Патриоттық – тәрбиешілік іс-шара «Мемлекеттік р әміздер ұлттық мақтаныш»
ШҚО, Көкпекті ауданы, КМҚК «Шуақты Шұғыла» балабақшасы ересек «Балапан» тобының тәрбиешісі Бекова Риза
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін қалыптастыру.Балалардың сезімдерін ояту арқылы өз елін,Мемлекеттік рәміздерді қастерлей білуге және ондағы әрбір белгіні,таңбаны терең біле отырып,халқымызда қалыптасқан әдет
-ғұрыптарға құрметпен қарауға,тіл байлығын арттыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Қолданған әдіс тәсілдері: сұрақ жауап,көрсету,түсіндіру.
Қолданған көрнекіліктері: мемлекеттік рәміздер.
Алдын ала ұйымдастырылған жұмыстар:
-Мемлекеттік рәміздермен таныстыру.
-Ән күй сабағында ән ұранмен таныстыру,мағынасын түсіндіру.
-Көркем әдебиет оқу іс – әрекетінде өлеңдер жаттау (С .Қалиев «Елтаңба»,Т.Молдагалиев «Көк ту»)
Біздің Қазақстан Республикасында статистикалық мәліметтер бойынша
17 млн.963 мың 900 адам өмір сүреді.Олардың барлығы әртүрлі ұлт азаматтары. Қазақстандықтар ұстанатын ең басты ережелер Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған.Елімізде 1995 жылы 30
тамызда қабылданған Конституция басшылыққа алынады.Барлық азаматтар Конституцияны сақтауға тиіс.Ата Заңымызға құрмет белгісі ретінде «Конституция» сөзі бас әріппен жазылады.Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай қайсысында да мемлекеттігінің белгісі рәміздері бар.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес,қазақ халқының еркіндігі мен тәуелсіздігі жөніндегі сан ғасырлы арманын бейнелейтін рәміздер – Ту,Елтаңба,Әнұран.1992 жылы 4 маусымда алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстан Республикасы Конституцияның 34 – бабының 2- бөлімінде : «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті» делінген.
Мемлекеттік рәміздер елдігіміздің айғағы,ұлттығымыздың діңгегі. Тәрбиеші: Рәміз дегеніміз белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр таңба,эстетикалық категория,шартты белгі.
Мемлекеттік рәміздеріміздің 25 – жылдығына қарсы «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты патриоттық тәрбиелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Балалар әуенмен залға кіріп «Сәлем,Қазақстан» әнімен мерекемізді бастайық.
«Рәміздерім» жырын оқитын Әлдебекова Айзере
-Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де,ерлік,өрлік,өнер де ,
ЖаҺандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді,
Ту болмады дегенге?!
-Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды
Түлігіне дейін салса ен , таңба?!
- Өзі ақын,өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған деп Әнұран?!
Енді міне өлген Туым тірілді,
Ән ұраным алды жаулап ғұмырды.
Баяғыша төріме келіп ілінді.
Жанель:Рәміздерім елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші,
Әнұран,көгілдір Ту , Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсің әр кісі.
Азамат:Туға мойын бұрамыз,
Елтаңба деп тұрамыз.
Әнұран боп асқақтап,
Біздің елдік рәміздер.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
Жанель:Қ.Р. мемлекеттік рәміздері: Ту,Елтаңба,Әнұран.
Адема: Еліміздің ашық аспандай көгілдір туымыз , айбынды елтаңбамыз, мағыналы ән ұранымыз бар .
Айзере:Ту мен елтаңбаны көзбен көріп , қолмен ұстауға, ал , әнұранды құлақпен естуге , бірлесе шырқауға болады
1.Мемлекеттік рәміздер жобасы қандай әдіспен таңдалды?
Адема:Мемлекеттік рәміздер жобасы байқау әдісімен таңдалды.
Қазақстан Республикасының көк байрақ Туы мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.
2.Қ.Р Туды салған суретшісі кім ?
Айзере:Бәйгеден озып шыққан бұл Тудың авторы еліміздегі суретші Шакен
Ниязбеков
Мадина:Мемлекеттік ту ұдайы ілінетін жерлер:
(мемлекеттік ғимараттардың төбесінде үнемі)
6Мемлекеттік туымыздың түсі қандай?.
Жанель:Мемлекеттік туымыз АСПАН КӨК түсті.
7.Туда не бейнеленген?
Балауса:Туда ҚЫРАН бүркіт КҮН астында бейнеленген.
