жүрегім менің кім?

-Мен, әже.

-Жаным менің кім?

-Мен,әже.

-Сәнім менің кім?

Әже:Ботақаным бағлан қозым,не деген тәтті баласың өзің!

Ой,қарғам менің!

-Жоқ ,әже, мен қарға емеспін.

Керегі жоқ оңдайдың.

Қарға қарқ,қарқ етеді,

Алысқа ұшып кетеді.

Қасында боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.

Тірегің,жүрегін болам!

-Ой,жүрегім,ботақаным менің!

Жүр,ендеше,екеуміз дүкенге барайық,саған тәттілер алып берейін.

-Алақай!

Үйреткен сөз мәнің,

Тіліміз- сіз,әже.

Жарқыраған әрдайым,

Күніміз-сіз,әже,-деп құрметті әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз. Кезекті әжелерімізге арнаған тақпақтарымызға берейік.

Балауса:Ақыл құйған санама

Күннен артық расында.

Ылғи менің қасымда.

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа сүйер панасың.

Жүрегіңді ауыртпаймын,

Аман болшы,апашым.

Айналайын апашым,

Көкте күн боп жанасың.

Адема.

Менің әжем,бұл әжем.

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.

Мейріміңе тоймадым,

Әже өзіңнің барында,

Еркелеуді қоймадым.

Қайсар:

Тосып тәтті ,дәмдіні,

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін,әндерін.

Біздің үйде осындай,

Әжетайым бар менің.

Самира: Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа

Көйлек әкеп береді

Тимош: Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қалдырам бар елді.

Өте жақсы көремін,

Өйткені мен әжемді.

Жанель: Алтын әжем ол менің,

Мені жақсы көреді.

Үйретеді өленің,

Ертегі айтып береді.

Ән.»Әжетайым менің»

Айтыс:Айзере мен Темирлан.

Ән «Жақсы көрем әжемді» орындайтын

Жүргізуші:АПА! Әже!

Не деген мейірімді,не деген шапағатты сөз еді.

Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.Жақсылық атаулының барлығы апаның сүтінен таралған.

Қадірлі әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!

Әжелер – ау,менің шалқар көлдерім,

Көлдерім мен асқар-асқар белдерім.

Мына өмірде қуанышты жүргенім,

Сенің арқаң мына өмірге келгенім- деп,ақын жырлағандай,ардақты әжелер, әрқашанда Сіздер өмірдің мәні мен сәні болып жүре беріңіздер.

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар,

Әжелерден туған небір даналар.

Әже деген тіршіліктің тірегі,

Өмірлеріңіз ұзақ болсын,

қасиетті әжелер !

Сөз кезегін балабақша меңгерушісі Бекова С.Б. береміз.

-Той тойлап дала мен қалаларың,

Мерекең құтты болсын апаларым.

Аналарға арналған сыйлықтарын,

Сыйлауға келе жатыр балаларың.

Самира: Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа

Көйлек әкеп береді

Тимош.: Бізді өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең.

Айзере: Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қалдырам бар елді.

Өте жақсы көремін,

Өйткені мен әжемді.

Әлищер: Алтын әжем ол менің,

Мені жақсы көреді.

Үйретеді өленің,

Ертегі айтып береді.

Балауса:Ақыл құйған санама

Күннен артық расында.

Ылғи менің қасымда.

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа сүйер панасың.

Жүрегіңді ауыртпаймын,

Аман болшы,апашым.

Айналайын апашым,

Көкте күн боп жанасың.

Адема.

Менің әжем,бұл әжем.

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.

Мейріміңе тоймадым,

Әже өзіңнің барында,

Еркелеуді қоймадым.

Қайсар:

Тосып тәтті ,дәмдіні,

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін,әндерін.

Біздің үйде осындай,

Әжетайым бар менің.

Сахналық көрініс: «Бала мен әже»

Әжесі іс тігіп отырады.Немересі жанында ойнап жүреді.Әжесі немересін еркелетіп:

Айзере:-Жүрегім менің кім?

Самира:-Мен, әже.

Айзере:-Жаным менің кім?

Самира:-Мен,әже.

Айзере:-Сәнім менің кім?

Ботақаным бағлан қозым,не деген тәтті баласың өзің!

Ой,қарғам менің!

Самира:-Жоқ ,әже, мен қарға емеспін.

Керегі жоқ оңдайдың.

Қарға қарқ,қарқ етеді,

Алысқа ұшып кетеді.

Қасында боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.

Тірегің,жүрегін болам!

-Ой,жүрегім,ботақаным менің!

Жүр,ендеше,екеуміз дүкенге барайық,саған тәттілер алып берейін.

-Алақай!

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше