Досыма хат
Ақтөбе облысы Темір ауданы
№ 6 Шұбарқұдық негізгі мектебі
5-сынып оқушысы Амангелдиев Әбдінұр Әлнұрұлы
Жетекшісі: Қадырова Эльмира Әбдікамалқызы
Қалайсың, досым? Денсаулығың жақсы ма? Сабағыңды жақсы оқып жүрсің бе?Ендеше саған қояр бір сұрағым бар. Адам несімен көзге түседі? Әрине адамгершілік қасиетімен. Демек, саған осы туралы айтамын.
Қазіргі заман-білімділер заманы екенін өзің де білесің. Заман жылдан жылға дамып келеді. Бірақ адамдардың адамгершілік қасиеті керісінше жоғалып бара жатыр.Олар үлкенге құрмет,кішіге ізет дегенді ұмытқан. Қанша білімді болса да, адамдығы, адамгершілігі төмен. Тіпті адамгершілік қасиеттің не екенін де білмейді. Олардың тек меңзегені – байлық. Олар бизнеспен айналысады. Бизнеспен айналысқан кейбір байлар адамгершілік қасиеттерді түсіне бермейді. Ондай қасиеттерді кедейлер көбірек түсінеді. Өйткені олардың жағдайы төмен болған соң, еңбек етеді, басты нәрсе еңбек пен адалдық екенін біледі. Олар еңбектеніп, адал жолмен ақша табады. Сондықтан олар ең соңында байлыққа жолығады. Сондықтан екеуміз де жақсылық жасап жүрейік. Сонымен қатар адамгершілік қасиетті бағалайық!
