ҚМЖ «Қыз Жібек» жыры
Ақтөбе облысы Темір ауданы № 6 Шұбарқұдық негізгі мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қадырова Эльмира Әбдікамалқызы
| Пән: қазақ әдебиті | Мектеп: №6 Шұбарқұдық негізгі мектебі | |||||||||||
| Күні: .09.2017 | Мұғалімнің аты –жөні: Қадырова Э | |||||||||||
| Сынып: 7 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||||||||||
| Сабақ тақырыбы | «Қыз Жібек» жыры | |||||||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | (7.Т/Ж1),
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау |
|||||||||||
| Ойлау дағдылары-ның деңгейі | Білу және түсіну
Жоғарғы деңгей дағдылары |
|||||||||||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады:
Әдеби шығарманы оқып, мазмұнын түсінеді. |
|||||||||||
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Әдеби шығарманың мазмұнын түсініп,шығарма сюжетін анықтайды. |
||||||||||||
| Кейбір оқушылар орындай алады:
Әдеби шығарманың мазмұнын түсініп,шығарма сюжетін анықтап,бөлімдерді талдайды. |
||||||||||||
| Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады:
Сөз тіркестерін тақырыппен байланыстырады. |
|||||||||||
| Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Естірту,әмеңгерлік | ||||||||||||
| Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Ішкі сезім,көркіне ақылы сай, т.б. |
||||||||||||
| Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Қазіргі кездің Төлегені қандай? 2.Әмеңгерлікке көзқарасың қандай? |
||||||||||||
| Ишара: Қол созу, қол айқастыру | ||||||||||||
| Пәнаралық
байланыстар |
Өзін-өзі тану, тарих | |||||||||||
| Алдыңғы оқу | ||||||||||||
| Жоспар | ||||||||||||
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||||||
| Басы
5 минут |
«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! «Жағымды сөздер» арқылы топқа бөлінеді -Жұлдызың жансын,досым! -Бүгін қандай әдемісің! -Аспаның ашық болсын!- деп әр оқушы бір тілектен айтып шығады. «Жұлдызың жансын,досым!» -деп айтқандар бір топ, «Бүгін қандай әдемісің»-деп айтқандар бір топ, «аспаның ашық болсын»-деп айтқандар бір топ болып отырады. «Үш шапалақ» арқылы бағалау |
Қобдиша.
Кеспе қағаздар. |
||||||||||
| Ортасы
3 минут 7 минут 15 минут 10 минут |
Тапсырма. «Әдеби шеңбер» әдісі.
Бұл әдіс оқушылар бойында идея білдіру ,тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған,сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіруді көздейді. Оқушылар төрт немесе бес адамнан тұратын топ.Бұл әдіс бойынша оқушылар кезектесіп сөйлейді.Оқушыларға тақырып және сол бойынша ой жинақтау үшін бірнеше минут беріңіз.Содан кейін талқылау басталады,әр оқушы үздіксіз сөз сөйлеу үшін үш минутке дейін уақыт беріледі. 1)Талқы себепшісі-жыр бойынша 5 сұрақ құрастырады (кейіпкерлері,сюжеті,қарым-қатынас,автор позициясы, т.б.) 2)Белгілеуші-жырдың қай бөлімі ең маңызды деп санайды,ойын дәлелдейді. 3)Байланыстырушы-оқиғалардың бірін өмірмен байланыстырады,дәлелдейді. 4)Көтерілген мәселені қорытындылайды. Әр топ өз тапсырма жауаптарын жазып алады. «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалау |
АКТ
Оқулық Дәптер Парақшалар |
||||||||||
| Соңы | Үй тапсырмасы:
« Ең ізгі сезімдердің бірі-достық»шығармашылық жұмыс |
|||||||||||
| Бағалау |
|
|||||||||||
| Кері байланыс:
4 минут |
«Плюс,минус,қызықты»
|
|||||||||||
| Рефлексия
1 минут |
«Меже» стикерлерін жапсырады.
|
|||||||||||
