«Бастауышпен қоштасу» Мерекелік жиын. Сценарий.
Түркістан қаласы, Некрасов
атындағы №9 мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі Баймен Жанар Ерзаққызы
Бастауыш – бастамам
Алдарыңызда Некрасов атындағы мектеп-гимназияның 4 «А» сынып оқушылары және сынып жетекшісі ұлағатты ұстаз Баймен Жанар апайларымен бірге. Қарсы алыңыздар!
Вальс
Кіріспе сөз.
- Құрметті ата-аналар,әріптестер,сіздер біздің бүгінгі «Бастауышпен қоштасу» салтанатты мерекелік жиынына жиналып, қуаныш бөлісіп отырсыздар. Алдарыңызда отырған балалар осыдан төрт жыл бұрын ата-аналары мен әже-аталарының жетегінде көздері жәудіреп келген кіп-кішкентай бөбектер еді.Енді, міне, бойлары да, ақыл –ойлары да өскен бастауыш мектепті бітіріп жоғары класқа аттанғалы отырған саналы оқушылар. Той иесі шәкірттеріме сіздердің
- Аттарыңыздан құтты болсын айтып, сөзді өздеріне бермекпін.
1.б. Маржан
Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.
Өмір деген үлкен жолда тарландар
Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2.б.Әлиасқар
Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасар,
Азамат боп,кешегі сәби – еркелер.
3.Роза: -Иә, бүгін бізде қуаныш, бүгін бізде үлкен той. Өйткені төрт жыл бойы білім беріп, ой-санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа тәрбиелеп білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш мектеппен қоштаспақпыз.
4.Балнұр.
Алғаш рет өзіңнен,
Білім алды балалар.
Оқу сырын өзіңнен ,
Біліп алды балалар!
Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Бастауышқа бар бала,
Алғыс айтып жүреді.
5.Бақдәулет
Ақыл,сана біліммен,
Өнеріме сенемін.
Арым таза ақкөңіл,
Адалдыққа сенемін!
Абыройлы ақ ниет,
Адамдыққа сенемін!
6.Нұрсұлтан
Еңбек етсем ертеңгі,
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер,
Бақытыма сенемін!
Достық іс пен қасты да,
Жеңеріме сенемін!
- Аруна
Жеміске құты тола ма?
Бір-бірлеп теріп алмасаң.
Әп-сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал: білім боларын,
Шам,шырағың жолыңда
Көлге айналған бұлақтың,
Том-том болған кітаптың
Басы болған бастауыш.
Құрбыласпыз Ұл-қызымыз
Тұрғыласпыз Үлгіліміз
26-мыз Бос өтпейді,
Бір класпыз Бір күніміз.
Күлімдейміз Еңбекшілміз,
Бір бақшаның Шебер қолды,
Гүліндейміз Өрнекшілміз.
Таланттымыз Нар ұланбыз,
Қанаттымыз Алуанбыз,
Жақсы оқимыз Боксшымыз,
Сабақты біз Палуанбыз
Тал егеміз Білімдіміз,
Гүл егеміз Ілімдіміз
Өзгелерге 5-ке өтуге
Өнегеміз Дайынбыз
Құрбыласпыз
Тұрғыласпыз
Тату-тәтті
Бір класпыз.
ХОР. «Бастауыш – бастамам» Сөзін жазған Несіпкүл Өтебаева.
«Қуыршақ» биі. Орындайтындар:Банура,Мөлдір,Ж. Шолпан,Жанна.
8.Ақниет.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да ұстаздар алдында бас иеміз.
9.Ұлбосын
Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстім ұстазымның есімін.
10.Айман
Үйретіп алғаш бізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
11.Б.Шолпан
Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.
12.Банура
Оқытты ұстаз анамыз,
Өсті білім санамыз,
Білгіш ер боп өсетін,
Біз бақытты баламыз.
Бойымызда бұлан күш,
Еркін өскен ұланбыз.
Оқу-білім үйреткен,
Ұстаздарға мың алғыс!
4
«Өрнек»күйі.Орындайтын: Бақдәулет.
Жеке орындауда. « Ұстазым» әні. Орындайтын сыныбымыздың әнші жұлдызы Жанай Шолпан.
«Домбыра» биі. Орындайтындар:Аруна, Маржан, Гүлназ, Балнұр,Ақниет, Роза.
13.Мөлдір
«Кел ,балалар, оқылық» өлеңін ұранға айналдырған біздің сынып Ыбырай атаның шығармаларын,өлеңдерін сүйіп оқиды.Мына өсиет өлеңді тыңдап көрейік.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған .
Сауысқанның тамағы,
Шоқуменен табылған.
Өнер білім бәрі де,
Оқуменен табылған.
Көрініс. «Жаман жолдас»
Мақалдар:
Абылай.Жақсы жолдас жарыққа шығарады,
Жаман жолдас батпаққа батырады.
Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.
Досыңды мақтағаның,
Өзіңді жақтағаның.
Жалған достан – жау артық.
Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
5. «Әзілкештер» Болашақтағы КВН жігіттері.
1.Көріпкел 2.Өтініш. 3.Алмадай. 4.Түркістанның жігіттері. 5.Ұрылар. 6.Теледидар көру. 7.Сотка. 8. Қарлығаш. 9.Качок. 10. Тасбақалар сайысы.
