17 January, 2018 22:59
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы,
Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тайтенова Шахиза Қалдарханқызы
Коучинг сабақ жоспары
| Сабақтың
тақырыбы |
Оқыту үшін бағалау арқылы сыни тұрғыдан ойландыру | |
| Мақсаты | Мұғалімдердің сұрақтар арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауына ықпал ету | |
| Күтілетін
нәтижелер |
Бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру негізінде, мұғалімдер коучинг сабағының соңына дейін, сын тұрғысынан ойлау туралы білгендерін ортаға сала отырып, толық мағлұмат алып, сын тұрғысынан ойлау және Блум таксономиясымен толық таныс болады. | |
| Түйінді
идеялар |
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақтардың маңызы ерекше. Сыныпта әртүрлі сипаттағы сұрақтар қойылуы үшін оқушыны оған үйретіп қана қоймай, сонымен бірге сол ортаны жасау қажет. Сондықтан мұғалімдер үшін нақты стратегиялар ұсынылады. | |
| Табыс
критерийлері |
Жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік беруді үйренеді.Оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білуін қадағалайды. | |
| Сілтеме | Нұсқаулық,слайдтар,ғаламтор материалдары | |
| Әдіс-тәсілі | -Топқа бөлу,кері байланыс,АКТ,Insert,? | |
| Коучингтің өту барысы | Коучтің іс-әрекеті | Мұғалімнің іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі
2 мин 5 мин |
-Сергіту сәті.Стаканды әртүрлі етіп ұсыну.
-Топқа бөлу.Тілдесім.Ойлау.Тіл үйретудегі стратегия бойынша. |
Стаканды ұсынуда мұғалімдер сыни тұрғыдан ойланады.Тіл үйретудегі стратегияларын біледі. |
| Кіріспе
Ой қозғау кезеңі 1-тапсырма 20 мин |
«Сыни ойлау – 2050»бейнетаспасын көріп,көріністі талқылып ортаға салады.
«Болашақ студент» бейнетаспасы арқылы ой қозғау.Пікір алысу.Нақты идеяны таптырту. «Блумның сыни тұрғыда ойлануды талап ететін стратегиясы»презентациясын көрсету |
Бейнетаспадағы көріністерді тадқылайды.Идея ұсынады,дәлелдейді.Нақты идеяны табуда зерттеушілік жүргізеді.Сыни тұрғыдан ойлана отырып,көзқарастары өзгереді.
Блум таксаномиясы туралы түсінік қалыптастырады.Сыни ойлаулары дамиды. |
| Мағына тану
2-тапсырма 20 мин |
«Жаман мен жақсы»тақырыбында постер жасау,қорғау.Бірлескен топтық жұмыстағы диалог жүргізу. | Сыни тұрғыдан ойлана отырып,Блум таксаномиясын қолдануды үйренеді. |
| Бағалау
3 мин |
Постерге екі жұлдыз,бір тілек жазу. | Бағалау арқылы өзіне керек жетістіктерді алады,өзінің осал тұсын мойындап,дұрыстауға бағыт алады. |
| 3-тапсырма
5 мин |
«Сыни тұрғыдан ойлану»презентациясын көру арқылы зерттеушілік әңгіме жүргізу. | Сыни тұрғыдан ойлану туралы ұғынады. |
| 4-тапсырма
5 мин |
Сыни тұрғыдан ойландыру үшін «Жұмбақтарды»шештіру | Ойларын жинақтайды. |
| 5-тапсырма
15 мин |
Әңгіме. «Әке мен немересі»тақырыбы бойынша сұрақтар қояды,идея ұсынады,дәлелдер келтіреді. | Әңгімені құрастырады. |
| Қорытынды
5 мин |
Сыни тұрғыдан ойлауды бағалайды. | |
| Ой толғаныс
10 мин |
Кәсіби қоғамдастық пікірін тыңдау | Өз пікірлерін білдіреді.Кері байланыс орнайды. |
