Тыйым сөздердің қазақ халық фольклорындағы экол огиялық көрінісі
Ақтөбе облысы, Темір ауданы
№6 Шұбарқұдық негізгі мектебі
7-сынып оқушысы Базарбай Әсел Базаралықызы
Жетекшісі: Қадырова Эльмира Әбдікамалқызы
« Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті қазақ мәдениеті» Назарбаев Н.Ә.
«Адам мен табиғат арасындағы үндестік толыққа жуық үзілген бүгінгі таңда экологиялық мәселе кім- кімнің де қабырғасын қайыстыратын қасіретке айналып отыр»- деп жазды
Т. Бүтіншінов. Көшпелі өмір қазақ халқын мәрттікке, суырып салма шешендікке, табиғаттың кейбір дүлдей күштеріне төтеп беретін қайсарлыққа, ата–бабалардың қаны тамып, асыл сүйектері жерленген ата жұртты қадірлеуге үйретті.
Белгілі мәдениеттанушы ғалым Ж.Х.Ғабитовтың пікірі бойынша , қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептілік жүйесіндегі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.
Экологиялық дәстүрді зерттеу адам мен табиғаттың қарым –қатынасының ежелгі тәсілдерін байқауға, әсемдік идеясының таралу дәстүрлерін, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге байланыстырылды .
Қазақ халқының экологиялық дәстүрлерін зерттеу нәтижелігі жөнінде пікір туғызған
Ә. Марғұлан былай деп жазды : «мал бағып сахараны қоныстаған тайпалар көк, жер-су , от, ай тағы басқа сұлу мүшелерді ерекше қадірлеп отырған». Шоқанның айтуынша, бұларды терең зерттеп , игілікті іс шығару келешектегі ғалымдардың міндеті. Ал Б. Қанарбаева ғұрыптық фольклордағы наным–сенімдердің ықпалымен экологиялық тиымдардың пайда болғаны жөнінде жазады . Осындай пікірлер халықтың экологиялық дәстүрлерін қажеттілігіне идея таратады. Мұнда мысалдар қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиетінің шығармаларында , мәдениеттану, этнографиялық сипаттағы еңбектерде жие ұшырасады .
Экологиялық дәстүрлерін зерттеу қажеттілігіне идея таратады .
Экологиялық дәстүрлерді зерттеу адам мен табиғаттың қарым қатынасының ежелгі тәсілдерін байқауға әсемдік идеясының таралу дәстүрлерінің халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған.
Ұлттық экологиялық дәстүрлерді зерттеуде үш кезеңнен тұратын жұмыстар атқарылу керек.
- Халықтың дәстүрлі экологиялық мәдениетінің тарихи негіздерін, яғни бастауларын тану , зерделеу , талдау .
- Осы кезге дейін табиғат қорғау маңызын сақтап келген факторларды яғни экологиялық тиымдар мен ырымдар , жоралғыларды атап көрсету.
- Қазақ халқының табиғат өнімдерін аялау , қасиеттеу туралы ережелерін түсініктерін жинау және ғылыми жүйеге келтіру .
- Экологиялық дәстүрлер туралы мәліметтерді , оларды жоғалтып алған халық арасында тарату.
Табиғат қорғау дәстүрлері жөніндегі материалды экологиялық экспедицияларда жинауға болады . Мәселен : нені сұрау керек ? Нені білу керек?
- Адамның табиғи ортада өзін ұстау ережелері: «обал» , «сауап» , «тыиым», «ырым», «жоралғылар» .
-
Аңыз әңгімелер , экологиялық тиымдар жөніндегі болған оқиғалар , табиғатты аялау , сақтау немесе қалай сақтауға болады деген түсініктерге ерекше назар аудару.
-
Табиғаттың белгілі күштеріне табынуды , адамның олармен бірлігін уағыздайтын әдет – ғұрыптар мен мерекелер . Мәселен «Көш» , «Наурыз» мерекелері.
Қалаған тақырып бойынша материал жинау жоспарында қазақ халқының дәстүрлеріне негізделген , еңбектерге ерекше назар аударылды. Менің алдыма қойған мақсатымда сол өткенғасыр мәдениетін наным – сенімдерін , қоршаған ортаны қорғауға бағытталған дәстүрлік ерекшеліктерін зерттей отырып , халық даналығынан пайда болған экологиялық ырымдар мен тиымдарды тану , өткенді білмей болашаққа ұмтылу мүмкін емес.
Сондықтан зерттеуіміздің барысында мәдениет экологиясына арналған , белгілі мәдениеттанушы Т.Х. Ғабитовтың , оқушылардың экологиялық тәрбиесін ұйымдастыру жөнінде жазған В.Фоминнің , Г.Невзоровтың еңбектерін тәкелей басшылыққа алдым. Сондай –ақ фольклористтер : Б. Қанарбаеваның , С. Иегулованың еңбектеріне сүйендім. Қазақ халқының мәдениетін , тарихын , өнерін , этнографиясын зерттеген Ә.Марғұлан, Ө,Жәнібеков , Х. Маданов, С. Кенжеахметов , Д. Шоқпарұлы, А.Сейдімбек, Д.Кішібеков , поляк саяхатшысы Б.Залесский сынды ғалымдар мен өнертанушылардың зерттеулері мен бірге ұлттану тұрғысынан еңбек жазған Ж.Т. Бүтіншиновтің еңбектеріне үңілдік.
Қазақ халқының өмір тіршілігін, салт –дәстүрін, әдет –ғұрпын этнографиялық реңмен , қазақ халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, аңыздармен, мақал -мәтелдермен, мысалдармен көрсетілді.
Зерттеу барысында қалған тақырып бойынша материал жинау, талдау, күнделік толтыру, өзіндік іздену , қорыту, түйіндеу, ғылыми негіздеу, иллюстрациялы көрнекіліктер әзірлеу секілді ғылыми әдістерге сүйіндім. Сөйтіп, бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан қазақ халқының табиғатты қорғауға бағытталған дәстүрлі мәдениетіне көз жетті.

