«Компас» Б. Соқпақбаев
| Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы
Ә.Жанкелдин атындағы орта мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі: Базарбаева Алтынгул Камысбаевна 4ә- сынып. |
|||||
| Пәннің аты
Әдебиеттік оқу |
Уақыты: 14.12.2017. | Базарбаева А.К | |||
| Сабақтың атауы | «Компас» Б. Соқпақбаев | ||||
| Мақсаты | Білімділігі: қазақтың көрнекті балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармалары туралы тереңірек таныстырып, мәтінді бөлімдер бойынша әңгімелету, оқушылардың көркем шығармаларды оқуға қызығушылықтарын ояту. Дамытушылығы: оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, ой-өрісін дамыту, өз беттерімен жұмыс істеуге, топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, өз ойын әдеби тілімен өрнектей білуге машықтандыру. Тәрбиелігі: өз пікірлерін еркін айтуға, әңгіме арқылы адал болуға, адамгершілікке тәрбиелеу. Жаман қасиеттерден аулақ болуға баулу. |
||||
| Сабақтың жабдығы | Интерактивті тақта, слайд, Б.Соқпақбаев суреті т.б. | ||||
| Түрі | Аралас, дамыта оқыту | ||||
| Қолданылатын әдіс-тәсілдер: | .
Жас ерекшелікке сәйкес оқыту: деңгейлі тапсырмалар. Өзара бағалау және өзін өзі бағалау: Кері байланыс, критерийлер бойынша бағалау,салыстыру. |
||||
| Оқыту технологиясы: | Сын тұрғысынан ойлау | ||||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||
| Психологиялық ахуал | Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері. “Бір – бірімізге серікпіз, Бірлікке мәңгі берікпіз” “Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбектену 5-ке қолды жеткізу.” |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |||
| Үй тапсырмасын тексеру | Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» әңгімесі. 1- слайд
“Жасырынбақ” ойыны. Көзім- көзім көз айна, Көзімде бар шоңайна. Шоңайнасы кіреді, Көзіңді жұм, абайла. Әңгімедегі басты кейіпкер кім? Үйге қандай тапсырма берілген екен? Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы. Қожа Анфиса Михайловнаның сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады? |
||||
| Қызығушы-
лықты ояту |
2- слайд
-Компас деген не? -Дүниетану сабағынан білесіңдер ме? Компас — көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау. Кішкене деңгелек қобдишаның ортасында орнатылған тік үшкір иненің үстіне қондырылған магнитті болат тілі болады. Тілдің бір жағы үнемі Солтүстікті, екінші жағы Оңтүстікті керсетіп тұрады. Қобдишаның сыртқы деңгелегі градустарға белінген (360°), горизонт жақтарында Солтүстікті, Шығысты, Оңтүстікті, Батысты көрсетеді (С. В. Ю. З.) әріптері жазылған. Компастардың мынадай түрлері болады 1.магниттік компас 2.механикалық немесе гироскоптік компас 3.радиокомпас 4.астрокомпас. |
||||
| Мағынаны тану | Автортану. 3- слайд
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев(1924-1991)- атақты балалар жазушысы. (15 қазан 1924 ж Алматы облысы, Нарнқол ауданы, Қостобе ауылы-1991 ж Алматы)— қазақ балалар жазушысы. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949). Нарынқол ауданында мұғалім болды. “Жұлдыз” журналында жұмыс істеген. “Балдырған” журналында қызмет атқарады. Қазақстан Жазушылар Одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70) Шығармалары
4- слайд. Мына балалар нені қызықтап тұр екен? Төмендегі әңгімені оқып көрейікші…. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып жоспар құру. А) Компас – сыйлық. Ә) Боданның Қайраттың компасын ұрлауы. Б) Боданның ой арпалысы. В) Компасты суға лақтыруы. Сұрақтарға жауап беру -Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар? -Балалар қайда барды? -Боданның компасқа қатты қызыққанын оның қай сөздерінен байқауға болады? -Боданның компасты алғаннан кейінгі ойын тауып оқы. Топтық жұмыс. І –топ. Боданға сипаттама бер ІІ –топ.Қанатқа сипаттама бер ІІІ –топ. Боданға хат жаз. Қандай ақыл кеңес айтар едің |
||||
| Сергіту сәті | Интерактивті тақтадан «Қара жорға» видеосы. | Оқушылар билеп, сергіп алады | |||
| Ой толғаныс |
5- слайд 1.Жаман аттан аяғым артық, Жаман жолдастан таяғым артық. 2.Өтірік айтып жағынғанша, Шыныңды айтып жалынғаның артық |
||||
| Рефлексия | 1.Сабақта не үйрендіңдер? 2.Қандай тапсырма қиын болды? 3.Сабақта не ұнады? |
||||
| Үйге тапсырма | Әңгімені оқып, мазмұнын әңгімелеу.Адалдық туралы 5 мақал-мәтел жазу. | Күнделіктеріне жазады. | |||
| Бағалау | Оқушылар еңбегін бағалау. | ||||
