Критериалды бағалауды көрсеткен керемет семина р

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы,

Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Атабалаева Жанат Нұртілләқызы

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Сондықтан, әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру-қоғамның ең өзекті мәселесі. Ал, мұндай тұлғаға қойылатын нақты талаптар – жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық, белсенділік. Қазіргі мұғалімге осы талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.

Бұл қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау.Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.
Бағалау – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра алатын адам болуы керек.

Осы мақсатта Некрасов атындағы №9 мектеп гимназияда 2017 жылдың 24 қараша күні “Критериалды бағалау – заманауи мектептердегі оқытудың жаңа технологиясы” тақырыбында тірек мектептерінің қалалық семинары өткізілді. Семинардың мақсаты: мұғалімдердің оқушыларды критериалды бағалаудағы іс-тәжірибелерін алмасу, кәсіби білімі мен біліктіліктерін арттыру, шығармашыл мұғалімдердің озық әдістерін насихаттау.Жалпы бұл мектепке қарасты серіктес 6 мектеп, атап айтқанда №1, №2, №3,және “Серт”, “Югнаки”, “Қожанов” атындағы мектептер бар. Семинарға ҚББ әдіскері Ф.П.Ташметова, аталмыш мектептер модераторы М.Қ. Исрайлова, тірек мектептердің жаңартылған мазмұндағы сабақ беретін 1, 2, 5 және 7 сыныптарының 35 мұғалімі қатысып , игі жаңалыққа толы семинардың қонақтары болды.

Семинарда 4 ашық сабақ, оның бірі-кіріктірілген сабақ және семинар тақырыбына сай бір коучинг, бір дөңгелек үстел өткізілді.

Бастауыш сынып мұғалімдері Д.Убайдуллаева мен А.Ибрагимованың бірінші сынып оқушылармен үш тілде өткізілген кіріктірілген сабақтары өте қызықты өтілуімен де, әріптестері алар әдістердің түсініктілігімен де ерекше болды. Математика пәнінен өтілген 2 “А” сыныбы “ Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі” тақырыбындағы С.Дәулетбакованың ашық сабағы және 5 “Д” сыныбында “Аралас сандарды қосу” тақырыбымен өткен М.Ильясованың ашық сабақтары математика ғылымының қызықты тереңіне оқушыларын ғана емес,қатысушы мұғалімдерді де сапалы жоспарлануымен үйіріп әкетті. Сабақ барысында қолданылған белсенді оқу әдістері дұрыс таңдалу артықшылықтарымен қатар, оқушылар критериалды бағалауға әбден- ақ төселгені айқын аңғарылады. Ал, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б.Мұстафаеваның 7 “Е” сыныбымен өтілген “Футбол ойнайық” тақырыбындағы ашық сабағы қатысқан мұғалімдердің есінде құнды сабақ ретінде ерекшеленіп қалды деп ойлаймыз. Пән мұғалімі оқушыларды өзін-өзі басқаруға,ізденуге ,әділ бағалай білуге әбден машықтандырып,қалыптастырған. Сонымен қатар, білікті мұғалім ,әрі көшбасшы А.Бейсекованың семинар тақырыбына сай өткізген ” Жаңаша бағалау-білім сапасын көтеру кепілі” тақырыбындағы коучингтен қатысушылар бағалау туралы бай мағлұмат пен тәжірибе алды. Коучинг соңында “Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру” тақырыбымен Мамбетов Абдурайымның ұйымдастырған дөңгелек үстеліне қатысқан тірек мектептерінің көшбасшылары Елбасымыздың мақаласының дер кезінде жазылған құндылығы жөніндегі пікірлерін өрбітті .

Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет. Ал, бұл құзіреттіліктерді қалыптастыруда мектеп директоры Жаңыл Орынбаева бастаған мектеп ұжымының атқарып жүрген ерен еңбектері осы семинар барысында айқын сезіліп тұрды. Семинар қонақтары Некрасов атындағы мектеп-гимназияда өтілген “Критериалды бағалау – заманауи мектептердегі оқытудың жаңа технологиясы” тақырыбында тірек мектептерінің іс-тәжірибе алмасу мақсатындағы қалалық семинары жоғары дәрежеде ,яғни “өте жақсы” деген бағаға лайық өтілгендігін айтып, мектеп ұжымына және осындай мақтауға тұрарлық дәрежеде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушылар, осы мектептің модераторлары Гүлнара Халиловаға және Лидия Кубановаға зор құрметпен алғыстарын жаудырды. Біз де мектебімізде осындай керемет ұстаздардың көптігімен мақтана отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше