:«Мәңгілік Ел»-тарихи негіздері
Ақтөбе облысы Темір ауданы
№6 Шұбарқұдық негізгі мектебі
7-сынып оқушысы Тілепина Нұрайым
Жетекшісі: Қадырова Эльмира Әбдікамалқызы
Мәңгілік ел-тәуелсіздігі бар, елі тыныш,бейбітшілікте өмір сүріп жатқан елді айтады. Сонымен қатар болашағы жарқын елді де айтады. Мәңгілік ел қатарына біздің еліміз Қазақстан да кіреді.Қазақстан елі көркейіп ,жайнап келеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қолынан келгенінің бәрін жасап жатыр. Бұрынғы заманда Н.Ә.Назарбаев сияқты Күлтегін деген қолбасшы болған. Ол елді көркейтіп, кедей адамдарды бай қылып, аш адамдарды тойындырып, киімі жоқтарға киім беріп, бүтін етті. Күлтегін алдына қойған мақсатына жете білді. Халықтың батасын, ақ тілегін алды. Игі іс жасағандықтан өзі өлсе де, аты мәңгілікке есте қалды.
Сонымен қатар қазақ елін мәңгілік ел дейтін себебіміз, еліміз тату-тәтті өмір сүруде. 1991 жылы өзінің сан ғасыр армандаған тәуелсіздігін алды. Қазіргі таңда біздің елге қызығушылар өте көп. 2017 жылдың 10 маусым-10 қыркүйек аралығында «EXPO 2017» атты әлемдік көрме өтті. Бұл көрмеге әлемнің түпкір-түпкірінен адамдар келіп, көрмені тамашалады.
Біздер өз елімізді мақтанышпен айтып, өз елімізді қорғап, әлі де көркейтіп, табиғатын сақтап, жақсылықтар жаcауымыз керек.