«Испан» биі Орындайтындар: Айман және Шолпан.
Ана тілім – Абай тілі. Абайша сөйлеп, Абайша ойлаубізге парыз.
14.Талғат
«Ғылым таппай мақтанба»
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Тілеуің өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек,өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ.
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек,терең ой,
Қанағат рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жамандық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
15.Сымбат
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Бастауышым мәңгі саған басымды ием.
- 16.Тазабек
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
17.Нұрдәулет
Сахнаға сәуле сеуіп, шуақ құйған,
Сарқылмас, бойымызға қуат жиған.
Сүйікті гимназям – білім ордам,
Сыйлаған шәкірттерге мұратты иман.
18.Жанна
Бұлқынтып, жан сарайда дабыл екпін,
Құлшынтып,көкейдегі қабілетті.
Қадірлі алтын ұям – гимназиям,
Қастерлі армандарды лағыл еттің.
19.Ерқанат
Игертіп өнер-білім,
Дамытып шеберлігін
Өмірге құлаш ұрған
Шыбықтай бүрі ашылған.
Бақытты бала шағым,
Жемісті болашағым.
Ән.Хор. «Гимназиям» Некрасов атындағы мектеп-гимназияның әнұраны.
- БердібекАрмандай білу өмірді сүю,өмірді сүю мақсат қоя білу.Арман мен мақсатбақытқа жеткізері сөзсіз.
Корабльді басқарып,
Көк жүзінде самғасам.
Тауды бұзып тасты жарып,
Мұхиттарды жалғасам.
21.Асанхан
Таңдандырып бар елді,
Ғажап үйлер сала алсам.
Жасартатын әжімді,
Дәрі де ойлап,таба алсам.
22.АБЫЛАЙ
Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріңе!
23.Шолпан
Шіркін-ай әнші болсам,
Кәдімгі күміс таңдай.
Шіркін-ай батыр болсам,
Айбатты арыстандай.
- ӘЙГЕРІМ
Шіркін-ай күйші болсам,
Бал тамған бармағынан.
Шіркін-ай биші болсам,
Шығып бір арманымнан.
25.Гүлназ
Шіркін-ай ғалым болсам,
Тілдескен даналықпен.
25.Тұрған
Алдымен білім деген,
Бәйгеден озып келсем.
Актердің білім көріп,
Бүгін де батырдың да,
Өзіне білім керек.
Оқудың озатыны,
Арман да таяу болар.
Білімнің боз атына
Мінбеген жаяу қалар.
«Ча-ча»биі. Орындайтындар:Банура,Мөлдір,Ж.Шолпан,Жанна,Ұлбосын,Сымбат,
Айман,Шолпан.
ХОР. «Қош бол, бастауыш мектеп» Әнін жазған Айнұр апай, сөзін жазған Несіпкүл апай
Вальспен кіру Несіпкүл апайдың сөзі.
Маржан, Әлиасқар,Роза,Балнұр,Бақдәулет,Нұрсұлтан,Аруна
Құрбыласпыз,Тұрғыласпыз,26-мыз бір класпыз т.б.
Маржан:ХОР. «Бастауыш – бастамам» Сөзін жазған Несіпкүл апай.
Әлісқар: «Қуыршақ» биі. Орындайтындар:Банура,Мөлдір,Ж.Шолпан,Жанна.
Ақниет,Ұлбосын,Айман,Шолпан,Банура.
Әлісқар: «Өрнек»күйі.Орындайтын: Бақдәулет.
Әлісқар: Жеке орындауда. « Ұстазым» әні. Орындайтын
сыныбымыздың әнші жұлдызы Жанай Шолпан.
Әлісқар: «Домбыра» биі. Орындайтындар:Аруна, Маржан,
Гүлназ, Балнұр,Ақниет, Роза.
Мөлдір
Маржан: Көрініс: «Жаман жолдас» Ыбырай Алтынсариннің шығармасының желісі бойынша
Мақалдар айту.
Маржан: «Жан досым» әні.Орындайтындар:Әліасқар,Талғат,Бердібек.
Маржан: «Әзілкештер» Болашақтағы КВН жігіттері.
1.Көріпкел 2.Өтініш. 3.Алмадай. 4.Түркістанның жігіттері. 5.Ұрылар. 6.Теледидар көру. 7.Сотка. 8. Қарлығаш. 9.Качок. 10. Тасбақалар сайысы.
Маржан: «Испан» биі Орындайтындар: Айман және Шолпан.
Талғат,Сымбат,Тазабек,Нұрдәулет,Жанна,Ерқанат.
Әлісқар: Ән.Хор. «Гимназиям» Некрасов атындағы
мектеп-гимназияның әнұраны.
Бердібек,Асанхан,Абылай,Ж..Шолпан,Әйгерім,Гүлназ,Тұрған
Маржан: «Чача»биі.Орындайтындар:Банура,Мөлдір,Ж.Шолпан,Жанна,Ұлбосын,Сымбайман,
Шолпан, Әлісқар. ХОР. «Қош бол, бастауыш мектеп» Әнін жазған Айнұр Жусипбекова, сөзін жазған Несіпкүл Өтебаева.