8.Көк Тудың желбірегені нені білдіреді?
Сабина:Көк Тудың желбірегені Қазақтың асқақ беделі.
Инабат: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Қайсар: Көк аспанда арайлы күн,
Көк аспанда жас қыран.
Естілгендей біздің үн,
Сол ғарыштың астынан.
Мадина:Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Туың қандай? Ту қандай?
Тура аспаннан туғандай.
Ал аспанды қазақтың
Көңілімен жуғандай.
Ән «Қазақстан жалауы»
Би «Қарлығаш»
Елтаңбаны көрсетіп сипаттау.
Тәрбиеші:Елтаңба мемлекетіміздің басты рәміздерінің бірі,Елтаңбаны жасаған саулетшілер кім және не бейнеленген екен соған тоқталайық.
Сабина:Мемлекеттік Елтаңбасын жасаған саулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов.
Адема:Қазақ елінің Елтаңбасында шаңырақ,қос пырақ ат бар,жоғарғы жағында елдің аты жазылған. Ат адамның қанаты.Шаңырақ үлкен ортақ дегенді білдіреді,барлық еншілес халыққа ортақ бақыт тілейді.
Айзере:Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды. Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағыкөптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді. Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз бар.
«Елтаңба жыры» оқитын Қапанова Әдемі
Бейнелеп сан ғасырды,
Елтаңбасы елімнің.
Таратады жас үлгі,
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып ақ.
Тұлпар бар да қанатты.
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба.
Ақорданың төрінде.
Сабина: Құт,береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Билігім өз қолымда
Еркіндігім – Елтаңбам!
Ертілек: Елтаңбасы елімнің,
Ортасында шаңырақ.
Көмкерген оны қос пырақ,
Төбесінде жұлдызы
Тұр ғой әне жарқырап.
Ән : «Елтаңба»
Қыздардың орындауында би.
Жаңа әнұран Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісу құрметіне арналған салтанатты ресми рәсім кезінде 11қаңтарда,Астанадағы Ақордада алғаш рет орындалды.
Ән: «Астана».
Тәрбиеші: «Әнұран» мемлекетіміздің басты рәміздерінің бірі , ел жүрегінің соғысы, ел тілегінің тоғысы.Еліміздің жаңа Әнұраны 2006 жылдың 10 қаңтарында қабылданды. Жаңа әнұран елге бұрыннан таныс «Менің Қазақстаным» әнінің негізінде дүниеге келді.Сөзіне өзгеріс енгізген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранның әнінің авторы кім?
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранның әнінің авторы
Шамші Қалдаяқов.
Әнұранның мәтінінің авторы кім?
Әнұранның мәтінінің авторы Жұмекен Нажмиденов,Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнұранды орындау ережесін айт.
Сабина:Әнұранды түрегеліп тұрып айтады,оң қолың жүрекке қойып.
Әнұраным ,жан ұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім.
Балалар,мемлекеттік рәміздер біздің мақтанышымыз.Оларды әрқашанда құрметтеп,қастерлеуіміз керек.
« Әнұран » атты жыр оқитын Бүркіт Балауса
Барша халық таныған,
Біздің үміт,тілекті.
Шырқалғанда Әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
Жеңіс Туын көтерген,
Жарыстарда сан қилы.
Жетіп бізге шет елден,
Көкке Әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні,
Жігер беріп қайратты.
Бәрімізді мәз қылып.
Жаңғыртады аймақты.
Зере: Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі
Баға жетпес асыл ән.
Ертілек: Елдің елдігі,
Ердің ерлігі Әнұран.
Ән асылы,
Ұранымыздың басымы Әнұран.
Балалар еліміздің Мемлекеттік Әнұранын орындайды.
Тәрбиеші: 1992 жылы 4 маусымда Президентіміз Н.Ә Назарбаев Ту шашағың сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін !» деп тебіренген еді. Еліміздің рәміздерін тұмардай сақтау бәріміздің абыройлы міндетіміз.
Балалар,Қазақстан Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен енселі,Әнұранымен айбатты.Олай болса,еліміздің болашағы сендерсіңдер!Рәміздерімізді құрметтеп,қастерлеп ,Отанды сүюге,қорғауға әрқашанда дайын болыңдар.
Міне осымен мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік сазды ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
Сөз кезегін балабақша меңгерушісі С.Б.Бековаға береміз.
Келесі кездескенше ел аман жұрт тыныш болғай!
