«Күзгі жапырақтар»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы,
«Балапан» ясли-бақшасы
Еримбетова Нурсауле Абилхайровна
Тәрбиеші: Еримбетова Нурсауле Абилхайровна
Білім беру саласы: Таным
Білім беру бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»
Мақсаты: Күзгі табиғат туралы түсінік беру. Ойлау қабілетімен қоса, түсті ажырата білуін, шығармашылықтарын дамыту. Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер туралы түсінік беру, тілін дамыту, табиғатты қорғау қажеттігін балаларға түсіндіру.
Көрнекіліктер: Күзгі суреттер, түрлі-түсті жапырақтар.
| Ұйымдастырылған оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалар қызметі |
| Ұйымдастырушылық-қозғаушы | Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады.
Біз бақытты баламыз Айтқан тілді аламыз Достарымды көргенде Қуана қарсы аламыз. Сәлем, сәлем,сәлем!
|
Балалалар шаттық шеңберіне тұрады.
Қонақтармен амандасады. |
| Ұйымдастыру шылық-ізденістік
Жетекші-жөндеуші |
Ғажайып сәт. Балалар бізге қонаққа Сәуле қуыршақ келіпті. Сәуле қуыршақтан сұрайықшы, неге көңілсіз екен. – Сәуле қуыршақ неге көңілсізсің? Сәуле қуыршақ тоңып қапты. Оның көңілін көтеру үшін ойын ойнайық. Дидактикалық ойын. «Күзгі жапырақтар жинау» Ойын шарты: Балалар жапырақтарды түр-түсіне қарай жинап, себетке салады.
«Жаңбыр мен күн» ойыны. Ойын шарты: Тәрбиеші «Жаңбыр» дегенде балалар қолдарын қолшатырға ұқсатып бірге жиналып отырып қалады. «Күн» дегенде орындарынан тұрып қуанады.
Тәрбиеші балаларды жапырақтарды өз түсіне қарай құрастыруға шақырады.
Тәрбиеші балаларды мақтап мадақтайды. Тәттілер таратады. |
Балалар Сәуле қуыршаққа таңырқай қарайды. Ойынға белсене қатысады. -Жаңбыр, күннің күркіреуі. -Балалар ойынды қуана ойнайды. Балалар түр-түсіне қарай құрастырады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Күзгі табиғат туралы
Түсінеді: Күз мезгілі және оның ерекшелігі туралы ұғымды
Қолданады: Әр жылдың ерекшелегін біліп, оларды анықтай алу дағдыларын.
